Жаратылыстың негізі жарықтың қозғалысынан басталып түнекті жаулап әлемдік болмыстың негізі қаланды. Жарықтың негізі ақылдан да барлық біздерге сезім арқылы анықталатын қуаттардың бәрінен де жоғары тұрған жаратушылық сипаттағы қуат, күштердің негізі болып табылады. Нұр түнектің ішінде өзінің орнын алып, нұрына ұқсас қуаттарының жүйесін яғни түнекке қарсылық сипатын ақыл, ғылымын, жаратылыстың барлық себебін жаратты. Ол күміс күлгін түсті жоғарғы сана және барлық жаратылыс бейнелерін баураушы, жеті қаннатты періште Алла тағала деп атау берілді. Алла тағалада бастапқы нұрдың құдіреті, күші, Раббылық ғаршылық сипаты да бар. Түп негізгі жаратушы Алланың Барлығы да әлемге әшкере мәлім болған жарықтық сапасында, қуат күшінде. Осы қуат, күштің негізінен екі түрлі, екі бағытты қозғалыстағы жарық шығып сол жарықтан әлемнің негізі жаратылғаны да хақ. Ал бастапқы бостық болған түнектен Алла қараңғылық түнді, түннің негізі қара түсті жаратқан еді. Бастапқы әлемнің кеңістігі мен бүгінгі әлемнің кеңістігін тең деп айтуға болмайды. Әлем жыл сайын кеңіп, түнектен жаңадан жарық шырақтарының орын алып, әлемнің де кеңіп өсіп жатқаны ғылымда дәлелденген. Олай болса сол түнектен қара түрлі қуаттың негізі жаратылуы да арта бермек. Мұны ғылымда қара бостық «черная дыра» деп атаған. Ал енді түнек күшінің, қара қуаттың жарықтың қозғалысына себепші қарсылық болса, онда бұндай жаратылыстың, тіршіліктің негізі, қасиетті киелі жарықтарды көбейтуші, адамзаттың қуаттарының да өнімі артуымен нұр несібенің жер бетіне шығумен, соған байланысты қара қуаттардың қарсылық әрекеттері жаратылып отырады. Сонымен Алла тарапынан нұрының, яғни жер ядросының сыртқа шығатын қуатының артуымен, аспан денелеріндегі шырақтардың да қызуы артып, оған қарсы қара күштердің де қарсылығы артып немесе адамзаттың жарықтық қуат өнімінің әлемге беріп жатқан әрекетінің сапасы, қуаты азайған сайын қара күштердің өнімін көбейтумен айналысып кетеді. Мұнда жағдайда күнәлі қуаттардың басымдылығымен жер әлемнің қозғалысында да, замандық уақиғаларда да өзгерістер болуына әсерін тигізеді. Мұны қияметтік сағаттар, күндер, мезгілдер деп атаймыз.
Енді ғылым да әлемнің басты шамшырағы болған күннің қайдан, қалай қуат алып, әлемнің тіршілігін нұрлы жарықпен қамтамасыз етіп тұрғанын таба алған жоқ. Ал қазақтың сөздік байлығында да, құранда да күннің жермен байланысты туылып және қара балшықты жерге батуын ертегі деп түсінеміз. Шындығында күн жерден қуат алып, жанып тұрғаны хақ. Және екі күн, екі айдың жұп болып, екі түрлі қозғалыста кеңістікте жүргенін де естен шығармаңыз. Күн түнекте жүрсе, ал айлар суда кеме болып жүзеді. Күн жерге жақындап батады, шығады, ұзындықта жүзеді, ал ай саусақ пен алақанның арасындағыдай тербелісте жүзеді. Жерді айналмайды, керісінше жер тербелісте тұрады. Сонымен жер астында 11 қырлы мұнара «призма» бар және ол жерді тербетіп тербелісте тұр. Әрбір тербелістің 45 градусқа бұрылғанында 11 түрлі нұрлы жарық қуаты теңіз арқылы күнге қуат болып қосылып отырады. Бұл қуаттың шығатын ошақтары «бермуд үш бұрышы» деп аталады. Оның да екі орны бары да дәлелденген. Олай болса күннің 11 жылдық тербеліс «циклымен» жер әлемнің тіршілігіне түсетін қуаттардың жүйелі қайталануы болса, жыл ішінде 11 реттік тоғыстар мен табиғаттың түрленуіне және 33 жылда бір дәуірлік уақиғалардың, қияметтік өзгерістердің болуы айдың әрекетімен байланысты болады. Айдың нұрлануы негізінен 11 жұлдыздың сәулесінің айдың бетіндегі қазан шұңқырларға өз реттілігімен түсуімен пайда болады. Және барлық жер әлемдік қозғалыстың реттеуші қуаты 11 жарықтық сапаның әрекетімен байланысты екенін де естен шығармаған жөн. Олай болса жер бетіндегі ақпараттық қазына Ақтың ішіндегі жеті жолдың қарсылығы жеті тозақтық қара түрмен, қуаттармен араласуымен байланысты түстердің барын және бұлардың екеуіне де қозғалысқа себепші нұрдан, әрекетінен жаратылған 4 періштелік қуаттық, қозғалыстық күштердің, жер бетінің тіршілігінің себепшілерінің жаратылысы да бар. Сонымен ең басты 11 жарықтық қуаттан барлық жанды жаратылыстың тіршілігі, ақылдың, ойдың, қылық-әрекеттердің, діннің де тазалығының жағдайы айқындалады. 11 санды жұлдыздық жұпар иісті жарықтық сапа арқылы ғана Бірге айналу әрекеті болады.
Енді есептік жүйеде; 11+11=22 (хаж); 22+4=26 (шұғара);22+7(жол)=29 (қажылық), сол сияқты 11 жарықтық сапаға қарсы 11 санды ақшыл сұр түсті, сасық иісті шайтандық қуаттардың да жаратылысы болатынын білген жөн.Сонымен сопылық таспихтың негізі де осындай 3 түрлі 11 санды қуаттық қозғалыс негізін меңгерумен байланысты да болады. Ал енді 11 санды қарсылық қуаттық жарықтың қара түспен байланысты 8 малдық қуаттармен әрекетімен, қосылуымен 19 санды тозақтық сынақтық белгінің сыры пайда болады. Бұл санды қуаттың ібілістік сипаттағы бастапқы жаратылыс негізімен де байланысты болатынын және мұның адамзаттың міндетті жүгі болып, білімдердің де қуаты болып табылады. Бұл жүкті тауларға ұсынғанда бас тартып, адамзаттың ғана жүктелгені баяндалады құранда. Және бұл білімнің негізінен Адам атамыздың бас тартқаны да аятпен ескертілген. Бірақ адамзатқа білімді меңгеру, яғни ібілістік ақпаратты тазартып кісіге, шайтанды жанға айналдыру аманат болып саналады. Сондықтан аятта; «Рас аманатты көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым (шайтаннан болған жын), тым білімсіз..» (33-72) Сондықтан мұндай қарсылық біліммен жүктелу арқылы біз неше түрлі дүниелік істерді, қарекеттерді, өнерді, білімдерді меңгереміз. Ал енді мұндай білімділікті тазартатын ілімнің тәрбиесін дінді алмай, тек қана білімнің соңына түсе берсек, оның үні және ой қуаты болған ібіліспен жүктеле береміз және азғындықтың, түнектің ұйығына бата береміз де.
Ар — Ақтан сауыт болып қонысы – ұят, күші – иман, иесі – ақыл. Ақылдың киесі – сөз, сөздің киесі – нақыл болады. Ата-бабамыздың біздерге қалдырған аманатын нақылдан түсініп, жүктерін меңгеруді дәстүрімізге сенім болғанда және амалға айналдырғанда ғана ақталады. Болмаса мұндай ұлттық дін сеніміміз жоғалғанда, ондай қоғамда екі жүзділік-мұнафықтық, күдік, күмән, үмітсіздік – мүшіріктік ахуалдың қалыптасуымен, тарихымыздағы меңгерген ақиқаттың білімін жоқа шығаруымен, ел билеушілердің білімнің соңына түсіп, дін ілімімен тазартудан бас тартуынан, надандықтың таралуымен бүкіл қоғам сорлайды. Қоғамның, жалпы адамзаттың жұпар иісті жарықтық қуатты өндіруден бас тартып, ұяттың өнімі қызылдың да тазармауынан, жанның ағарып жетілмеуінен, яғни дін шариғатынан, парыздардан бас тартудан, ұятсыздық жалаңаштықтан, арам жеуден, керісінше осындай сасық тұманды өндірумен және әлемдік қуаттардың жүйесіне де нұқсан келіп, қияметтік уақиғаның сынағы да туындайды; «Нәтижесінде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшкіріктерді азапқа салады да мүмін ерлер мен мен әйелдерің тәубасын қабыл етеді. Алла тағала аса жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (33-73) Алла тағала заман, уақыттың өзі! Барлық қозғалыс жарыққа, уақытқа тәуелді. Өлім де, ажал да уақыттың себебімен болады. Сондықтан; «Уақыт емші, бәрін түзетуші – шапағатшы!» деген дана қазақ.
Алдыңғы тарауларды уақыттың сырын 3 түрлі түрдің жағдайымен, жарықтың қозғалыс әрекетімен баяндадық. Сары түрдің негізіндегі жарықтың әрекеті қызыл түске тәуелді болып, онан жасыл түсті қуаттың өнімі де артуымен, тіршіліктің негізгі нәрі болады. Ал енді қызыл түс ақтың ішінен шығып, оның қара түспен байланысты қуаттық түрлену әрекетінің сапасы артатын болса, ал қара түс оттың әрекетімен түнектен пайда болған, жын қуатын қалыптастырады. Адам атамыздың топыр-ақтан, жан жарықтан жаратқанда мұның ішінде 7 түстің болуымен жеті қасиеттіліктің, арыстың негізі де болғаны хақ. Адам баласының қаны барлық жер бетінің тіршілігінің негізгі қозғаушы күші, өрістік тұрғыдағы денесі, жанның дәні екені хақ. Жан қуатының да үш негізді текке тәуелді болып; От, Су, Ағаш екені де хақ. Ағаш осы екі түрлі негіздің арасында жалғаушы Алланың жібі болып саналады. Ағаштың да екі сипатты жұптық белгісі болып; Днк, Рнк деп атаймыз. Енді Днк-жын қуатымен, Рнк-жан қуатымен бірі қара, бірі қызыл және ібілістік аманат жүкті меңгерумен тікелей байланысты. Бұл белгілердің бәрі адамзаттың қанында қызылда бейнеленіп, сыртқы өрісінде кебіндік «кебенек» сипатындағы жарықтық денеге айналып Ар-ақ сауытпен қорғалуы керек.
Олай болса, әрбір адам баласының қанында 11 жұлдыздық белгілердің ерлерде ақ сұр, әйелдерде қызыл қоңыр түсте болатынын да естен шығармаған жөн. Қанның тазалығы, қуаттылығының сапасы, имандылық қуаттың енуі де осы 11 жұлдыздың ағарып жарыққа айналуымен байланысты болады. Бұл жұлдыздық қуаттардың жер бетінде де мекендері, қуат алмасу ошақтары; ата-баба зияраттарымен, киелі орындармен, құлшылық орындары болған мешіттер, шіркеулермен және олардың аз, көп қуаттылық шамалары да жұлдыздармен жалғануына байланысты болады. Ал өмір сүрген жерге байланысты да, аспан әлемінде де адам баласының ұлтына, туған жеріне және өзінің жеті ата қауымына байланысты жалғанудың жібі, яғни қуаттық желісі көркем сөзден өсірілген көмес ағаштардың киелі ойпат жерлермен жалғануымен байланысы бар. Мұны ақ пен қараның өзара үйлесімді қуатқа айналуымен адамзатқа қызмет қылумен сәждемен де байланысы болады. Бұл негізіндегі бастағы 16 үн мен тәндегі барлық қуаттардың басқарылуы, яғни бастың масихы Ғиса пайғамбарымыздың үлгісімен, інжілмен тікелей байланысы бар; Аятта; «Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты. (15) Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар жаратты.» (16-16)
Сондықтан да негізінен өзендермен, таулармен байланысты қуаттық тұрғыда жалғануға жеті жолды (кемпірқосақ) ақ жолын жаратқанын растайды. Сонымен бірге белгілер болып тауда және жер бетіндегі киелі жарық шырақ жанатын нұр шығатын орындардың белгілер болып, осы арқылы жұлдыздарға жалғануды ескертеді. Қазақ ел билігі мен зиялы атты қауымның, дін ғалымдары мен масһабшылардың екіжүзді мұнафық, мүшірікке, надандарға айналып құдайдың Ақ жол ұғымын партияға айналдырып, ал мұндай ақ жолға жалғануға ата жолына келіп, ақиқатты меңгергісі келгендерді қудалап, тажалға жәрдемге тұрғанына осы бір ғана аятпен куәлік беруге болады. Және бұл бастың қуаттарын меңгеруді теріске алып, қатын, еркектердің жалаңбастықты әдетке айналдырып басты аздыруынан, жын қуаттарын тазарта алмауынан екі жүзділіктің; «Бармақ басты, көз қыстылықтан» яғни түрлі азғындық, зинақорлық, парақорлық, сөз жүзіндегі жындылықтардан да құтылу үшін де Інжіл, Тәураттың кітаптарына жалғану міндетті болады. Және бұл шындықты, ақиқатты, қайырымдылық, ізгілікті меңгеру болып; «Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып қалма, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Бір тұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48)
Құран жалпы әлемге ортақ үгіт және тақуларға насихат деген. Ал енді Құран сандық мәндерімен аяттармен бұрынғы кітаптардың ақиқатын растайды. Ал енді; «…Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып қалма, олардың ойларына еліктеме! ..» деген аяттың ұғымында пайғамбарымызға құранмен бірге жеке берілген кітаптың, уақилардың болғанын, бұл жұлдыздармен байланысты хабарлар болып жеке жол және жоба болғандықтан, құранның білімін мұндай ғылым шындығынсыз тәпсірлеп, ой жорудан аулақ болуды ескерткенді. Ал енді осы уақилық шындық кітаптың, ғылымды болудың пайғамбарымызға ғана оқылып, онан кейін тоқтаған деген дін ғалымдарының пәтуасын; «…Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы..,».Сонымен үмметтік ерекшелік; ана тілімен, ділдік ерекшелікпен де байланысты болып қазақ халқының өзіндік жол-жобасын алған елшілері, Алла достары арқылы әрбір адам баласының шындық кітабына жалғануға яғни уақи алуға мүмкіндігі бар. Және мұны игілік, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру деп атап; «…. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Бір тұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.…» Олай болса біздердің өз отанымыздағы төбеміздегі жолдармен жалғану арқылы жол-жобамызды, жер жаннатындағы әулиелерімізге аяғымызбен табанмен жалғану арқылы, төбемізбен сана қуаты өріс арқылы бір тұтас жұлдыздарға, аспандағы жолдарға жалғанып барып, қай үмметтің таңдаған жолы дұрысын айқындай аламыз. Онда біздердің масһаб ғалымдарының, имамдарының қазақ елінде дін өркениеті, тура жолы, шындық кітабын алған елшілері, әулиелері болмай, Ханафи масһабын ұстанған Имам Ағзамды ғана әулие, жұлдызымыз деп таныған дегені жалған, жала болады. Және исламды бөлшектеп шындықтың кітабына жалғанбай ой жорып, Алланың аяттарына ортақ қосумен өздерін құдай қылып теңдес жасаумен айналысатындары да хақ.
Неге десеңіз, қазақ даналығында; «Тоғыз жолдың торабында кездесу, тоғысу» керек деген. Мұның да негізгі сыры 33,33…жылдың есебімен 9 дәуір 300 жыл бір қияметтік мерзім болып аятта; «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (дәуір) арттырды. (25) Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол ненедей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды.» (18-26) Сонымен біздің ақылмен қабылдауымызбен Алла ұғымы барлық қуаттардың иесі. Және барлық қуаттардың жүйесін;- Ол деп атаймыз да; «…Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды» яғни қандайда бір хикметті оқиғалардың, хикметтердің тек Алланың тарапынан ғана болып, шындықтың жүйесін, кітабын Ол оқитыны, яғни Алланың «Өзінен» ғана шығатынын ескертеді. Ол Раббымыз болып, барлық қуаттардың атқарушысы нұрдан болады. Оның бір тұтастық сипаты жарықтардың түрленуімен «БІЗ» жұлдыздар, жолдар болып, жаннат орындары деп атаймыз. Сондықтан; «Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың.» (18-27) Енді жоғарыдағы аяттағы; 25 сандық белгінің 22+4 болып, құрандағы 25 пайғамбарлық кезеңдердің баяндалуы да қияметтік уақиғалардың кезеңі мен адамзаттың Алла алдында есеп берілетін мезгілі болып, жер бетіндегі имандылықты тезден өткізіп қайта жүйелеудің, қалыптастырудың да замандық уақыты болады. Қазіргі таңда біздер: 2000-300= 1700 жылдардағы әлемде, өзіміздің тарихымызда болған діндік уақиғаларды қайталап жатқанымыз да хақ. Қазақ халқының осы мезгілде қияметтік жағдайда әлеуметтік те, рухани дағдарысқа ұшыраған еді. Оған себеп хандардың өзара бірікпей алауыздықтың белең алуынан, дін имандылықтың жоғалуы мен ел билеушілердің имансыздық жағдайларымен байланысты десек жалған емес.
Қазір де қазақ елі осындай иманымызға тәуелді; «Төртеу түгел болмай, алты аузымыз араз болған» алауыздықтың, білімді ақыл қылған жетесіздердің билік орындарын жаулап алып, әрқайсысы өзінше «жер тәңірісі» болып, түрлі пәтуалармен қазақты құтқарымыз деп керісінше ұйыққа батырып, қара күштерге рухани құлдыққа жегуімен, әлемнің бар арсыз салтын әдетке айналдырумен шұғылданып кеттік. Сөз ұғымының құндылығын жоғалтудан дін ғалымдары мен зиялы аталған қоғамның өкілдері философ, жазушыларымыз да, ақпарат орындарын басқарушыларымыз да аз үлесін қосып жатқан жоқ. Имандылық дегеніміз сенім мен тұтастыққа бірлікте болғанда ғана, әуелі жер киелері мен 11 жұлдыздық қуаттармен бекіп, жеті жолмен 18 ғаламдық сырға жалғанумен нәтижелі болады. Және мұндай жағдайдағы біздердің қуаттық өніміміз, яғни аспандағы әрбір жаңадан пайда болған жұлдыздар болған; адамдардың жаны жаннат орны болады. Әрине бұл «Жұлдыздық» біздердің ұғымымыздағы әу деп ән салып, арсыздықтың қандай түрінен де бас тартпайтын, тек өзін керемет көрсетіп таң қалдырсам дейтін өнерлі жынды аталғандар емес, жындарын кісілікке, ақылдарын естілікке айналдыра білген, жоғарғы саналық қуатты меңгеріп ар сауытын алған, құдайдың сүйікті құлдары болған адамдардың жанымен, меңгерген ақыл парасатымен, иманымен, тектілігімен, қасиеттіліктерімен байланысты болады. Сонымен біздер мұндай киелі жарықтарды өзіміз жаңадан бастап өндіре алмаймыз, бірақ мұндай жарықтардың жер әлеміндегі барлық жаратылыста белгілі бір төменгі дәрежелі сапасы болып, оны жүктеп алып дінімізбен, құлшылығымызбен тазартып, ақылымыздың, қасиеттілігіміздің, білім, ілімділікпен, сөз қуатымен көбейтумен айналысамыз. Және бұл жарықтың біздің өміріміздегі қасиетті құдайлық хикметті «метафизикалық» көріністерін махаббат деп атаған жөн.
Сопылық мақамдарда жарға ғашықтық деген ұғым бар. Демек жарға ғашықтық осы жарықтардың негізі нұрға ғашықтық,ОЛ-РАББЫМЫЗ өзінен өндірген жарықтық қуаты арқылы әлемдік жаннатық мәңгілік түнексіз, қараңғылықсыз жарық әлеміне қосылумен нәтижеленеді. Мұндай жағдайда әрбір діннің даму үдерісі болып және бұл өркениетті қозғалыстың замандық білімнің қуатының жетілуімен байланысты да жаңадан қасиетті жарықтың түр-түстерінің пайда болумен, бұрынғы түрлерге қарағанда басқарылу жүйесі де күрделі жақсы ұйымдасқан, тектіліктің бірленген дәрежесімен, қуаттылық сапасының жетілгендігімен және қамту өрісінің, кеңістіктің шамасының артуымен нәтижесін беріп отырады. Осы тұрғыда адамзаттың жер бетіндегі дүние тіршілігін меңгерумен қатар, барлық қара қуаттардың араласуымен болатын қарсылық қозғалысты меңгеруге, ібілістік біліммен жүктеліп тазартудың, яғни 7 түрлі тектіліктің үлгісін қалыптастырған еді. Бұл жеті арыс болып, әрбір үш арыстан ұлттық үмметтік негізде бес арыстық қасиеттіліктің үлгілері пайда болып отырады. Сондықтан қандай ел, ұлт, үммет болмасын негізінен 3 жүзі арыстық сапасы болып, сол үш жүздерінен бес түрлі қасиеттің үлгісі, негізгі бес әулиесі қалыптасады.
Әрине мұндай діннің өркениетті үлгісі қазақ ұлтында сақталғаны да сөзсіз. Бұл үлгінің исламдық әлемде тұрақты тектілікке жалғану құлшылығы болып Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраж уақиғасынан үлгі бар. Алла тағаламен тікелей сөйлесу арқылы Бақара сүресінің екі соңғы аяты мен бес парыз намаздың үкімін алып келумен осындай арыстық тектілікті қалыптастыру мен бес қасиетті меңгерудің құлшылық үлгісі қалыптасқан еді. Бірақ Алланың жанынан түскен 4 кітаптың негізінде 4 түрлі періштелік әлемдік қозғалыстың адамзаттың көместік тылсымдық өмір арқылы басқарылуын меңгерумен байланысты екенін түсіне алмаймыз. Себебі метафизиканың, хикметті бастаудың 4 негізінің адамзаттың игілігіне және оны меңгеріп жер бетінің халифасына айналуға жаратқанынан хабарсызбыз. Себебі ғылымда дәлелдер болғанымен, ілімде сөз тұрғысында түсіндіруде ақылымыздың күші дами алмай кейін қалып қойғаны да хақ. Бұған себеп соңғы дін мен құранның әлемнің барлық діндерін, ақпараттық белгілерін бірлеген және барлық түсірілген кітаптардың кілті болып, сандық тұрғыда белгіленіп, тұрақты өзгеріссіз үннің сипатымен арап тілде түсірілді. Арап тілінің таңбасының құпия сырлары әлі кезге дейін толық шешілмегендіктен және құрандағы атау сөздердің ішкі сырлары бүкіл әлемнің сөздерін қамитынын да мойындамаудан туындаған.
Енді әрбір үммет заманның өзгерісіне қарай өзге ұлттардан білім арқылы сөз атауларын да алып отырумен, ана тілдік сөз байлығын, таңбасын үнемі дамытып отырумен құранды өз тілдеріне аударғанда ғана жаңадан құпия сырлардың тылсымға хикметті есіктің ашылатынын да мойындауға имандылығымыз артып, ақылымыз жете алған жоқ. Сондықтан да арап тіліндегі халықтан орта үммет болып, яғни діннің өркениетінің жоғарғы да төменгі де сатысына жатпайды, тұрақты қазығы болуы шарт болған. Ал қазақ елі үшін 3 арыстық тектілікті меңгерумен және бес арыстық қасиеттіліктер де исламнан бұрын қалыптасқан да еді. Енді мұндай қасиетті ұғымдарды түсіну үшін құран ілімінің метафизикасына да жүгіну керек. Аятта; «Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық.» қазақ даналығындағы «Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер» деген жасыл түспен байланысты ұғымның да метафизикалық, хикметті сыры да осындай аяттармен байланысы бар. «Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?»(35-27) (62) Бұл аяттың сандық мәнін зерттеу арқылы да қаншама білімнің көзі метафизикалық құпиясы да ашылар еді. 62-мәнді «Жұма» тазару дегеннің де құпиясын осы түстермен және таудың қасиетімен байланысты екенін ашық баяндап тұрғаны да хақ. Біздердің көбеюіміз, өсіп-өну мен жыныстық, малдық қуатымыз таулармен байланысты болып, барлық діндердің пайғамбарлардың алған кітаптары да тауға жалғанумен Раббымыздың нұрын көрумен байланысты болғаны да хақ. «…Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарының ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы.» (35-28) Қандай бір дін ғалымы Алланы барлық қуаттардың егесі, тәңір деп түсініп қана және қандай да бір көрсеткен, білдірген хикметінен, яғни метафизикалық құбылыстардан да үлгі алып, пайда-зиянын ажыратып меңгеру тәсілін, құлшылық ісін жетілдіре алады. Адам баласы кіші әлем. Адамзатта барлық жаратылыстың қуаттарының белгісі, түрлері, түстері ақпараттық тұрғыда өз бейнесін нейрондар түрінде түсіре алады. Сондықтан әрбір жаратылыстың нәрселерінен белгі алып жалғануды хикмет деп баяндаған Ясауи бабамыз. Және барлық ғылым, ілім, қуат көздеріне жалғануға белгілі хикметті сандары да бар…(жалғасы бар)Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/