Адамзат әлемнің барлық жанды жаратылыстарының ең жоғарғы дәрежедегі бейнеленетін қуаттар жүйесінің көшірмесі, әрі барлық қозғалыстардың ақылмен басқарылатын бірлігінің орны болып табылады. Алланың өзі сипатының ешқандай қарсылығы жоқ және 3 түрлі дәрежесі болып және барлық қарсылық қуаттарының 4-ші тұрғыда бір тұтас тәңірлік жүйемен басқарылумен; «Алладан басқа тәңір жоқ» деп атаймыз. Және жер әлемнің 6 күнде жаратылуымен байланысты, әрбір жанды жаратылыс нәрселерінің 5 қуаттық жүйеден тұруымен 6-шы тұрғыда Алла болып, аятта; «Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады…»(58-7) Олай болса, Алланың тәңірлік сипаты жұптық тұрғыда «БІР» болып, сондықтан аятта; «Алла деңдер Рахман деңдер бәрібір..» деп ескерткен. Және «Ол» сипаты жұптық тұрғыда; 2;4;6;8;10.. т.б. барлық жаратылыспен бірге өмір сүреді де адамзат үшін; «Мен-Маған» құлшылық қылыңдар деп ескерткен Раббымыз.
Ал енді адамзаттың Алланың бірлік жүйесіне қосылып тұтасқа айналу үшін де тақ сандар арқылы яғни Алланың өзінің «Бір» жүйесінің тіршіліктік өмірде, қозғалыста, метафизикалық тұрғыда; «трансформация», бейнелену дәрежесімен бірігу арқылы нәтижелі болып; Бір Аллаға құлшылық деген ұғымның сыры пайда болады. Мысалы Мұхаммед-47 санымен (4+7=11) пайғамбарымыздың мұндай тақ сандар жүйесін меңгеруін «11-111» санды аятымен белгілеген. Яғни исламдық бес парыз дегеннің өзі бес бірлік жүйені толық меңгерумен байланысты болмақ. Негізінде 7;11 бірлік жүйесін меңгеруді исламның бірлігі деп атаған. Ал енді Алланың бірлік жүйесі, қарсылықсыз жоғарғы дәрежелі жарықтық сипаты болып және оның әлемнің ішкі қасиеттердің негізінің, яғни басқару жүйесінің 3 түрлі сипаты болып; Алла тағала—заманның, дәуірлердің, барлық жанды нәрселердің жаны, адамзаттың жары, жолы, Алланың жеті қанатты періштелік сипатының өзі болады. Екінші жарық нұрдың бастауы Раббы деп аталып; жанды, барлық жансыз жаратылыс егелерің киесі, адамзаттың Раббы, құдайымыз және құранда «Біздер» деп аталып, аспан мүліктері, жарық жұлдыз, біртұтас адамдар жаннат егелері болады. Қазақ ұғымында Раббымыз-Құдай деп аталып, «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп түсіндіріледі. Ал енді үшінші жоғарғы қуаттық жүйенің; Тәңірі деп аталып, жоғарғы әлемдік жаратылыс тұрғысындағы барлық жаратылыс қуаттарын бір жүйемен басқарылуы болып және бұған қарсылық қуаттар да кіреді. Сондықтан да Алладан басқа тәңір жоқ деп әлемнің бір тұтастықта Алламен ғана басқарылатынын білдіреміз.
Біздердің меңгеруге және ақылмен қабылдап түсінуімізге де оңай болу үшін барлық қуаттардың жүйесі екі бағыттағы қарсылық қозғалыстан күн мен түн, жарық пен қараңғылық, жылу мен суықтық ..т.б. негізгі сегіз түрлі қуаттардың жүйесімен белгілі болып және жарықтық, пайдалы қуаттардың оң санды өлшемдері болып, ал қарсылық, зиянды әрекеттердің теріс санды белгісі болып; «Жұп пен таққа серт» деген Раббымыз. Сонымен барлық жаратылыстық қуаттардың адамзатқа өте зиянды жүйелері жан-жануар, хайуанаттар, өсімдіктер әлемі арқылы түрленіп, біздің тіршілігімізге, меңгерумізге бейімделіп 3,5,7,9, 11;6; 12-сандық жүйемен біз жалғануымыз, жүктелуіміз міндетті болмақ.
Ал енді бізге қандай жағдайда болсын жанымыздың өркендеуіне, рұқымыздың қуаттанып өнім беруіне (малдық, егіндік қуаттар), жындық қуаттарымызды меңгеруге ата-бабаларымыз, аналарымыз, өмірден өткен әке-шеше, ағайын, туысқандарымыздың қуаттар жүйесіне жалғану, жүктелу арқылы; тазартып, меңгеріп қасиеттілікке, тектілікке айналдыру арқылы ғана мүмкін болмақ. Және барлық адамзаттың өмірден әулиелікпен, тақуалықпен өтулері мүмкін емес, адамзаттың басым бөлігі, меңгерген қуататтық бейнелері; тозақта, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, жер анамыздың қойнында, көк қабаттарында нәсілдер (ұрықтар) тұрғысында болғандықтан да біздер мұндай қуаттарға, шерік, серіктерге тек қана Алланың сүйген құлдары, пайғамбарлар мен елшілерінің киелі орындардағы ойпаттық қуаттары арқылы тазартумен, құран аяттары арқылы ғана жалғансақ; жан, рұқымызға сіңімді, жұғымды пайдалы болулары да хақ.
Мұндай киелі орындардың талай жүздеген, мыңдаған жылдар арқылы жер рұқымен жалғанған ойпаттық қуаттардың маңыздылығын Раббымыз, Пайғамбарымызға ашық ескертіп; «Егер олардың (мұсылмандыққа, пайғамбар өсиетімен құранға) жүз бұрулары саған ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сен надандардан болма.» (6-35) Жерден тесік болып, жердің жаннаттық қабаттарына жалғанған жерлердің әлемде орындары көп болғанымен, ал көкке де сатысы бар жерлердің бұрынғы исламның алғашқы түскен кезінде санаулы ғана болғаны сөзсіз. Бұл үлгі Мұхаммед пайғамбарымыздың миғражға көтерілумен және оның Иерусалим қаласындағы мешіт арқылы ғана атқарылғанынан кейін; Мұхаммед пайғамбарымыз бен Мекке қаласында ғана бұл сатының барын, оған жалғануды қажылық қылып атқаруымызда да мән бар.
Қазақ жері қашаннан осындай киелі орындармен әлемдегі ең рухани қуатты ел болып, ислам дінінің келіп, құранды меңгерумен осындай орындарды көкке миғражға жалған қаншама әулиелердің, киелі нұр орындарға өздерін жерлеуді аманаттап отырған дәстүріміздің де негізі болып еді. Райымбек бабамыздың түйесін шөгерген жерге жерлеуді аманат қылуы мен Алаш, Бабыралы Бақанас, Алтай Жүрсін, Ізбөрі, Ұлсай Емер ата-аналарымызбен бірге Ыбрайым, Ысқақ, Жақып, Ғиса пайғамбарлардың, Мариям анамыз бен інжілді меңгерген елшілердің қазақ елінде жатуы, олардың зияраттарынан ашық көрініп, бейнеленіп жатқан хикметтерін надандар ғана мойындаудан бас тартып қазақ ата жолын, құдай патшалығында өмір сүру дін дәстүрін соттап, қудалап, күні бүгінге дейін заңмен тежеп отырғандардың, қудалауға ат салысып жүрген дінші, зиялы қауымның өкілдерін; Алланың лағнеті атып, азаппен жоғаламын дегенше де халықты дүние байлығымен алдап, ақпараттық тұрғыда жалған деректермен, рұқын оятпай тербетумен қияметтік жағдайдың жылдан-жылға, айда-айға ауырлай беретіні де хақ.
Әлемдік тұрғыдағы исламдық экстремизмнің негізгі себебі де; құранды теріске алумен құдайдың ісіне, хикметтеріне, аян, уахилары мен дін өркениетінен бас тартудан болып; Адамдық-әулиеліктің құны жоғалып, оның орнына жалған ібілістік білімнің, қарсылықтың үстемдігінен жанды жетілдіріп, жындық қуаттарды тазартып меңгеру құлшылығы намаздарды орындау мен намаздарды толық орындаудың (тарихат пен мағрипат) шексіздікке жалғанатын ақиқатқа жетудің маңызы жоғалып, тек намаз оқумен, масһабтық біліммен шектеліп, жаппай надандыққа түсумен байланысты екенін бүгінгі таңда ел билеуші, дінші, зиялы қауым өкілдеріне түсіндіру мүмкін болмай қалуына не себеп?
Әрине бұл надандықтың негізі сөз ұғымдарын өзгертумен барлық сөз атауларын араптан, парсыдан алдық деп құдайға, аяттарына жала жауып, қазақтың Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан жан, рұқ ғылымның, ақылды меңгерудің ата-бабаларымыздан қалған даналықтарын әулие, кісі аталған; ел билеуші үлкендердің меңгеруден бас тартып, адамдықтың басы жетенің бейнесі болатын, ұждандылықтың жоғалуынан деп білген жөн. Ал мұндай жағдайда жоғарғы ел басқарушыларына тән саналық, арлылықтың болуы да мүмкін емес. Ел басымыздың дүние ісінде ішкі дүниесіне жүгініп әрекет қылуы бұл тек қана ұлтымыздың тағдырына берілген құдайлық жобаның, мал табарлық бағыт сілтеу әрекетімен ғана деп түсінген. Ал жол табарлық қасиеттің кезінде қожалық болып, мал табар-төрелермен арада бітіспес даудың туындауымен, бұл екі араны қосатын аталық тектің, би, шешен, абыздардың өмірден өтіп, тектіліктің жоғалуынан қазақ еліне үнемі қайғы-қасіреттің, қияметтік жағдайдың тууына себеп болғаны да хақ.
Ал енді бүгінгі таңда қожа, төре деген рулық сипатқа айналып, тектің қасиеттік құдайдан ғана берілетіні ұмытылып; мал табарлар — «төрелер» білімді қауым өкілдері аталып, жол табарлар масһабшы, тарихатшы, дінші болғанымен жол түгіл, өзін танудың ғылымын, жаратылыстың құрылымын да білмейтіндер дін басшысы, дін ғалымы, имам, пір болып жүргендері жалған емес. Ал мал табарлық қасиеттері жетілгенмен, жол табуға ынтасы жоқ, сондықтан; «Ел билік діннен бөлек» деген арсыз заңмен өздерін бүркемелеп жүргендер бұрынғы жол табарлық, сөз түсіну қасиеті жетік болған, төреліктен мүлде алшақ жатқаны да хақ. Олай болса аталық текті қазақ дәстүрінің ортасынан бастап жетілдіруге тиісті ата жолын; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген мақсатпен халықтың жаппай өліп, ұйқыда жатқан рұқын оятып, жанын өсіруге бағытталған құдайдың ісін де кез келген білімсіз наданға «аққу, сұңқар» аталғандарға ұстатып қойып, оларды қудалап сынағаннан не пайда таптық?
Біздер өз ата-бабаларымыздың, аналарымыздың Алла тағаланың рахметіне бөленген жолымен жүріп, ата дәстүрін ата заңымыз қылып бекітіп, әрбір пендеге білімді меңгеру, адал кәсіппен, өнермен мал табу жолын игеру міндетті болса, сол сияқты құдайға жол табарлық, өзін-өзі танырлық білімді, ілімді меңгеруді міндетті деп, екі арасын қосып тектілігі жетілгендерді ғана жоғарғы дәрежелі ақыл айту орындарына, іс басына қоюмен ғана ұлттық сипатымызды, тектілігімізді қалыптастырумен бүкіл әлемнің көш бастаушысы аға ұлт болып қалыптаса аламыз. Жол табарлық тұрғысында; Өзімізді тану үшін жаратылысты тануға, жаратушы иеміздің бір тұтастық қуаттар жүйесіне жалғануға құлшылығымызды қалыптастырған ата жолы ата дәстүрінен артық, әлемде дін жоқ екенін де мойындауымыз керек. Олай болса, Алланың үш сипатты ғылымын бір ғылымға жүйелеп меңгерудің сыры тек қана қазақ дәстүрінен, шығармашылығынан, сөз байлығынан табылатынын да мойындау адамдыққа жатады.
Енді; қайталау білім анасы деп, бұл жазбада баяндалған ата жолын меңгеруге түстім деген аққу, сұңқар ғана емес, әрбір өзін қазақ тегіненмін деген пенденің білуге, меңгеруге, тануға тиісті жаратылыстың қуаттар жүйесіне, «маған құлшылық қылыңдар» деген сипатқа, бір қуаттық жүйенің негізіне қайта тоқталып өтейік. Сонымен Алланың үш ғылымының негізінен болып; Алла тағала-Ақ; Раббымыз, Құдай – Сары нұрмен; Тәңірлік негіз –Көк, Қызыл; және Қара түстің негізінде бір қуаттық, бір ғылымдық, адамзаттың болмысына лайық бейнеленген қуаттық жүйеге айналғанда, ашық сары жасыл түспен бейнеленіп, әрбір адамзаттың ішіндегі құдайлық болмысы, адамдық тегі; Мұхаммед-сүйіспеншілік яғни махаббатының негізі болады. Абай атамыздың; «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті, Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тәқих (сеніммен орындай ) біл. Ойлан дағы, үшеуін тарқатып бақ, Басты байла жолына малың түгіл…» Шәкәрім атамыздың «Бәйшешек бақшасы», «Ұждан» деген өлең насихаттары осы үш сүюдің жемісін, нәтижесін іштегі жарық нұрдың адамзат бой өрісімен, көңілдің ұждандық періштелікпен бейнеленуін ескертеді.
Адамзаттың өмірінде де бұл Алланың өзіндік сипаттарының көшірме ұқсастық туындысы болып; Жаны — Ақ, таза рұқы-Мен-Жасыл, тоғыз сипатты кісілігі және 9 түр түспен бейнеленген аруақтық жүйе болып, қуаттардың бір тұтас жүйесін құрайды да, адамзаттың бой өрісі, денесі, ар сауыты арқылы таза ақылмен басқарылуға, Бір-Бізге бірігіп әлемге қуат қосады. Сондықтан бой өрісіміздің толық, жарықтық сапасы таза болу үшін іштегі менімізді жарыққа шығарумен, яғни ет малымыздағы қара қуаттарды, отынымызды жағып, жеті күн-«чакраны» толық іске қосумен, құдайлық шындықтан хабар алуға арналған дін құлшылығының, ақылдың жоғарғы сапасы болған; сана қуатының дәрежесі болып саналды. Олай болса, ішіміздігі жан сарайымызды яғни тәндегі 6 ақыл ошақтарын күнәлік ақпараттардан тазартып, иман атты жаратушы нұр жарықтарымен зейнеттеліп алуымыз керек. Ақылдың ошақтары, бөлмелері болып; 1. Жете-мимен, ұйқыдағы жалғанумен; 2.Зерде-құлақ тазалығымен, дыбыспен; 3.Зейін-көз тазалығымен-жұлдызбен (алдағы күзетші) 4.Сана-төбе бой өрісімен-көк аспанмен; 5. Жат (жаттау қабілеті)-білекпен-топырақ, жермен және қос жауырынмен, тілмен біртұтас жүйе-Жадылық ақыл қуаты болады; 6. Зеректік-балтыр, тізе және көкірек тазалығымен, ұждандықпен байланысты болады.
Адам болып, бір ғылымды меңгеру үшінде; иман атты рұқ қуатын жүрегімізге зейнеттеп алу үшін тәніміздің барлық ағзалары күнәдан тазарып ақталуы, яғни қанның толық тазаруымен байланысты ғана бір тұтас жүйеге айналып, жүректің басқаруында болуы шарт. Ол үшін қанның тазалығы міндетті екені сөзсіз. Қан тазалығы терінің тазалығынан, бастағы жынның тазалығы мен ойлау қабілетінің, бой өрісінің ақпараттық қуаттылығымен байланысты болмақ. Ал енді қанға қуат болып сырттан құдай патшалығынан қосылып тұратын иманның жарығын сипаттасақ; 1. Ақылға-асу; 2. Ойға-жетек; 3. Қадамға-қуат; 4.Тілге-шипа; 5. Көкірекке сайрайтын ұждан үні; 6. Білекке-күш; 7. Көзге ғайыпты тану, аңғару қасиетін беруі керек. «Иман келтірдім» деген ұғымының осы қуаттармен зейнеттелдім, бұлар жүрегімде тұр деген уәдесі болмақ. Жүрегіміздің де екі тармағы болып; Пайғамбарымыз; «Иман 60 және 70 бұтақты болады» деп ескертіпті. Бұл иман қуаттары тұрақты болуы да мүмкін емес.
Ал енді масһаб пен дін исламдағы бес күн жалғандықты ғана меңгерумен діннің өркениетінен бас тартып, екі күнін жоғалтудан; саналық тұрғыдағы ойшылдықтың жетілмеуі былай тұрсын, жетелік ақылдың қуатының жетімсіз болып, бір ақылдық даналық естілігі бесеуі толық болмай, адамзаттың жындылықтың түрлі топтарына бөлініп алып өзара таласумен хайуандық тұрғыда өз тобының үстемдігін, білімін, құлшылық әрекетін дәріптеп, өз тобын көбейтумен, бірін-бірі жындылық тұрғыда көтермелеп, дәрежелеп және мұндай істермен әлем жұртын таң қалдырумен, мақтанмен, билікте үстемдікке жетумен айналысып кететіні де хақ. Қазақтың бүгінгі таңдағы рухани болмысы осындай жындылықтың түрлі топтарында өзара партияларға, ұстанымдарға бөлініп алған, ақпараттық тұрғыда да, жындылық қылықтармен байланысты тірлік қылып, туыстық, ағайындық бір-бірімізге деген махаббатымыз ақшамен, дүниемен, атақ дәрежелермен ғана сатылып, адамдық болмысымызды айырбастап алғанымыз да хақ.
Қазіргі зиялы аталған білімді және ілімді қауымымыз түрлі партияларға бөлініп алып, қазақтың ар-намысын жыртып жүрміз деген немесе масһаб, тарихаттамыз деген дінші қауымдардың ешқайсысы да құдайсыз яғни құдайдың жолынан тыс өмір сүріп жатқан жоқпыз деп ант су ішетіндері де сөзсіз. Ал Абай атамызға жүгінсек; «Енді біліңіздер ей перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол алла тағаланың өзіндей (ниһаятсыз) шексіз болады. Оның шегіне ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіңе шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман (жынсыз) толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса-өзің (ниһаяттылысың) шектеулісің, ол құдайдың жолы емес.» Олай болса шексіздікке жалғану ойшылдықпен Алла тағаланың өзіне, ғылымына жалғанумен байланысты болмақ. Алла тағаланың ғылымы дегеніміз таза ақыл нұр сипатымен және кереметімен, хикметімен бірге жүретін ой қуатын айтады. Әрбір біздер үшін ғайып, шексіздік болған нәрселерді біз өзімізге пайдамызға жаратып әрекетке айналғанда, ол белгілі бір шектеулі бейнесін алып, адамзат ойының туындысы болып жаратылады.
Адамзатқа өз заманына лайықты пайда болған білімдерді меңгеру арқылы; даналыққа, ақылдылыққа жетуді нәсіп қылған. Адам атамызға бірінші ақыл, даналықты, сөз ұғымдарын, жаратылыс сырын түсіну қабілетін беріп, онан Хау анамызды жаратып сонан кейін дінді, тыйымдарды, тәубені меңгеруді бергенін де естен шығармау керек. Сондықтан дінді түсіну үшін ақылдың өркениеті, елшіліктің діннің, пайғамбарлықтың алдында жүруі заңдылық. Бірақ біз ақылды қуаттандырыуға тиісті қандайда бір білімнің ойын сол қалпында тазартпай ала беретін болсақ, онда керісінше осындай білімдеріміз арқылы жаманшылықтың жолына, дінімізді аздырып, құранды теріс түсініп, жындылықтың қылығына түсіп аламыз. Мұндай жағдайда дін құлшылығыныңда масһабтық, тарихаттық, соплық сияқты білімнің жетілуіне байланысты ілімнің, ойшылдықтың өркениетін қалыптастырумен ғана біз құдай жолына түсіп, таза ақылдан қуатқа, Алла тағаламыздың бір ғылым сипатына жалғана аламыз. Бұл рухани болмысты енді; «ақылдың саналығы» деп атаған қазақ даналары. Дін біздің осындай ақылдық сапамызды меңгеруге қызмет қылуы керек. Сана қуаты, жетінші бой өрісіміз іштегі меніміздің толық бейнесі, жарығы болатыны да хақ. Алдыңғы тарауларда сипаттағандай Алла тағала ғылымының жеті түрлі бой өрістік жарықпен бізге белгілі болып, ал жарықтан сандық мәндердің туындайтыны, әрбір жарықтық сапаның, бой өрісіміздің толқындық, ұзындық, тербелістік және қуаттық шамалары мәлім болатыны да білімде белгілі.
Сонымен масһаб діншілері мен ислам ғалымдарының адамзаттың ғұмыр кітабын, қол баласын Алладан басқа, яғни қарсылық сипатқа бейнеленген қуаттық болмыстарға; қараға тән — жын деп пайымдаумен Алланың өзіне, ғылымына, құдіретті қолы, елшілігіне ашық жала қойып, Аллаға ортақ қосатынын аятта; «Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары (шайтаннан болған жындық серіктері болып) не істегендеріне айғақ болады.(24) Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын (аруақтары арқылы) толық береді. Сондай-ақ рас Алланың шындық (ашық қызыл түсті ғылымдық қуат) екенін олар біледі» (24-25) Бұл аятпен тіл мен аяқ-қолдың бір жүйе екенін де ескертіп тұр. Демек аруақтық қуатымыз, иман серігіміз, кітабымыз аяқ-малдық, жындық қуаттар сарайы болса, қазақта; «Табан астынан ашу келді, аяқ астынан ашуланады» яғни мұндай пендені аяғы тазармаған, жер анаға жалғанбаған- жынды деген.
Ал енді тіл — сезімдік, шайтандық, қандық қуатымызға және жүрекке тәуелді түрде ұждандық өрісімізбен байланып тұрса, дүние ісімен, өнермен, шығармашылықпен яғни барлық адамдық құлшылық істері қолмен атқарылып, өрістік тұрғыда бейнеленеді. Сыртқы бой өрісімен және арттағы, алдағы періштелік көз, құлақ-жүректермен бірленумен, іс-әрекетке айналуымен қызыл түсті 9 түспен бейнеленген, 14 сипатты кітаптық, кісілік тұрғысындағы ғылымның сапалық туындысы, адамзаттың өзіне тән тағдырының қуаттық жүйесі пайда болады деп түсіну керек. «Бастарыңа жамандық келсе, оны ешкімнен көрмеңдер, өзімнің қол екі ісімнен деп біліңдер» деген Раббымыз. Олай болса, алдағы жазбаларда аруақтық қызыл қуаттардың қаншалық түрлерге жалғанып бейнеленуін де зерттеп көреміз.
Әрине Алланың жоғарғы қуат иесі екенін, әлемнің бәрі Алланың мүлкі болып саналатыны, оның ішкі бір жағдайдан екінші жағдайға өтуге де қараның, жындық болмысымыздың, өлімінің әрекетімен, оның түрлі сапалық адамзаттың рухани өмірінің туындысы болып құралатын сызықтық, сандық, жарықтық сапалық тұрғыда түсіндіруге тиісті теология ғылымының аты бар заты жоқ екенін де мойындаған жөн. Мұхаммед пайғамбарымыздың көкке көтеріліп миғраждан бес парыз намаз оқумен, бақара сүресінің соңғы екі аятын, яғни бүкіл сүренің де меңгеру құлшылығына үкім алып келуінің өзі осы ғылымның (көк, Қызыл, сары) үш негізгі белгісінің бірлігін меңгеру құлшылығы екені де хақ. Енді тағы да шамалы шегініс жасап, жындылықты ақылдың қуатымен меңгерудің түркілік дәстүрін түсіндіріп көрейік… (жалғасы бар Желтоқсан 2015 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/