XXIX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 58

   Ата жолы жазбаларының қазақтың Адам атамыздан бері тектік, нәсілдік, ұлттық тұрғыда қалыптасуымен байланысты ділдік, қандық тектік тұрғыдағы сөздің қасиет, құдіретін, қуатын, құнарын меңгерумен байланысты; дін, саулық, серт, сауаптылықты меңгеру құлшылығын баяндайды. Біздердің мейлі қандайда бір дінді меңгеруміздің шамасы; Саулық- денсаулығымызбен көрніс береді. Ал енді, (ден-діл) денсаулық тән саулықпен емес, негізінде ақыл естілікпен, заманға сай надандықсыз өмір сүре білумен көрніс беруі керек. Сондықтан дені-ділі саудың жаны сау, ақ жаулықтық қуатқа жалғанумен ата –баба аманаты сертіне, уәдесіне жалғанған аманатты ақтаған болады.

Себебі мұндай адам баласында жетелігі болып, арсыздыққа ата дәстүрінің сақталмауына деген қарсылығы болып; «Қызды қырық үйден тиым, ұлды отыздан», «Өлі разы болмай тірі байымас», «Өліге иман тіріге береке бер» деген қағиданы, нәсілдік сипатымызды, Раббмызға берген әлмисақ уәдесін- СЕРТІН берік ұстап қана сауаптылық, ізгіліктің жолында болады. Сонымен осы негізгі шарттардан ілімді болудың, кісілікті меңгерудің, «төрт көздің түгел болуымен»; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген құран аятының; «…Қалған кісінің дәрежесін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір біліуші бар.» (12-76) Раббымыздың біліміне жалғанумен нәтижеленеді. Енді бұндай Алланың сүйікті құлының қатарында болуды бағзы замандарда білімді меңгеру арқылы ілімнің жолында болу кез келген пенденің қоланан келетін іс емес еді.

Сондықтанда белгілі бір әулиелік, кісілікке жеткен білімді ғылымды әулиелерді пір қылып оның соңына шәкірт болып ерумен меңгеру оңай болатын. Ал мұнан ислам дінінің бөлшектенуіне түрлі масһабтармен, сопылық жолдардың, тарихаттардың пайда болуына соқтырды. Себебі білімнің де жүйесі тармағы көбейген сайын, дін тәпсірін меңгергендердің маңдай көзі ашылып, көріпкелдігі пайда болса болғаны, санааны жетілдіруге, мағрипатта болмай-ақ, өздерін ғылымды, әулие санап, белгілі бір өткен заман жақсының насихаттарын тура жолға айналдырып, мұнан басқа Аллаға апаратын жол жоқ, деп өзгелерді теріс, қисық деген пәтуамен өз ара қайшылықтармен топтарға бөлшектеумен 72-топтың, адамзаттың қылықтық ерекшеленуінің пайда болатын пайғамбарамыз ескертіп кеткен екен. Яғни осындай санды белгімен білімнің шектері пайда болады да ақылға тосқауыл қойылады.

Қазіргі таңдағы масһабшылардың мейлі қай тобы болсын, өздерін мұндай сопылық жолдардан шектеп, тек қана құран және пайғамбарымыздың сүнеті арқылы ғана бес парыздық намаздық салтпен тура жолдамыз, деген өз ара қайшылықтардан да исламдық арап елдерінде бүлікшілдіктің пайда болуымен және өз ара соғысып кетуіне де соқтырғандары хақ. Бұған негізгі себеп жоғарғы «Төртеуді түгелдеумен» өздерін ілімді деп атайды да, біздерден ғана ақыл сұрап, өздерінің меңгерген тәпсірлерін, кісілікте жақсыларын құдай қылып алумен пайда болғанды. Қазақ елінде де дін муфтиятының ел биліктің саясатына лайық деп қабылданып (12-76) аяттағы жоғарыдан ақыл беретін Құдайдың ісінен тағайындаған ақиреттегі жаннатынан, білімді құлдарынан емес, өздерін қаталеспейтін құдай санап алғандарды билікке қойып, ғалым атап және оларды дүниеге тәуелді түрде заң арқылы қадағалу да оңай болмақ. Сондықтан қандайда құдашылыққа жалғайтын ілімнің жолын оны меңгерушілерді осындай белгілі бір білімнің жүйесін ақыл қылып алған пенделерін басшы қылып басқарып тұруға да масһаб ұстанымы ел билікке де қолайлы болғаны да сөзсіз.

Ал мұндай жағдайда әрине сопылық жолдардың негізін ұстанбақ болып, белгілі өз арасынан шыққан пенделеріне табынып, пір қылып масһабтың ұстанымына қарсы болғандарды қудалау соттау, ақпараттық орындардан үнемі сынап, мазаққа айналдырулары да ел биліктің ұстанған өздерін құдайлық ілімнен де жоғары жер «тәңірісі» деп санайтын саясатына лайық екенін ақымақ қана түсіне алмайды. Ата жолының да бастапқы кезде жаппай халық арасына тарамай тұрған кезде, қалыпты ата дәстүріне лайық деп саналғанымен, кейінен халықтың өзін-өзі басқарып құдайшыл болуынна қорыққан масһабшылардың, аруақтық ғұрыпқа ашық қарсы болуы да заңдылық.

Әрине мұндай жағдайда көреалмастықтарын жасырумен, шайтандық әрекетпен; садақа беруден халық кедейленіп қалады деп пайғамбарымыздың; «Жаным қолында болғанмен ант берейін садақа бергенен ешкім ешқашан кедей болып қалмайды» деген өсиетіне ашық жала қойғандары, олардың көреалмастықтың діннен қымбат болғаны да хақиқат. Ел билеушілердің дінен бөлек деген саясатының мал табарлық тұрғыда ғана ақылдары шектелумен, жол табарлығы болмағасын ұлттың қауіпсідіг әлеуметтік жағдайын дүние байлақпен өлшеу әділдік деп қабылдануы да заңдылық. Сондықтан ұлттың болашағы, әлеуметтің қаупсіздігін ойлайтын үлкендердің, ақсақалдардық үлгісін қалыптастыруға ата дәстүріндегі жындылықтан тазару жолына түсуден бас тартуымен де себепші болғаны хақ.

Осы уақытқа дейін ата жолдан бас тартпаған біздерді қудалап, мүлде халыққа жек көрнішті қылып жойдық дегенмен де, Құдайдың ісіне адамзаттың қарсы шығып жоя алуы мүмкін еместігіне дәлел, қазақ елінде ашық пайда болды да. Сонымен қандайда бір қияметтік кедергілерден, тосудан, бүліктерден және тозақтанда адамзатты тек қана Раббымыздан берілген ілімінен білімі құтқара алатыны да хақ. Қазіргі таңда Раббымыздың біздерге берген білімінен қазақтың әулие-әмилерінің нақылдармен аманаттап құпия сырын өздері ғана тылсымнан көрсетуге ұлықсат алған мирас кітаптарын, Раббымыздың білімінен, кісілік дәрежелері арқылы біздерге батамен, уахимен, аяндармен ашық баяндалып, 15 кітаптық көлемде жазылды. Негізінде 49 кітап болып жазылуы керек. Тылсымының, құраның 6-шы үні жындар әлемімен байланысты көптген тақырыптар арналып баяндалды.

Сондықтан да; Ата жолының негізі құлшылық істеріне осы жазбалардың түйіндемесі болған аққу, сұңқарлар тарауын, араға бір жылдай салып қайта жалғастыруда да себеп бар. Осы бір жылғы аралықта Раббымыздың білдірумен ата жол жазбаларының 7- ші кітабы үні тұрғысында; жындар әдемі, жанның қуаттары туралы «Ойға түрткі ақылға дем», «Адамзат тегінің рухани құндылықтары» «Имандылық пен сенім ерекшелігі», «Дін аралық татулық», «Көркем мінезділік» деген тақырыптарда қазақ ұлтының ділдік білімінен, жындылықты меңгерудің сырларынан мағлұматтар бердік. Бұл жазбалардың бәрі қазақ даналықтарын, нақылдарын астарлы сөздерінің құпияларын осы замандық білімен қайта бейнелеп тарқату тәпіштеп түсіндіру ғана.

Себебі Раббымыздың ілімі, үнсіз тілі, Мұса пайғамбарымызға тікелей сөйлескен оттың тілі, тылсымының жеті үні мен жанның жеті сипатымен дәрежеленіп қазақтың саналық ақылын меңгеруі тек қана әулие-әмилер, пірлер, машайықтарға ғана емес, жалпы түркі нәсіліне ортақ рухани құндылық, дін дәстүрі болып Ясауи бабамыздап бастап қалыптасқанды. Сондықтан да, ата жол жазбаларында беріліп жатқан мағлұматтардың негізінде бабаларымыз меңгереген саналыққа, яғни құранның жеті үніне жалғанумен байланысты болмақ. Бұл үндерді меңгеру үшін; Абай-Шәкірім, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласұн, Әл-Фараби даналықтары Ясауи бабамыздың іліміне хикметті білімдердің сандық тұрғыда ақпараттық жүйесіне жалғанумен маңызды екені хақиқат. Олай болса, Раббымыздың біліміне ену үшін, масһабпен тек қана Имам Ағзам арқылы немесе белгілі бір сопылықтың жолын қушылардың, ғалым сопысын пір қылу арқылы, кісіліктің дәрежесін тірі пендеден, қолтығынан өтіп жалғанып аламыз, деген ұғымынның өзі қазақ ұлтының есті адам баласына надандық қана болуы керек. Оған дәлел жоғарыдағы (21-76) аяттың үкімін алда тәпіштеп дәлелдеп көреміз.

Енді осы жеті үннің әрекетінде қалыптасқан қазақ даналығының ақылдық қуатының жете, саналық тұрғыда, әлемдік жан тану ғылымнан ерекшелігін түсіну арқылы ғана ата жолының мақсат мүдесін анық түсіне аламыз. Сонымен құран арап тілінде Мұхаммед пайғамбарымыздан бері діннің негізі болды, дегенімізбен, шындығында құранның насихатын сүрелердің үгітімен әлемнің бүкіл тарихын шежіресін, адамзаттың өмір тәжірибесін мен құлшылықтарының қалыптасуын құранның түсу мерзіммен ғана баяндайды. Бірақ болашақта осы уақиғалардың дәуірлік тұрғыда қайталынуын ескертеді. «Жаңбыр сияқты сендердің араларыңда айналдырамыз» деген.

Олай болса, Хижра жыл санауы осы оқиғалармен біздің күн тізбелік заман тағдырымыздың тоғысы болып саналады. Демек діннің ортасы құранның түскен мезігілі боып арпатарда болса онда діннің өркениеті жаңдан уақиғалық еркшелігмен, бұрынғы нәсілдердің өмірге қайта келуімен ақпаратық тұрғыда бірленуі арта бермек. Ислам діні әлемдік жан тұрғысында өсуі кеңуі шартты. Сонымен қазақ халқының тарихына, шежіресіне үңілсек; қай замандардағы, қандай әдет-ғұрпы болсын, үнемі жалғасы түрде дамумен, алдыңғы діндердің салттарының құндылықтарын да сақтаумен, жалғасты түрде барлық жер бетіне түскен 8 діннің құлшылықтық, сәжделік тұтастық негізін қалайтыны да хақ.

Сондықтанда қазақтың діні толық исламның бірлігі болып саналуымен бірге алға қарай өркендеп отыруға да Құдайдың ісін меңгерумен байланысты тарихат, мағрипат, ақиқатпен өркендеуі де заңдылық. Ал шариғатық тұрақты дін ісі болған масһабтық ұстанымдар оның мешіттік тұрғыдағы намаздарының бөлшегі ғана болуы шарт. Құранның негізінде адамзаттың ақылын жетілдірумен, (12-76) аятына, Жүсіптің жолында болып, дүние ісінің алуан түрлі салаларын да Құдайдан аян, уахи жоба алып, өмір сүру әдеттерімен, құлшылық істерін жетілдірумен, ал уақыт өткен сайын күрделеніп, қарсылығы да көбейген білімнің жүйесін әрбір пенденің өзі жүрегімен түсініп, сұрағына тікелей жауап алып қана ойлана білуімен адамдық қасиеттерді меңгеруге жол ашуы керек.

Адамзаттың метафизикалық тұрғыдағы қуаттарының жүйесі әлемнің көшірмесі және жер бетінің барлық жанды жаратылыс егелерінің бір тұтастық жүйесінің негізі болады. Сондықтан жер бетінің қандайда да бір ауа-райының өзгерісі, табиғаттың түрленуі, немесе түрі апаттардың, аурулардың барлық замандық оқиғалардың себебі, адамзаттың тағдырына тәуелді. Ал әрбір адам баласының тағдыры сол заамнда жазылған емес, ол жеті атадан алған рухани тектеремен байланысты. Ал жеті аталықтың ұлттық текпен, ұлттың тағдыры әлемдік тектілік арыстық жүйеге жалғанып тәуелділікте болуын ескеру де керек. Осындай тізбектік жүйені Алланың бізге иіріп берген жібі болып, оны қайта тарқатқанды қатындық яғни текті сатыу деп ескерткен. Сондықтанда қандайда бір оқиғалардың шығу себебін анықтаумен, оған себепшіні адамзатың өзі деп түсіну де керек.

Осы замандағы әлемнің тұрғындарының тағдыры біздерге дейінгі тарихта қалған белгілі бір кезеңдегі өмір сүрген адамзаттарының нәсілдік тұрғыда тағдырларын хижралық уақыттың жылдық белгісімен қайталаумен және осы заман біліміне, өмір сүру ерекешелігіне қарай бейімделуімен байланысты, салтымызға жақсылық, ізігіліке Алланың рахметімен, ал жамандықтармен, арсыздықтарға азабы, сынағымен жауап алып отырамыз. Қазақта; «Құдайсыз қуарай да сынбайды» деген бұндай тағдырлық байланыстық исламдық бірлік жүйесін.

Сонымен әлемдік тұрғыдағы адамзаттың жер әлемнің жағдайына байланысты бүгінгі тіршіліктің тағдырымыз күн жүйесіне тәуелді болса, ал рухани өміріміз жандық сапамыз хижра жүйесімен түндік мезгілімізден, күнің қызарып батып түнге енген шындық жарықты қайта тауып жалғанумен байланысты. Ол үшін осы екі уақытың жүйесінің арасынан үшінші уақыттың мезігілі әрбір пенденің ата-баба тағдырымен байланысты көктегі жұлдыздарын тауып жалғану үшін жер бетіндегі зират орындарына хаж орындаумен жалғанып, екі уақытты да меңгерумен басқаруға да жете аламыз. Жұлдыздардың күн тізбелік мерзімге ай арқылы әсер ете алатына ғылымда дәлел жеткілікті. Адамзаттың рухани өмірі жұлдыздардың қозғалысына айға беретін әсеріне әрекет ете алуы да хақ. Олай болса жер бетіне түскен нұрдың жере анадан шыққан нұрға тәуелді болуында да заңдылық бар.

Мұндай кісілік дәрежеге тағдырын тазартып басқаруға жеткен біртұтас адам балаларының Раббымызға жалбарынып, жаңбырды сұрап алып қуаңшылықты тоқтауға, немесе ауа райының керә әсерінде тоқтам беруне тілегінің қабыл болуына жете алады. Яғни жер бетінің тұрғындары өз ара исламдық бірлікті меңгеру арқылы, өздернің тағдырына да құлшылығымен, Раббымызбен тілдесу арқылы әсер берумен, әлемдік уақыттың басқару жүйесіне де жалға алады, қуат қосады. Үшінші тұрғыдағы тағдырлық ата бабалар меңгерген жадының белгілі есімдерімен байланысты ерік жігерлік қуаттық жүйе болып саналды. Діннің бірлігін меңгеру үшінде біздің сол замандарда өмір сүрген Алланың сүйікті құлы бола алған барлық арыстар жадына жалғанумыз керек. Мұны пайғамбарымызға да мирас тұрғысында берілген сүнеттерінің негізін қалған жан ғылымынан Алланың ақ пен қараны иірген жібіне жалғанумен байланыстты қалыптасады.

Ал мұндай жіпті біздер өткен заманның белгілі бір кезеңінде өмір сүрген әулиенің Алланың құлының еңбектеріне сүйеніп тура жол деп атаудың өзі дін бірлігіне қарсылық зұлымдық болып табылады. Біздер өзге діндерді меңгерген ата-бабаларымызды арыстарды былай қойғанда; Мұхаммед пайғамбарымыздың кезінде өмір сүрген және тікелей дәріс алып, сахабасы болған бабаларымыздың тарихи жадына, есіне жалғану арқылы ғана исламның тәпсірлік білмінің ақ қарасын пайда зиянын, қарсылықтарын ажыратуға мүмкіндік аламыз. Ақ арыстық жүйеге Мұса пайғамбарымызға жалғанып тәураттық құлшылықтарды білімін меңгеруді тарихат ғылымы деп атаған дұрыс. Тарихатта болуды; 1. Ақ арыстық белгі; 2. 7-қасиетті меңгеру; 3.Шежіреден хабар алу; 4.Табаны таза болу; 5.Жер ана рұқына жалғануы; 6.Төрт көзі түгел болуымен нәтижесі болуы керек.

Ал мағрипаттық ғылымға жалғануды; 1. Сан ғылымын меңгеру; 2. Жетесіздіктен ада болу; 3. Жетлік сатыларды толық меңгеру; 4.Тұңғиққа бойлау, теңізден гауһар тас алу; 5. Дарбоздық қасиетті меңгерумен тақуалық дәрежесі болуы керек. Сонымен мағрипаттық кісілік дәржені меңгеру арқылы ғана құдайлық ақиқатқа жалғанамыз; 1.Алладан аян алумен; 2. Түйсіктің толықтығы, түгелдігі (бой өрсін толық меңгеру, ар сауыт алу); 3. Тор торлаулық (Дәуіт пайғамбарлық қасиеттілік); 4.Абсолюттік белгіні (мәңгілік өмірге жолдама)меңгеру; 5. Қазан-ошақтық қуаттық жүйені толық меңгеру; 6. Сегіз жолға жалғану. Құс жолы; 7. Материяға, жер ядросына Раббылық нұрға жалғанумен байланысты болуы керек.

Сонымен ақиқатқа жету үшін, қазіргі таңдағы білімді қауымының құр білімнің негізінде емес; Дін-Саулық-Серт-Сауапты меңгеруміз арқылы; Уақыт-Бірлік-Өлшем сипатымен жалғанып хикметті білімімен хал ғылымын меңгерумен жалғыздыққа, даналыққа, тұлғалыққа пайғамбарамыздың шапағатшылығына тұрған Алланың достарына жалғанып, белгілі бір әулилердің біздерге жоғарыдан жол көрсетуші пірлігіне жете аламыз. Мұндай жағдайда әрине екі аралық дәнекер жалғаушы қуаттық жүйенің; Әруақтық-Жерлік қуаттарымен байланысты тәндік қуаттардың бірлік жүйесі болып, уақытша жоғалатын тозақта өмір сүретін нәсілдік сипатта болады. Ал бұндай біздің ата бабамыздан жаннатқа өте алмай қалған әруақтық қуаттарына, рухни жүк тұрғысында жалғанып меңгеру арқылы ғана біздер жер ана рұқына жалғануға мүмкіндік туады.

Мұндай жағдайда тылсымының тарихатынан сырларын ата-бабалар меңгерген хикметті білімдеріне, мирас кітаптарына жалғанып, Алланың нұрынан үлес алуға мүмкіндік туады. Әрине бұл қазақтың ата дәстүрі болып «Өліге иман тіріге береке бер» деген діннің бірлігін қалыптастыруға тұру үшінде мәңгілік уақытқа жалғанған әулие-әмилердің, пайғамбаралардың, елшілердің Алла достарының аруағына жалғануымыз керек. Сонымен; Аруақ— арлық қуаттардың жүйесі болып, ар тазалығымен, мәңгілік жан ұжданмен байланысты болады. Қазіргі таңдағы ел басшымыздың «Мәңгілік ел жобасы» деген осындай қазақ тұрғындарының бәрін арлы ұжданды қылу деген ұғымды береді де ал іс жүзінде алдаумен дүниеге байлап, әлемнің арсыздық салтына бірігуді дәріптейді.

Ата жолын соттап қудалануының негізгі себебі де, ібілістің жобасына сай; Уақыт-бірлік-өлшем атты бір қуат шындықпен аруақтық тұрғыдағы адамдықтың қасиеттерін меңгертпеу, ұлттың ділін төмендетіп шариғатқа байлап қойу үшін жасалған саясат еді. Сондықтан дін масһабтық тұрғыда; Дін-саулық-серт-сауаптың «Төртеуді түгелдеу» жүйесінің әруақпен байланысты жер ана рұқына ізгілікті істермен, артық хайыр жасаумен, ата-баба әруақтарының жүктерін меңгерумен атқарылатын намаз орындауларын «серік қосу» атап қазақ еліне қияметтің үкімінің түсуіне себеп болды десек те жалған емес.

Бірақ бұл жағдайдың негізгі себепшілері, ібілістің ықпалына жаппай халықты байлаумен, ата жолының үлгісін, ғылымын меңере алмаған аққу, сұңқар, сарбаздар біздер болып саналуымыз да керек. Сонымен жаратылыстағы әрбір нәрсені жұбы парымен жаратым деген ұғымға сәйкес әруақтық, аруақтық әлемдерді меңгеру арқылы ғана Бір әлемдік жүйеге аспандағы жұлдыздар әлеміне «БІЗ»-дерге жалғанудың құлшылығын, шариғаттан жоғары тұрған тарихат, мағрипатты меңгеріп, ақиқатқа жетуді, көктегі құс жолына, мәңгілік өмірдің бастауына тағдырымызды жалғауды, аталар жолы деп атайды. Әрине ақыл өзінің шамасы жетпейтін кеңістікке шығыуды қалмайды да шайтаннан болған жындардың ықпалына, белгілі бір білімнің жүйесімен негізделіп, тура жолдық қисығына түсіп кетеді… (жалғасы бар. Қазан айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *