Ата жолының алағашы кезде әулие–әмбилердің ақ батасымен халықты жаппай жамандықтан тиылып, жақсылық ізгіліктерді меңгеруге шақыруымен байланысты болғанмен, негізінде ата бабалардан қалған сопылық тақуалықты меңгеру арқылы қазақ дін дәстүрінің әулиелік жолын қалыптастырумен құдай патшалығының үлігсін әлемге паш ету керек еді. Ол үшінде әуелі дін исламның бес парызы намаз оқуларымен, масһабтық тәпсірілік білімді меңгерумен аруақтардың көрсетумен ескіргенін тастап, тозғанын жамап, заман қарсылықтарына, күнәдан ақталуға, тағдырды тазартуға байланысты тарихат, мағрипат құлшылық істерін жетілдіруде міндетті болды.
Алайда сопылық әулиелік жол түгіл, дін ісінде масһабтық дінші ағайындарға қарағанда, дін дәстүрі құлшылығымызды меңгеру өте әлсіз болғаны да хақ. Сонымен киелі жерлерге зияраттау арқылы күәдан тазару, әулие-әмбилер батасы арқылы ақталумен ғана шұғылданумен ғана айналысып кеттік. Бірақ бұл құлшылық амалдары тарихатпен мағпипаттық амалдармен құдай патшалығына енуге, ақиқатты түсінумен байланысты да еді. Сондықтан ислам діншілері мен муфтият тарапынан қазақ дәстүрінің бұл ескіліктің ғұрыптары болып, «серік қосу» аталуы да қудалануы да заңдылық. Басты себеп, ата жолының сүйенетін білім кітабы жоқ, құранмен пайғамбар сүнеттерімен дәлденбеген, бес парызды меңгермей дінде адасу секталық бағыт болады, деген пәтуа болды.
Исламдық ұғымда құранмен ескертілмеген, пайғамбарымыздың сүнетімен бекімеген құлшылықтың қай түріде Аллаға теңдес жасау, ортақ қосу деп түсіндірілген. Бірақ бұндай оқиғаның бұрында болғаны, құранда аяттарының астарлы мағынамен берілгені, бұрынғы замандарда сөз ғылымының өзге ұлттардың діл білімі жетілмегендіктен, тек арап халқының пайғамбарымыздың кезінде қалыптасқан діл білімнің түсінігімен шектеліп қалғанды. Құранның насихаты ашылу үшін, арап елінің діл білімі, қазақ тіліне аударылғанда тілдік білім болып, оның ішкі сырын ойдың үнін тапқанда ғана діл білімі болып, қазақ сөз ғылымы арқылы ғылымдық тұрғыда кітабы болып құпия сырлары ашылуы керек.
Сондықтанда дін ғалымдарының ана тілі, ділін ой үніне жалғанып толық меңгермей, арап елінің ділдік ұғымын, сол қалпында алуымен, қазақ тіліне ділдік ұғымда аударылған Халифа Алтай аудармасын насихаттық тұрғыдан ой үніне жалғана алмады. Қазақ діл білімінің жеті үні қазақтың жырауларында, ақындарында нақыл мен мақал даналықтарында тұрғанында білген жөн. Егер бұл ділдік жүйеге жалғанбағанда, онда жетелік, саналық ақылдың жетілуі де мүмкін емес, олай болса құранды ұғыну, түсіну де болмайды. Сондықтанда араптық орта топтық рухани деңгейге жалғануға шариғатты, масһабты жол деп түсінумен ислам дін ғылымының өркениетін терістеумен, құранның да аяттарын теріс ұғынуға соқтырғаны да хақ. Бұл пәтуамызға ашық дәлел; «Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін уахи, аян келмейді, құдайдың жол-жобасын алумен байланысты елшілік ісі тоқтаған» деген көзқарасты қалыптастырған еді.
Мұндай жағдайда белгілі бір заманның жақсыларын, әулиелерін ғана құдай қылып алу да, дін құлшылығының бұлжымас заңдылығы. Дін ісінің, шариғат білмнің қателіксіз болуы мүмкін емес, сондықтан да Құдай ісі, құдайшылдық, Раббымыздың білімімен заманға қарай құранның құпия аяттары білімдері де ашылып отыруымен, дін амалдарын жетілдіріп отыру тоқтаған емес, тоқтамайды да. Алайда құдайдың жолында, құдайшыл болып, ислам дінінің өркениетін алға жылжытып отырған түркілік нәсілдер, негізгі мирасы қазақ елі болып саналады да. Сонымен құдайшыл болудың құлшылық амалдары; Бағзы замандарда рұқтан тікелей хабар алумен, адамзаттың жаппай күнәнің, әзәзілдің ықпалына түсумен байланысты өлім сатысынан өтуге, Ғиса пайғамбарымыздың інжілмен християндық дінді түсірумен ақиқатқа жалғанумен байланысты болды.
Адамзаттың өркениеті қазіргі ғалымдардың түсіндіргенінде жабайлықтан емес, керісінше жаратылыстың сырын меңгерумен ақиқаттан басталады да, замандар өте білімнің жетілуімен қайшылықтар пайда болып ақиқатты меңгеруді арасы ұзай бергені де хақ. Мұны әлемнің кеңуіменде байланысты екі аралық жаратылыстың, қарсылыққа түскен адамзат нәсілінің де көбейуімен байланысты деп түсіну керек. «Адамға білім бердік ол оны алмады. Адамды төзімді таппадық» деген астарлы аяттың осы жағдайды білдіріп тұрғаны хақ. Себебі Адам атамызға жаратылыстың барлық құпиясы ақиқатты үйреткен еді Алла тағаламыз. Сондықтан ақиқатқа үздіксіз жалғанып келе жатқан сақ, ғұн ұрапақтарының ортасын алған қазақ елі еді. Біздің аталармыз ілімді меңгеруге, ақиқатты тануға қабілетті болғанмен, білімге меңгеруге деген қарсылығы болғаны да дүниелік өркендеуден кешеулдеп қалуға да себеп болғаны хақиқат.
Сонымен Тәураттықтар да Раббымызбен тікелей тілдескен Мұса пайғамбар арқылы ақиқатқа оңай жалғанушылар сопылар, ғалымдардың көп шықаны хақ. Онан кейн Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларға ақиқаттың даналығын бергенін құранда баяндайды. Кейін бұл аралық ажырап адамзат, қарсылық білімнің артуымен, кәнәнің де ықпалы артып қарсылық ойлы білім арқылы да жүктелумен ақиқатты тануды қойғанда Ғиса пайғамбар Інжілді Құдай патшалығына жалғануды ақиқаттың дінін алып келгенді. Сол кезеңдерде Тәураттықтар біздің бүгінгі масһаб діншілері сияқты, тек Тәуратқа ғана жүгінетін кітаптар және әулиелер өсиеттерімен көрсетілген намаздарын орындауды парыз, деп түсініп, уахи, аятты аянмен алумен амал қылуды ақиқаттың танымы құдайшылдықты мойындамай, олардың «парызшылдар» деп аталуы да, бүгінгі муфтиятықтармен ұқсастық бар.
Ал Құдайдан жаңадан құлшылықтың түрі заманың білімінің, түрлі дүние ісінің қылықтарының артуына байланысты бағзы замандардағы адамдық, әулиелікке жетілдірген құлшылықтар енді жындылыққа білімге айналып, оның түрлі қарсылықтары да пайда болғанды. Сонымен інжілдің түсумен байланысты християндық құлшылық түрі алдыңғы екі кітаппен бірленіп атқарылуы керек болғанмен, аз ғана сахаба-елшілермен әулиелердің үлгісімен, сопылық тұрғыда қалды да біртұтас дін болып, дамымай да қалғаны кейіннен түрлі топтарға бөлініп алып, мүлде адасуға түскені де хақиқат.
Бірақ бұл діндердің бәрін негізінде Алланың қасындағы құранның кітаптары болып жеке-жеке ат алған еді. Құранның біртұтас кітап болып оқылуымен, барлық діндердің бірлігі Ислам болып аталып, Мұхаммед пайғамбарымыз, негізінде інжілдіктер мен тәуратты меңгергендер және зәбурлік тұрғыда пұтқа табынып кеткендердің басын біріктіріп, бір тұтас дінге ұйыта білді де, оның ортасын бес уақыт намазбен, бес парыздық үлгімен шариғат дін ісін меңгеру болып қалыптасқаны да хақ. Сондықтан да ол замандарда Мұхаммед пайғамбармыз арқылы ақиқатқа жалғану қарапайым исламдық бес парызбен де атқарылғаны сахабалардың меңгергені де хақ. Жанға қожалық қылудың құранның шоқтығы Бақара сүресімен байланысты болғанына да өсиеттер бар қалдырған.
Сонымен құран аяттарының құпиясы ашылуымен байланасты да қарсылық білімдер пайда болып оның ақиқатқа жалғанумен арасы 72 қадам болатынын да пайғамбарымыз ескертіп кеткен еді. Ақиқатты меңгеру үшінде екі аралық тарихат және мағрипат сатысының пайда болуы да заңдылық. Әрине барлық діндерді белгілі бір рухани қуаттарды меңгеруге арналған тән, мал тазалықтарын сақтауға деген әдет-ғұрыптық шариғат ісі болғаны да сөзсіз. Ал бұл шариғаттың барлық амалдары қазақ халқының діні болып қалыптасқаны да «бес таңба, Ізбөрі» тәңірлік даналықты меңгеру болып қалыптасқаны оны пайғамбарымыз хақиқат деп атаған да екен. Енді бұл жағдайды құранмен байланысты талқылап өтейік.
Сонымен қазақ діні негізі болған «Бес таңба» шариғаттың хақиқатын меңгеру, бүкіл адамзатқа ортақ адамдықты жетілдіру және бой өрісін үнемі таза ұстаумен байланысты және намаз оқудың парыз болуы да адамзатқа және барлық дін топтарына ортақ болуы да керек. Сонымен арап елдеріне құранның тылсымдық жеті үні (7х4; Азан, Фатиха, екі жетіні қарсылықты меңгеру арқылы бой өрісін қалтастырып бойды Аллаға ұсыну) өзгеріссіз сақталуымен, бұл құлшылықтың міндетті және орта топтық дәреже үшінде бес парыздың болуы да заңдылық. Сондықтан арап елдеріне; «Мұхаммед оларға айт; «Әй кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер!» Әрине саған түсірілген құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Олай болса, тек қана құранның аяттарына жүгінумен өзге діндердің бәрін терістеуден, елшілік істерге байланысты аян, уақидан құдайдың ақиқатты жолынан бас тартумен ислам дінінде азғындыққа түсуге себеп болуы да хақ.
Қазіргі таңдағы әлемдегі ислам діні тұрғысында және қазақ еліндегі болып жатқан өз ара тартыс дау-дамайлардың бәрі, қазақ сөз ғылымын даналықтарын зертеуге ақылын жұмсай білгенде, осы аятпен ғана шешімінен жауаб табуға болады. Сонымен қандайда ел, ұлт, ру, топтар болсын, дін және оның құлшылық сәжде амалы туралы білімді меңгерумен, сенімнің белгілі бір бағытын табамыз да, мұны Аллаға ақиреттегі жаннатына апаратын, Раббымызға жолықтыратын тура жолы деп түсінемізде, мың кісі қарсы дәлел айтқанымен, бұған ақылымыз байланып, онан өздігімізбен босану да мүмкін емес. Ал ислам әлемінде християндар да, таураттық, зәбурлік діндердің жүйесін мүлде адасқан, тек қана Мұхаммед пайғамбарымыздың қалдырған сүнетті және құранннан басқаны бәрі қате, деген ұғым берік қалыптасқан оны бұзу қарапайым пендеге түгіл білімділерге де мүмкін емес.
Сондықтанда жоғарғы аяттағы; «…Әрине саған түсірілген құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» деген Алланың үкіміне байланысты исламда түрлі топтарға бөлінумен, және өздерінің белгілі бір замандағы қалыптасқан әулиелерін пір қылу арқылы, Раббымыздан түсетін әр заманға қарай аяттарын, уахиларды, аяндарды, елшілер істерін мүлде жалғанға шығарумен құранды теріске алғандарды бірі қазақ дін муфтияты масһабшылар да болып саналады. Масһабтың білімін екі жетіні қарсылықты меңгеруді, бой ұсынуды жолға санап, Имам Ағзамды тура жолдың басшысы деп және түрлі топтармен де Құдайдың орынына бір-бірімізді құдай қылумен айналысып кеткенімізді де аңғармаймыз.
Ал ақиқат жолына жетудің жолы тек қана жетімен, төбеміздегі жеті жолдарға, жеті өрісімізді қалыптастыруға, ойдың жеті қуатын, құраның жеті үнін, жеті аят азанды, жеті аят фатиханы, жете ата аруақтық жүйені, жер бетінің жеті әулиелік қуаттық жүйесін т,б хикметті білімдерді меңгерумен байланысты болуы керек. Жалпы біздірдің жер бетіндегі жаратушымызды танумен, жаратылыспен біртұтастықта болудың құлшылық аталып, оның амалдары сәжде деп аталады. Ал енді сәжденің де жетімен байланысты негіз хикметті білімі болуы шарт. Сонымен барлық исламдық топтардың құлшылық негізі болған, біздің бес парыздық сәждеміздің барлығы жеті ғана қозғалысты (сәжде; 32-7=25); 1.Тіке тұру; 2.Иілу; 3.Маңдайды жерге тигізу; 4. Отыру; 5. Сәлем беру; 6. Таспих тарту; 7. Құран оқу, қол жаю, тілек тілеу болмақ.
Құранды зерттегенде сүренің алдындағы сандық белгілерден туындайтын амалдардың бәрі көкпен аспан мүлкімен байланысты болып, аяттағы үгіт, насихат сөздер екі аралық тіршілік егелермен, ал аяттың соңыдағы сандардың жер ана рұқымен жалғанумен байланысты, деп түсіну керек. Олай болса әрбір аятың өзін жек-жеке зертегенде, сандық кітаптық тұрғыда жұбы пары болып үш түрлі сипатының барын жадыңызға тоқып алңыздар. Сонымен иманды келтірудің сүрелердің мәндері, орындарымен байланысты жеті қуаттық жүйесіне жалғанудың шартты белгісінің сәждесі намаз оқуда болғанымен, оның намаз орындаулары ізгілік амалдары да болуы шарт. Олай болса, 7-сүре «Ағраф-Қадам» болып, әрбір намаз оқушының жеті намаз орындауы, иманың жеті белгісін алуына қадам жасауымен, ізгілікпен байланысты, екі аралық қуаттық жүйеге жалғануы болмақ. Ислам ғалымдарының намаз оқумен иман келтірдік, деп пәтуа беріп, сандық мәндерге мән бермей, құранды теріске алуға себепші болып жатқаны да осындай есептік жүйеден «жетіні білмеген жетесіздіктен» пайда болғаны да хақ.
«…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) деген аяттың үкіміне қазақта; «Есеп білмеген есек» деген, яғни есепсіз білім меңгергендерді Раббымыз; «Кітап арқалған есектер» деп қазіргі таңдағы дін ғалымдарын, философ ағайындарды атауға болады. Абай атамыз; «Менде бір санды ойшылдың бірімін» деп сан ғылымын меңгермей саналы болу да мүмкін еместігін ескертіпті. Енді исламдық масһабшы, парызшылардың «Сәжде-тану» құлшылығын сандық жүйесін меңгермей түсінуден, қазақ әдет-ғұрпын, салт-дәстүрінің көптеген ізгіліктерін терістеуге, азғындыққа бұруға, себеп болған жағдайды саналық ақыл тұрғысында талқылып көрейік. Мұндай білімдерді кім де кім азда болса да жүрегіне жылудың енгенін сезіп, мұның хақиқаттық білім екеніне түсіне алса, онда онда жетесі бар деген белгі. Ал жүрегінде қарсылық болып ми ашитын болса, онда мейлі дін ғалымы немесе аққу, сұңқар болсын өз дәрежесіне лайық емес, біс күн жалғандықтың ықпалында болғаны.
Негізінде 32- «Сәжде-Тану» сандық жүйенің әлемдік қуаттық жүйеге жалғанумен байланысты болғанымен, қалған 25 белгісін сөзбен, ізгілікті істермен, ақталу тәубемен, шүкірлік амалдарымен байланысты сипаттарын мүлде ескерусіз қалдырғанымыз да хақ. Және 72 -«Жын-Анықтау, алу, жарату» қозғалыстық жүйені, жындық қуаттарды меңгеру үшінде 40 буынды жандық, жүйкелік адамдық қозғалыстық негізге жалғана білу керек. Оның да қарсылығы болып, Алланың адамзатқа түсіретін нұры саны 80 болып, ал және 8 түрді, жолдық жарықтық негіздерді меңгерумен байланысты 88 (62+26; 44х2) сәруарлық, жұлдыздық жүйеге аспан мүліктеріне жалғануды исламның қазіргі таңдағы масһабтық, басқа топтардағы білімінде кездестіре алмайсыз. Және бес уақыт намаздағы 7 жүйемен ғана көкке, әлемдік қуаттық жүйеге құран сүрелеріне тікелей жалғана салу да мүмкін емес.
Себебі әрбір сүренің сандық мәні атау сөздің алдында көктік қуаттық жүйені меңзеп тұрса, ал оның аяттарының белгілі сандық белгіден тұруымен, ішкі сыры белгілі сандық белгімен құлшылық арқылы қуатық жүйесіне кітаптарына жалғанумен меңгеріп қана, біртұтастық қуатқа айналуы керек. Олай болса, сәжде сүресінің 30 аяттан тұруымен жаратылысты «тану» қасиетінің (32+30=62) сандық белгімен ғана толық болып нәтижеленеді. «Барлық нәрсені жұбы парымен жараттым» деген Алла үкімінің бұлжымас заңдылығы да құранды зертеуде міндетті болуы керек. Сондықтан «сәжде-тану» құлшылығының жұбы 62-сүре «Жұма-Наным, сенім» және 26-сүре «Шұғара-Жол тізбек» болып насихатталуы керек.
Енді 62 сүренің 11 санмен байланысты аяттары болып, әрбір ұлттың наным сенімі 11 сандық діл білімен байланысты пайғамбарлары болатын ашық баяндаған. Қазақтың даналығында; «Тектінің сөзіне толқыған жүрек, Алпыс екі тамырдағы байлауды шешеді, Не арпалысқан ойлауды шешеді. Алла «Тектінің» жүрегіне береді, Тілегіне себеді, төзіміне сенеді!» (Айыр қалпақ Айдаһар бидің өсиетінен) Бұл өсиеттің «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген көк аспан мүлкімен құс ілімен байланысты, пайғамбарлық ісін басушы жанға қожалық, төрт көздің түгелдігі әлемнен тегіс хабардар болу, деп түсінген. Мұның қазақта қожалар руының пайда болуына қожалық қасиетті текке айналдырып құранды терістеу деп түсіну керек.
Себебі аятта; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла зор кеңшілік иесі» (62-4) деген үкімді өзін қожамын дегендер түсініп оқулары да керек! Енді жетелі болу үшін 62 тамырдағы шайтаның 62 жерден байлайын немесе саналық қуатқа жалғануға бастың «Ақ төбелік» яғни Ғиса пайғамбарлық ақталудан өтуді меңгеру керек. Яғни 11 сандық белгіні, қуаттық жүйені меңгеруді қазақтың жұмасы деп түсіну керек. Қазақ ұлтының пайғамбары болып «Һұт-әділдік сипаты», Мәлік Сыдық бабамыз болғаны Ақтөбе обылысында зияратының болуы 11-109 аяттың қазақтың әулие-әмбилердің аруағына табынып, құдайға сыйынуын растап тұрғаны да, масһабшы діншілердің, ел билеушілеріміздің зұлымдыққа, азғындықа түскенін растар тұр.
Енді қазақ дәстүрі ата жолының нанымы сенімінің қалыптасуын; 1. Бір дегенім білу-Білімділік; 2. Екі дегенім егеу-Еске алу, Естілік; 3.Үш дегенім үстік-Үндік қасиет; 4.Төрт дегенім төстік-Қол өнер; 5. Бес дегенім бесік-Тербелістік қуаттық жүйені, көбейуді меңгеру;6. Алты дегеніміз асық-Қадам, адымдау (Қадым ілімі, рұқтық жүктерді меігеру, жер ана рұқына жалғану) 7. Жеті дегенім желке-Қасиет (ата баба жадына, әруақтарға жалғану)8. Сегіз дегенім серке-Шеберлік (Сегіз қырлы бір сырлы болу) 9.Тоғыз дегенім торқа-Түйін шешу (Тоқсан ауыздық тобықтан түйінін білу) 10.Он дегенім оймақ-Орта қоғаммен бірілікте тұтастықта болу. 11. Он бір қара жұмбақ-Жындық қуаттарды меңгерумен табаның ақталып ағарумен Мұхаммед пайғамбарымыз шапағатшылығына жалғану болмақ. Және 62 тамырдағы, бастағы 21 белгі түйіндерді, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» шеумен байланысты деп түсініу керек.
Сонымен қазақ дәстүрінің шариғат негізі осындай сандық жүйемен бекігені де хақ. Және бұл сәжде намаздарының пары болып, құс іліммен Раббылық білімге жалғануды 26-сүре «Шұғара-Жол тізбек» аталуында да хикметті білім бар. Барлық құлшылықтарды меңгеруде құран арқылы сөздің құдіреті мен қасиетіне жалғану маңызды болмақ. Сөздің 8 және 13 белгіден пайда болуын білсеңіз, онда Ясауи баба сани дәптерде 13 сандық сөз киесін меңгерумен байланысты насихаталған. Қазақта бұл киелікті; «Ақыл алтыда ой жетіде» деген. Абай атамыз 13 сандық белгімен имандылықты меңгеруді насихатапты.Мұндай сандық ғылым тұрғысында құран ғылымын меңгеру арқылы исламдық діншілердің қазақ дәстүріндегі әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрдің барлығы құранмен негізделгенін де аңғаруға болады.
Бұл білімді ата жолындағы аққу, сұңқар, сарбаздардың меңгеруі арқылы, әлемдегі исламдық, масһабтық, тарихаттық топтардағы қайшылық пәтуаларына да сандық ойшылдық ғылым арқылы құранды түсіндіре білуменде ашық соққы беруге де керек. Себебі қазақ дәстүрі сопылық тұрғыда ақиқат негізінде қалыптасқандықтан намаз оқушы алдымен ізгілікті сәждесі болуы керек. Ал ізгілікті болу үшінде күнәдан ақталумен, рухани жүктерді меңгеруге білімін меңгерумен ата-баба естелік жадына, жеті ата шежіресіне жалғануға тұру шарт болмақ. Мұны иман келтіру деп атағанмен, қазіргі таңда қай дін топтарында мейлі ата жолында болсын алдымен жеті жамандықпен, жеті жақсылықты меңгерумен байланысты болуын мүлде ескерусіз қалдырылған.
Сонымен жеті жамандық; 1. Жауыздық; 2.Жарға бағынбаушылық; 3. Жасықтық; 4. Жек көздік (жынылық қөзқарас); 5. Жақсыдан жиренушілік; 6. Жабырқаушылық. 7. (Жүптеу) Жасқаншақтық; Бұл жетеудің әрбір күнәкар пенденің ақыл ошақтарын жаулап алуымен байланысты, мұны намаз оқып тазарту мүмкін де емес. Сондықтанда ата жолында ордаларда тазарту жұмыстары, әулие-әмилерді зияраттау қағидасын үйретіп, керуенге шығарып көпшілікпен бірге болумен және шариғаттың да істерін меңгеруге, дәрет, киім, бой тазалығын сақтауды меңгертуді үйрету шарт. Бірақ мұны үйретушінің де өзі дін тақуалығын меңгермесе жамандығынан арылмаса, онда соңына ергендерді де дұрыс жолға салуы мүмкін емес.
Сонымен ата жолы арқылы жамандықтан тазаруға және жеті түрлі жақсылықты меңгеруді әрауақтың қуаттық 14-сандық белгімен байланысты ата-бабаларымыздың қасиетілік жүйесіне, кітаптарына жалғану болмақ. Бұл құлшылықты масһаб діншілері жеке-жеке тәпсір тұрғысында түсіндіргенімен бір тұтас жүйе құрып оны құранда; «Ыбрайым жолы» деп атағанын ескере білмейді. Бұл жолдың отпен, рұқтың жүйесімен, тау таспен байланысты болғандықтан ордаларда шырақ жағумен, қамшымен аластау мен тағы басқа тазару істері және зияраттау арқылы жер ана рұқын меңгеру болмақ. Сонымен жеті жақсылықты меңгеру сипатын; 1. 7-ру белгісін алу. Ауыз бірлікте болу; 2. Жетелік; 3. Жасампаздық (қол өнер, шеберлік, мандық қасиеттер); 4. Әр нәрсенің байыбына бару; 5. Тоғышарлықтан ада болу, заман талабына үйлесімді болу; 6. Алла хикметімен жүздесу; 7.Жанға дауа табу;
Мұхаммед пайғамбарымыздың алғашқы кезде исламның жаңадан құлшылық әрекеттерін қалыптастыру барысында халықты намаз оқуға емес, әуелі жамандықтан тиылып, жақсылық ізгілік жасауға шақырғаны, оның құранда «Ісіра-белгілеу» деген сүресімен баяндалады. Олай болса, пайғамбарымыз 17 (10+7) сандық белгіні меңгеру арқылы ғана миғражға көтеріліп, сонан кейін үш түрлі намаз құлшылығына үкімді алып бекіткенді. 17 сандық белгі тозақ пен жұмақ арасындағы аралық кезеңдік қуаттық жүйені меңгеру ісі болады. Енді жеті жақсылықты меңгерумен 10 сандық көктік белгінің де 10-сүре «Юнус-тұтыну» болып, Жүніс пайғамбарамыздың «Тоны көк білекті қаһан» аталып, он саулық байлықты меңгерудің үлгісін қалыптастырған біздің бабаларымыз екені де білген жөн…(жалғасы бар Қараша айы 2016 жыл)