XXXIII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 2

Ата жолын діншілер мен ел билеуші білімді қауым тарапынан қудаланып; «Ала аят» деген секталық топқа қосып, соттаудың да артында қазақ дәстүрін зерттеп, білім тұрғысында меңгеруде шығармашылық қауымен, философия мектебінің құлықсыздығында, надандыққа рухани негізделумен, білімді қауымның алты аузы ала болуымен де байланысты болғаны да хақ. Ал негізгі себепші ата жолына келген қауымдардың қазақ даналарының насихаты мен ата дәстүрін тақуалық тұрғыда меңгеруден бас тартуы мен білімін меңгеріп, халыққа түсіндіруден жалқаулық танытудан, деп білген жөн. Әрине мұндай жағдайда шайтан жамағаттары мен ібіліс ұрпақтарына айналған басқарушылардың мұндай қателікті оңай өз пайдасына шешумен аяқталды да.

Енді бүгінгі таңда ата жолының қазақ дәстүрінің әлемге де үлгі рухани көш бастаушысы болуға да, Алланың қазақ еліне ерекше берген нығметі болғанын, білім тұрғысында жартылай болса да дәлелі жарыққа шыққанмен, бұған неге білімді, ел билеуші қауымдықтар мән беруден қалған, деген сауал да бар, есті оқырмандар арасында. Бұғанда негізгі себеп; қазақ ұлтының, білімді қауымдықтардың рухани ояна алмай, өздерінің меңгерген білімдерін ақылға айналдырып, жындылық топтарға бөлініп, ақылдың негізделіп алуынан, «есектік» еріктіліктен болып жатқаны сөзсіз. Бұл жағдайдың дәлдердін «Ойға түрткі ақылға дем» тақырыбында тоқталып баяндап көрдік.

Қазақ дәстүрінің сәждесі масһабтық тұрғыдағы шариғатты дін ісін меңгерумен, бес парыз оқумен ғана шектелмейтіні және қандайда бір ата жолының бүгінгі таңдағы сәжделік намаз орындаулары құран аятымен, пайғамбар сүнетімен және әлем діндерінің барлық құлшылық негіздерін құрайтыны да хақ. Шариғатшы парызшылдар сәжде ұғымын тек қана намаз оқумен иіліп, маңдайды жерге тигізумен байланыстырады. Қайталай кетсек; «Сәжде –Тану» жаратылыстың барлық ашық, көрнеу, құпия, жасырын сырларының хикметті біліміне қуаттық, имандық жүйесіне жалғанып, меңгерумен байланысты болуы да хақ. Ол үшінде әрбір пенде өзін-өзі тану сәждесін меңгеріп, яғни рұқ, жан және малдық қуаттарының бес қуаттық жүктерді қалай меңгерудің әдіс, амалдарын, сақтану жолдарын тану арқылы ғана әлемдік жаратылысты тануға, сәждесіне көзі ашылады.

Сәжде ұғымының имандылықпен байланысты екенін пайғамбарымыз; «Егер мен үкім берсем, онда әйелдің еріне сәжде жасағанын қалар едім» деген өсиетінің әйелге иман, еріне қызмет қылумен келетін білдірген. Сондықтанда діншілердің қазақтың әдет-ғұрыптық амалдарын «серік, шерік» деп атауларының өздерінің құранды түсініп оқи білмегенінен пайда болғаны да хақ. Енді әрбір пенде өткен шақтың әдет-ғұрпыннан, салт-дәстүрінен, адамдық қасиеттерінен бір құпия сыры болып, яғни жалғыздық тұрғысында қасиеттілігін сақтаушы болмақ. Сондықтан да өткен шақтың тағдырына жалғану сәждесі арқылы жүктерді, қараңғылыққа түскен қасиет, тектерді жарыққа шығару арқылы тазарту арқылы болашаққа орын босатады.

Ал, өткен шақтың тағдырына жалғану үшін де, сол кезеңдегі қуаттық жүйеге, ата-бабаларымыздың естелік жадына, тағдырына, жанның халіне ене білумен, және өмірде жолаушы, сапардағы кісілікті меңгерумен байланысты болмақ. Ата жолында үнемі жер кезіп ойпаттарды аралау арқылы жаның халын, тағдырын кісіліктеріне жолығуды іздеумен, меңгерумен байланысты болмақ. Мұса пайғамабарымыздың өзінің қауымын судан өткізіп құтқарумен 40-жыл бойы үнемі көшіп жүрулерінде де осындай ұлттық нәсілді өзге нәсілдік кісіліктермен жалғаумен, жер ана рұқын меңгерумен байланысты құпия жан ғылымының сыры бар еді. Ал қазақ ұлты үшін өзге елдерді аралаудың да бұл заманда керегі де болмай, барлық керекті өзге ұлттық нәсілдік екі аралық қуаттарды өз жеремізден табуға болатын заманға да жеттік.

Сонымен исламның бірлігін меңгеру дегенімізде, арап еліне түскенге дейінгі тарихатқа жалғанумен байланысты болса, ал қазіргі таңда бұл дін өркениетінің шамасы, Алланың жібі тарихи шежіреміздің де ұлттық ерекешелігімен әлде қайда ұзын, ұзақ және күрделенгені және заманға сай білімнің қуаты артуымен ақыл-ойдың, естіліктің қалыптасуы да; құдайлық жобаға, аян, уахиларға тәуелді болуы да хақиқаттың ісі болмақ. Және Алланың мұндай дін жібін заманың уақиғаларымен өріп жалғап отыру, дін өркениетін білімін жетілдіріп отыруға да арамыздан елшілердің үздіксіз келіп отыруы да, хақиқат ісі; ұлттық, нәсілдік ант, серт, аманат болмақ. Сондықтан да Раббымыз; «Бір топты басқа топтан (масһабтан, тарихаттардан) үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (16-92)

Қазақ халқының анты, серті, жалғасты түрде ұрпақтарға жалғанып отыратын аманаты-Алланың жібі өзімізге арамыздан келген пайғамбарлар (Һұд пайғамбар, Қазақ, т,б) және елшілермен (Ясауи баба) байланысты. Сондықтан имам Ағзам, Ханафи, Матруби, Нақшпанди..т,б деген қазақ ұлтында елшілері болмаған, аманат анты болып тарихпен, шежіремен бекіп, жады болып жалғануға да міндетелмеген. Ал тарихтағы барлық кезеңдермен үзіліссіз өрілген дін-жандық білімі, Алланың өрген жібін ортасынан үзіп, кейін қарай тарқату да дажалдық әрекет болмақ. Енді масһабшы, діншілердің бұл пәтуаға да тоқтамай, қазақ дәстүрінің, ата жолының құранда аяты бекімеген, жаратушымыз ескертпеген, деген тәпсірлеріне сүйеніп, қарсылық білідіруіне дәлел бере кетейік. Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеті Мұса пайғамбарымыздың меңгерген құпия білімі кітабымен де байланысты болуын аятта; «Мұхаммед әрине Мұсаға Кітап берген едік. Енді сенде оған қауышудан күдіктенбе…Оны Израйл ұрпақтарына тура жол қылдық.» (Сәжде 32-23)

Олай болса Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеті, израйлдықтардың меңгерген тура жолы негізінде, яғни елшілік істерінің Тәуратпен және Мұса пайғамбарамызға берілген кітапты алып, құранға, исламдық құлшылық негізін қалыптастыруға жалғанумен байланысты болғаны хақ. Ал енді Мұса пайғамбарға берілген он сүре кітаптың және Мұхаммед пайғамбарамызға беріліген жеті аятты кітаптың негізінде (17 сүре) исламның дін ісі шариғат негізі қалыптасқаны да сөзсіз. Сонымен құранның негізі әлемге түсірілген және Нұх, Ыбырайым, Мұса, Ғиса пайғамбарымызға оқылған 30 паралық кітаптың негізінде қайта жинақ болып оқылғанды. Мұхаммед пайғамбарымыздың 47 белгімен (30+17) құранда орын алуы да осы жағдайды білдіреді. Бұл кітаптың жүйесін шындықты келтіру болып құранның да осы кітап арқылы оқылғанын аяттармен растайды. Аятта; «Мұхаммед сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен(1), Нұх(2), Ыбырайым(3), Мұса(4) және Мәрйем ұлы Ғисалардан(5) солардан берік уәде алған едік.» (33-7) Исламның бес парызы деген ұғымның осы пайғамбарлық және елшілік жүймен байланысты болуы керек.

Дін тұрғысындағы «әлмисақ уәдесі» дегеніміз Раббымыздың алдында барлық адам баласының берген удесімен, сертімен шындықпен байланысты болады. Құрандағы 33 –сүре «Ахзап-Шешім» деп аталып, Алла тағалалық ғылым мен кереметінің шындық болып бейнеленуін баяндайды. Сонымен ғылым-шындықтың да үш сипаты болып, Ясауи бабамыздың Алла тағаланың көркем есімдері негізінде 99 –санды таспихтың үш сипатымен байланысты шариғат, тарихат, мағрипат деп, Алла тағаланың хикметті білімдерін үш сипатта мыңмен дәрежеленуін насихаттаған. Сондықтанда Ясауи бабамыздан кейін шындықты меңгерудің дін құлшылығы исламның бірлігі тұрғысында дәстүр болып қалыптасып, жеке-жеке топқа бөлінудің де қажетілігі болмауы керек. Ал енді мыңмен дәржелену ұғымын қазақта; «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген.

Бұл астарлы ұғымды тәпіштеп көрсек; Білекті болу жындармен, жындылық топтарға білім тұрғысында бөлініп алған пенделермен, дін жолында мал, жан арқылы соғысумен, бақсылық айламен жеңе білумен аса таяққа ие болумен байланысты болу керек. Білектегі күштің аса таяқты ұстауға шамасы жетуі де шарт. Себебі кезінде аса таяқты дайындағанда астына күміс құймасын құйып ауырлатқан екен. Ақ пен қараны Алла жібін меңгерумен 47 санды Мұхаммед пайғамбарлық кітапқа жалғанумен де байланысты. Енді білімді мыңды жығадыға келсек; Мың түрлі күнәмен, иманға қарсылықпен арпалысып жеңумен байланысты, Құдайдың хикметті білімімен жолығуға, меңгеруге байланысты қазақ дәстүрінде ишандық қасиетілікпен байланысты, жанның дербестігіне жеткен, дарбоздық қасиетті меңгерген, ұжданмен жұлдыздарға жалғануды білдірген. Мұны жанға қожалық деген де ұғыммен, бірақ оны руға айналдырып алып Аллаға ортақ қосушылар да жеткілікті қазіргі таңда.

Сонымен ілімділікпен, білімін алып мыңды меңгеруді; «Мың өліп мың тіріліген қазақ» деген ұғымның да Арыстан бабамыздың пайғамбарымыздан мың зікірді, күнәмен күресу тәсілін Ясауи бабамызға әкеліп тапсырып, қазақ дін дәстүрін айналғанды. Сондықтан мұндай намаздың сипаттары масһабтық, исламдық топтарда болмауымен де қазақтың дін дәстүріне, ата жолына деген қарсылықтардың пайда болуына соқтырғаны да сөзсіз. Және қазақта зияраттап құран оқумен; «18 мың ғаламның 124 мың пайғамбараларына 33 мың сахбаларына…» деген дұға арнаудың да сыры әлемдік тұрғыдағы қуаттың жүйге жалғанумен байланысты екенін де білген жөн. Негізінде 18;124;33 санды үш түрлі қуаттық белгілерді мыңмен дәрежелеумен ілімді, білімді болумен байланысты ұғым болмақ. Қазақ жерінде 18 мың ғаламдық жүймен жалғануға 103 әуле-әмбилер болса, ал 33 мың сахабалық жүйенің 33 сахабасы қазақ жерінде орын алағаны да хақиқат. Осы 136 жүйні енді мыңмен меңгеру үшінде 124 санды пайғамбарлық дін жүйесіне жалғана біліу керек.

Сондықтан 124 сандық жүйенің, сөз ғылымын меңгерудің құлшылық негізін Ясауи бабамыз; «Шариғатта; Ғылмул иақын сөйлеп өттім; Алла өзі шарапат бере көр деп құлшылықта болуы. Тарихатта; Ғайнул иақын сөйлеп өттім; Құлшылықпен шүкір еттім. Хақиқатта; Хаққул иақын көздеп өттім; Құлшылықпен тәубе қылдым, ақиқатты көздедім» деген насихатпен жалпы сәни дәптерді қазақ дәстүрін; 1.Ақыл-ойды меңгеру; 2.Тәлім-тәрбиені жетілдіру; 3.Ой-сананы қуатандыру; 4.Сезім-ойлану жүйесін тазарту; 5.Иман негіздеріне жалғану; 6.Қарыштау, болашаққа қарай алға басу; 7.Тапқырлық, шешендік, сәугейлік, сөз өнері; 8.Бағдарлау, болашақты бағамдау, ақиреттің сырын түсіну; 9.Тәпсірлеу, дін білімін меңгеру; 10.Өркендеу, рухани егін егіп, жанды көбейту; 11. Ізгілік сипатта болу; 12. Парасатылық; 13. Өнеге –өсиет, ғибаратты үлгіні артағы ұрпақтарға қалдыра білу болып, қазақ дәстүрін меңгерудің негізгі үлгісі болып қалыптасуы керек.

Қазақ ел биелеушілердің жастарды ғылымды қыламыз деген әрекетпен үш тілді меңгерудің сыры білімде адасумен 13 сандық діндік жүйені, ата жолы құлшылық негіздерін теріске алумен байланысты екені де хақ. Арап еліне дейінде, ислам дінінің негізі 10 кітаптық сүремен болғаны құранда да ескертіледі. Бұл кітаптың негізі қазақ елінің мирасы болып; «Ізбөрі-Бес таңба» аталған жан ғылымының өркениетін қалыптастыруға негізделген шариғаттың негізі болып саналады. Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін, бұл он сүрелік кітапты қайта қалыптастырған жетілдірген Ясауи бабамыз болып; 1. Тәурат; 2. Мағрипат (сан ғылымына ой қуатына жалғану). 3. Інжіл; 4. Құран; 5. Хадис; 6.Хақ; 7.Сәни; 8.Уақи; 9. Ұждан; 10.Имандылықты меңгерумен нәтижеленбек. Бұл 10 сүрелік шындықты меңгерудің ата жолының мирастық құлшылық жүйесі болып қалыптасуы да керек болатынды.

Сонымен бұл кітапты, яғни Алланы нұрын шындықты яғни 33 сандық сахабалық қасиеттерімен байланысты жанның ғылымын, жүйесін, дербестігін меңгеру, деп атаған жөн. Себебі мың түрлі күнәні барлық әлемнің дін негіздерімен байланысты меңгермесе, ал масһабтық немесе араптық салты тұрғысында ғана шектелумен жан ғылымын меңгеру мүмкін емес. Көктік- он сандық (жан-9; Рұқ -1) әлемдік қуатқа жалғану ортақ дін жүйесі арқылы ғана мүмкін болатыны да сөзсіз. Ата жолының күнәдан ақталумен, ем –шипа тұрғысында өз ара қуат алмасуымен, бес қуатты жүктеліп меңгерумен, Алла тағаланың әулие-әмбилері арқылы көрсететін хикметті білімімен байланысты болуы да, осы аяттың үкімімен пайғамбарымыздың арап елдеріне көрсетпей Алланы еске алудың зікірлерін, намаздарын жасырын орындаған, санаулы ғана сахабалар меңгеріп, Арыстан баба арқылы Ясауи бабамыздың жалғастырған ақ бақсылық істермен байланысты болғаны да сөзсіз.

Сондықтан араптар үшін; «Әй Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан нұр және ашық бір Кітап келді.» (5-15) Олай болса пайғамбарымыздың сүнеті, шариғат үкімдері бұрынғы кітап берілген елдерде болған, бірақ жасырын жарыққа шықпай қалған дін құлшылықтары болып, оның көбін арап елдеріне көрсетпей кеткенін де ашық ескертеді. Қазақ дәстүрінің, әдет-ғұрпының бұл білімдердің намаздарын қамтуымен де исламның масһабшы, парызшыларының қарсылығын тудыруына да себеп болғаны хақ. Ал енді бұл кітаптық жүйені иман келтіруге, Алланың нұрына жалғану болса, ашық кітап Құран болып, ислам діні негізінде екі кітаптық жүйеден тұрып, оның ортасындағы үшінші кітабын табудың сынақ болғаны да хақ.

Сонымен қазақ дәстүрі сопылық негізде қалыптасқандықтан 11 сандық белгімен әрбір 33 санды, үш түрлі ғылымнан шындықтың (қызыл, сары көк) ғылымдық сипатын, дінің бірлігін үш жүйемен меңгеру қалыптасқан. 1.Яссы-Қажыр қайрат, жігерлікті меңгеру; 2. Мұхаммед-Сүйіспеншілекті меңгеру, махаббатың мән жайын ұғыну; 3.Інжіл-Қайрымдылық, ізгілікте болу ақиқатты тану болмақ. Абай атамыз бұл құлшылықтың негізін; Ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл деп түсіндіргенді. Ата жолы мен масһаб және дін исламдық топтармен арадағы қайшылықтың пайда болуы да, осы үш сипатты діннің құлшылығын меңгерудің айырмашылығынан пайда болды. Қазақ дәстүрі бойынша әуелі қайратымызды жындылықтан, шайтандықтан тазартумен, жүрекке жер анамыздан жылу алып, ақылдың рухани күшін артырумен имандылық негізіне ақиқатты тануға жалғана аламыз. Ал рухани күштердің 6-сипатты жүйесі және жұбы пары болып; 18 ғаламдық ақ пен қараның Алланың жібінен тұратын және мұны қазақта; «Тоғыз жолдың торабы» деп атағанды.

Сондықтанда тоғыз жолдық замандық жүйеге жалғану үшінде алдымен 9 санды белгімен, негізгі кісілік қарсылықтарды, бұзықтықтарды ауыздықтап меңгеруге, тәубеге келіп, күнәдан тазарып, ақталумен, жын-шайтандық болмысымызды мастығымызды танып, есімізді жинап қана Мұхаммед пайғамбарымыздың сүйспеншілігіне яғни жеті аяттық кітап негізіне жақсылық пен жамандықтың арасын ажырату жолына шығады. Ал масһабтық ұстанымда керісінше жын-шайтаннан қорқытып, адамның болмысынан бөлек деп түсіндіріп, бірден Мұхаммед пайғамбар сүнеттеріне жалғанумен және інжілдік дарындылықтарды, Ғиса пайғамбаралық ғибратты істерді, рухани батырлық, дарындылықтарды меңгеруді мүлде терістеп ақиқаттың танымынан, шындықтан аян, уахиды меңгеруден бас тартқызады.

Сонымен тарихатты меңгерудің сәждесі; 1.Ақ арыстық белгіні, Мұса пайғамбаралық қасиетілікті меңгеру. 2. 7-қасиетілікті (жеті жақсылықтың негізінде) меңгеру.3.Шежіреден ата-бабалардың, пайғамбар, елшілердің өмір тарихынан хабар алу. 4.Жер ана рұқына жалғану. 5.Төрт көздің түгелдігін меңгеру. Олай болса, тарихатпен толық жалғану арқылы ғана мағрипат дін ғылымы жүйесіне жалғанып, исламның бірлігін қалыптастыруға негіз болмақ. Енді мағрипатта болуды; 1. Сан ғылымын меңгеру; 2. Жетесіздіктен ада болу; 3. Жетелік сатыны толық меңгеру, саналық белгіге жалғану. 4. Тұңғиыққа бойлау; 5. Дарбоздық қасиетті меңгеру керек.

«Қожамын» деген ұғым мағрипатты меңгере алдым, дегенді білдіреді. Яғни бұл 33 санды мыңмен дәрежелеп, сахабалық, ишандық қасиеттерді меңгерумен байланысты болмақ. Шынында қожа руынан шықандардың бәрі; ишандар, сахабалар ма, оны өзіңіз аңғаруға тырысыңыздар. Сонымен қандай дін ұстанымы, тобы болсын негізгі мақсаты ақиқатқа жетумен ғана тура жолда болуы айқын болуы керек. Ясауи бабамыздың қалдырған аманат насихаты бойынша шариғат тарихаттың базары яғни шариғатсыз тарихатты меңгеру деген қателік. Ал тарихатпен шектеліп ақиқатқа жету, деген де надандық қана. Тарихат мағрипаттың баспалдағы болуы керек. Тарихатты толық меңгерумен ғана, біздер мағрипатты яғни ишандық дәрежені мыңмен жалғыз күресе білетін; білімді, ілімді болуды меңгере аламыз.

Абай атамыздың; «Мыңмен жалғыз күрестім, сөге көрме» дегені де осындай қасиетілікті, жанға қожалықты меңгерумен байланысты.Себебі мағрипатсыз ақиқатты көрумен тура жолға толық жалғану да мүмкін емес. Масһабты меңгерумен ғана жанға қожа, ишан болмақтық және мағрипатты меңгермей ақ ақиқатқа жалғандық, тура жолдамыз деп атаудың өзінде, осындай діннің жүйесін, ғылым өркениетін терістеуден туындағаны да сөзсіз. Сол сияқты тарихатты бөліп алып, тура жолдамыз, ақиқатқа мағрипатсыз ақ жетік деген де надандық қана. Мұндай дін топтарының шынайлығын білу үшінде ақиқаттың белгілерін Ясауи бабамыздың қалдырған өсиетімен жалғану арқылы ғана түсіне аламыз.

Олай болса, Раббымыздан сұрап, ақиқаттың белгілерін анықтасақ; 1. Алладан аян алу. Аянның жүйесін сырын меңгеру. 2. Түйсіктің (бой өрісі ар сауытымен қорғалуы) толықтығы түгелдігі. 3. Тор тұрлауық (жүректегі 200 белгі кристалдық нейрондардың ашылуымен бой өріснің жарықтығы). 4. Абсолюттік белгіні көру (Құдайға риясыз сенушілік. Матеметикалық шама, шеңберді (шар-ортасы төрт бұрыш, мәңгілік өмір, уақыт қуаты) меңгеру. 5. Сегіз жолға жалғану. 6. Құс жолына жалғану, құс тілін меңгеру. 7. Қазан-ошақ қуаттық жүйесін меңгеру және берекеттендіру. 8. Материяға жер ядросына, Раббымыздың сары нұрына ену. Қазақтың ата жолы дәстүрін толық меңгеру мен ақиқатқа жалғануды; «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген.

Сонымен дәстүріміздің сопылық тұрғыда әулие-әмбилеріміздің жан ғылымын, Алла жібін жалғастыруымен, кейінгі ұрпақтарға жеке-жеке шариғат, тарихат, мағрипатқа бөліп меңгерудің де қажетілігі болмай, әрбір текті қазақтың Мен-жаны арқылы қасиеттілік болып, ұлттық діліміз арқылы жалғануға ата жолын, ата дәстүрін сақтау арқылы, кез келген пенденің ақиқатпен жалғануға мүмкіндігі де болатыны хақ. Ал діл біліміздің жүйесін меңгеру үшінде Абай-Шәкәрім, Мәсһүр Жүсіп т,б қазақ әулилерінің артында қалдырған насихаттары арқылы Ясауи бабамыздың ақыл дәптеріне, құранға және ұлттық мирас тылсымдық кітаптарға жанымызбен жалғану да қазақ ұлтының сәжделік ерекешелгі тура жолға жалғануы болмақ.

Әрине ұзақ жылдар ата дәстүрін толық сақтап, діліміздің ерекшелігін қуатын меңгеруге де мүмкіндік болмай, ұлттық тұрғыдағы жетелік, саналық ақылдың, даналықтың да маңызы болмай қалғаны хақ. Сондықтан шек арамызды анықтап, дербес «мекеме-мемлекет» болып қалыптасуымен байланысты, бұл қателікті түзеуге, өз тегімізді қайта табуға, Құдайдан шындық келіп, ата жолында әулие-әмилер сөздің құдіретін баяндай бастауымен де, оған түрлі дәрежедегі күнәнің ықпалындағы қарсылықтарда, өз ұлтымыздың ішінен пайда болғаны да сөзсіз. Бағзы замандарда күнәлі істердің адамзаттың надандығымен, білімсіздікпен байланысты бейнеленетін болса, ендігі заман түрлі сипаттағы білімге, ілімнің қарсылық үніне айналуымен исламдық тұрғыдағы діннің де азғындауына себеп болғаны да сөзсіз.

Қазақ елі ата жолының ақ кітабы болып 17 санды белгімен тозақ пен ұжмақ арасындағы екі аралық кезеңді, яғни әруақтық қуаттарды меңгерудің үкімі білімді, ілімді, дәулетті қауымдарға алдымен аян, уахи болып берілгенді. Аятта; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (аян, уақи, бата) шындыққа айналады. Сүйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16) Сонымен ата жолын меңгеріп, зертеп халыққа ғылымын, хикметін түсіндірмек түгіл, қудалап, соттап, қазақ еліне қияметтік мезгілдің үкімін түсіруге ел басымыздан бастап, бүкіл дәулетті мастардың, білімді, ілімді қауымдықтардың себепші болып, енді олардың болашақ тұқымы тұздай еріп жоғалуға келіп тірелгені де хақиқат. Ал бұл жағдайға негізгі себепші ата жолында,аққу, сұңқар, сарбаздары болып табалған мына біздер кінәлі екенімізді де халықтың біле жүргені дұрыс болар. Неге десеңіз…. (жалғасы бар. Қараша айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.