XXXVI-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 182

«…Ұят кімде болса иман сонда,-деген. Енді бұл сөзден білінді; ұят өзі иманың бір мүшесі екен. Ондай болса білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар-надандықтың ұяты…Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес-ақымақтық, жамандық…» (Абай 36-сөз) Адамзаттың меңгеруге тиісті үш түрлі ғылымның сипаты болатынын баяндадық. Ал енді; Ұят дегеніміз; барлық жарықтық қуаттардың ішіндегі ең ұзын толқынды қызыл түсті ғылымның, шындықтың бейнесінен болмақ. Күн қызарып әлемнен ұялып шығады да, қызарып барып ұясына батады. Қызыл түсті шындықтан күнің жарығы қызуы жер әлемге тарайды да, қайта қара түнектің ішіне сіңеді. Демек ұяттың да негізінде жарықпен және қараңғылықтың ішінен, өткен күннің тағдырынан жол көрсететін екі сипаты, екі түсті күні (қызыл, сары) болуы шарт.

Сонымен ұяттың күннің шығуымен, алдағы болашаққа қадам басуға жарық болатын сипатын; «…Мұндай ұят екі түрі болады. Біреуі-ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шықанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды ескіргендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсеге іштен рақым секілді болып келіп, өзіңды қысып, қызартып кетеді…» (36-сөз) Енді бұл ұяттылықтың сипатын меңгеруді, ішкі дүниесі тазарып, ақталудан өтіп таңы атып,екі күні (қызыл, сары) шыққан яғни ақылдың даналығын жетелікті толық меңгерумен, саналық ақылға қадам басумен байланысты ата жолында екінші топтық, құранның жеті үніне жалғанумен байланысты деп түсіну керек. Мұндай ұяттылардың өзге жыныс түгіл, өзінің жынысындағылардың да ұятсыздығына қысылып, жамандығын біліп түзетуге тырысады амал қылады.

Қазіргі таңдағы ел билеуші, білімді қауымның мұндай ұяттылығы болмағандықтан, бүкіл қазақ халқының еркектерін былай қойғанда, әйелдерін жалаңаш әуретін бәрін ашып, көшеге шығып кеткенін де аңғарудан қалғаны, осы екі күннің жарығының жоғалып, ұрлануынан болмақ. Жоғарыдағы шын ұяттың бірінші сипаты ішінде қызылы, сыртында сары нұры бар, екі күнділердің жағдайы болмақ. Ал енді іштегі күніміз, ана қанымен ділмен беріліп қалыптасатын иман діні қызылымыздың жағдайын; «…Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойынан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғаныңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз ынсабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзің жаза тартырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің…»(36-сөз)

Ал енді мұндай ұяттылықты, қызыл күндік жарықты меңгергендерді ата жолының үшінші тобынан болып, және іргетасын қалаушы үлгісін қалыптастырушылар болмақ. Қазақтың ұғымында ар—ұятты, ынсаптылар деп аталып, ал екінші топтықтарды ар-ұятты және ар-ынсапты, ұждандылар деп атаған жөн. Қазіргі таңда аз болса да мұндай ұяттылар дін меңгеруге тырысып, ата дәстүрін ұстануға тырысып жүргендер аз болса да қазақ елінің рухани көшін жүргізіуге тырсып жатқандар болмақ. Бірақ қазақтың ата дәстүріне лайық болатын; Толық арлылықты (ар-ұятты, ар-ұжданды, ар-намысты) меңгеру бірінші топтық тұрғыда саналықты толық меңгерумен, ар сауытын толық қалыптастырумен байланысты болмақ. Жалпы Ар-намыс болып, ұяттан, ұждандық қуаты толымды болмаса жалған намыстылық, жындылық, есерсоқтықпен байланысты болады. Ардың өлшемі, 7;42 сандық жүйемен байланысыт болуы шарт.

Ал енді бұл өлшемге мүлде қарсы, арсыздық яғни надандықтың ұятымен байланысты; «…Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайда да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?»-дейді. Я болмаса «Жә, жә, оған мен –ақ ұятты болайын, сен өзіңде сүйтпепе едің?»-дейді. Немес «Пәленше де, түгенше де де тірі жүр, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?» деп, ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады…» (36-сөз) Қазіргі таңда діншілерді, білімді қауымдарды былай қойғанда ата жолындамыз, деген басым көпшіліктің, әсіресе аққу, сұңқарлардың осындай түрлі арсыздықтарын ескертсең; «Бір Алла өзі біледі де, ниетім дұрыс, сенің шаруаң болмасын…Сенде сүйткен екенсің ғой…» деген сияқты сөздерін өз басым жиі естимін.

Енді сәл шегініс жасап; Ақ ұлдың өмірден озған уақытында, оның қасында жүрген осындай надандықтың ұятымен арсыздыққа ашық ақылдары негізделгендермен, енді қалай кездесемін, ал жерлеуге бармауға тағы болмайды, деген қиналған шақта аян келеді тылсымнан; «Көлдің арғы жағындағы ауылға ортадан жол ашылып, мен ол жерге барып, бір әулие кісінің мазарының алдында екі жаққа ашылатын есікті қолымды жайып жауып тұр екенмін. Оған кірмекші құран оқып тілек тілеушілердің қатын, қыздардың білегі ашық, шалбар киіп алған, басына шүберек орай салған, немесе қысқа етік, шолақ жең, еркектері жалаңбастарды; «Сендерге кіруге болмайды, сырттан ғана тілек тілеп кете беріңдер» деп тұр екенмін.

Кейінен Ақ ұлдың жаназасына барып, қоштасу рәсімін өтеуге, үйге, жатқан жеріне кірмек болып кезекке тұрғанда, алдымнан осы есіктің тұрғанын көріп, жан жағыма қарап, ата жолындамыз дегендердің, мен көрген аяндағы арсыз, ұятсыздық бейнесін танып; бұл Ақ ұлдың аманаты және сынақпен өліміне де себеп болғанын түсіндім. Бірақ қазіргі таңда бұл ұятсыз-арсыздық ушығып, керісінше көбейіп, мұны қалыпты деп түсінетін жағдайды байқауға болады. Осындайлар ата жолының Айша ананың туын қайта көтеруге, ата жолының үлгісін көрсетіп, Ақ ұлдың аманатын орындауға да қарсылық танытып жатқандар да, кезінде ең жақын шәкіртері жәрдемші болғандар және жұбайлары болып жатқасын не сөз?

Қандайда екі күн ұяттылықтың, жетелік, саналық ақылдың сипаты толымды болмағанда, қасиетің қасіртке қарай бейнеленумен; Жалған емші, бата беруші, жүрек мөрін ашушылар да осылардың ішінен шығып жатқаны да хақиқат. Жалпы ата жолына алғашқы қадам басқандардың надандықтың ұятына түсіп, тағдырға берілген қызыл түсті иман дәнін де жоғалтқандар болып, және жалпы қазақ қоғамындағы бұндай надандықтың «этика» әдебі болып өмір салтына айналғандықтан да, мұны әркім өздігімен түсіне алуы да мүмкін болдырмайтын заманның келгені де хақ. Қыздардан, әйелзатынан бетінің қызаруы жоғалғанда бүкіл елдің тозғындыққа түсуі де заңдылық. Сондықтан аққу, сұңқар аталғандардың надандық ұят пен шын ұяттың арасын ажыратауға шариғаттың ісін меңеріп, ақылдық рұқтық күшін артыруға, халыққа үлгі көрсетіп қызмет қылуға тұрулары керек еді.

Әрине халықтың мұндай рухани өлі жағдайынан, ұйқыдан ояту үшінде құдай патшалығынан үкім түсіп, ерекше мұғжизаның түсуі де заңдылық еді. Қазақта; «Өліге иман тіріге берекесін бер» деген тілеудің де астарында құдайдың рахметінің алдымен өлілерге түсіп, тірілерге оны берекеті ем шипа, рухани қуат болып бейнеленетін білдіргенді. Аятта; «Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым артыра түседі.» (17-82) Құдай патшалығының басталуы жаннатықтардың «БІЗДЕР» тарапынан хабарының жаппай пенделерге аян, түспен оқылып, және тозақтық болған өлілердің де бастары көтерілумен, жарыққа шығуымен байланысты болды. Және «Ол, залымдардың зиянын тым артыра түседі.» деген Раббымыздың ескертуін, діншілер, білімді қауымен ел билеушілер артығымен орындай алды да.

Аятта; «Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгелдеп қойдық.» (36-12) Бұл жағдайда құранда аманат, деп аталып, қазіргі таңда барлық қазақтың тұрғындарына ақиреттегі ата-аналарының аманаттары ескертіліп, тағдырлары ашылып, кітапқа айналып, таңбаланып болғаны да хақ. Мұны атқаратын «БІЗ» -дердің, аспандағы жаннаттық сарай-жұлдыздардан әулие-әмбилер, Алланың ардақты құлдарынан иман сәулесі болып түсетінде естен шығармаған абзал. Әрине мұндай жағдайда білімді, ақылы сау пенделердің өз бетінше ұятын түгелдеп, қызылдық қуатын өрісін қалыптастырып, дінші аталып, намазын оқып, шариғатты меңгеру жолына түсіп, ары толмаса да, ынсапты да меңгере алғаны да сөзсіз.

Бірақ қазақ дәстүріне сай ар-ұяттылықты, ар- ынсаптылықты, ар-ұждандылықты яғни сары түсті Раббылық яғни арлылық білімді меңгере алғандары жоқ. Себебі, арлылық қандайда бір тектілік, қасиеттердің негізінде қарсылық, қара түнек күштердің ықпалынан аршып алып, жүктерді тазартумен және Құдай патшалғына еніп, сары нұрдан (май ішу) үлес алумен байланысты болуы да хақ. Және қазақ дәстүріне сай, үш байлықты түгелдеу тек қана ата жолымен, құдайлық жоба алумен, әрбір пенденің өз тағдырын тазартып, түзеуі үшін тылсымнан әулие-әмби аруақтарының пірлік жетегімен ғана мүмкін болмақ.

Ал мұндай діндегі дарындылықтарды меңгеру үшін де, құдайдың жобасын алып, оны рұқы өлі, зұлымдыққа, жаппай ұятсыздықтың қақпаны болған надандыққа түскен пенделерге жеткізуге тұрған аққу, сұңқарлардың дайындау ісі де, Алла тағаланың рахмандық ғылымы мен құдіретінен хикметі еді. Ал өздігімен ұяттылықты меңгеру жолына түскендерді де шайтанның тарапынан азғырылуыда діннің бұлжымас қарсылықты меңгеру жолы. Сондықтан дінші, білімді қауымдар өздерін ұятты, Алланың құлы санағандар; «Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар» деді» (36-15) деген аяттың үкіміне сәйкес уақиғалардың қайталануы болғаны да растық.

Ал мұндай дінші, білімді қауыммен ата жолындағы аққу, сұңқарлардың арасындағы күмәнді сейілтетін, бірлікке шақыруға тиісті, ұяттылықтың құдайлық, яғни арлылық тұрғысында меңгеруді ата жолында мүлде аз ғана топтарға тән болды. Ата жолындағы барлық пенделерге әулие-әмилердің батасы арқылы ескертіліп; «Қашан оларға; «Алдарыңдағы және артарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер» делінсе; (45) Сондай-ақ Раббыларыңның белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады.» (36-46) әрбір аққу, сұңқарларға аян кітабы, яғни Раббылық белгі берілгенді. Бірақ алдағы артағы жағдайларды меңгеру яғни аяндарды жорып, амалға айналдыру үшінде, шайтандық иістерден, күнәдан тазарудың амалдары мен тақуалықты меңгеру де міндетті болмағы хақ.

Ата жолының алғашқы кезінде Ақ ұлдың алдынан өтіп, шариғатын да меңгер алмаған кез келген пенденің, жүрек құлағының мөрі ашылумен, өз ұятында түгелдей алмаған «аққу, сұңқар» аталған пенделер арқылы да құранның үні жалғанып, халықтың ұятын оятудың жағдайы кешенді түрде атқарылды да. Мұндай жағдайда қасиетіліктің құрметелуі болғанымен, ал оның бақ болып бекіп қону шартарын мүле ескерусіз қалды. Қыдыр пенденің ұятының жетілуіне, арының сауытына қарайды деген ұғым болғанда жоқ. Абай атамыз; «Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиырлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады…» Сонымен қазақ ұғымындағы жетелік, саналық ақыл тұрғысында ғана шын ұяттың қалыптасыу болады деп түсіну де керек.

Ал енді күнәнің құлдығына түскен пенденің ұятын жоғалтуға себеп болатын тағдырындағы екі қол істері де сан алуан түрлі болып, мұның бәрін шариғат білімімен түсіндіру мүмкін де емес. Сондықтан «Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығар» дегендей, ата жолының алғашқы кезеңдерінде аққу, сұңқарлардың өздері де толық ақталудан өте алмаған, тақуалық үлгісі түгіл, қарапайым шариғаты да дұрыс болмаса да, жындылық жағдайында да тылсымнан келетін батаның үнінің қуаты, және көріпкелдігі кітабы да болып, халықтың теріс істерін ашумен ғана көптеген пенделердің есін жинап, құдайдың құдіретін мойындауға да келгені хақ. Яғни жыны басым мұсылмандыққа жалғанғандар, өзінен төмендерді, батамен, аруақтың сынағымен қорқытып, үркітіп тәрбеиелуде дұрыс болғанымен, бұл жындылық әдеттерін әлі кезге дейін жалғастырып жатқандар да жеткілікті. Жалпы Ақ ұлдың кезінде тылсымдық жеті түрлі сыр сандықтың екеуі ғана ашылып, қасиетілікке айналғаны болды.

Сонымен әулие-әмилердің батамен ескертуі арқылы, күнәлік сипаттардан ақталудың нәтижесінде; «…Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шықандығынан болады. Мұндай ұят қылық, қылғаныңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз ынсабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тартырады…» Осындай ұяттылықтың дәрежесін қазақ дәстүрінде ар-ұятты, және ынсапты деп атағанды. Бұл дәрежені енді меңгергендер ата жолында жоғарында ескерткендей үшінші топтық, шайтаны мен жыныдардан тазартып ақталушылар болып; аққу, сұңқарлардың, сарбаздардың үлгісі болуы керек еді. Сондықтан да қазіргі таңдағы тақуалықтың сопылық тұрғыда үлгісін ұстанып, қазақ дәстүріне лайық үлгісін көрсетіп және аққу, сұңқар болып аталғандардың масһабшы, тарихатшылардан да дәрежесі әлде қайда биік болуы да хақ.

Себебі намаз орындау амалдары ақталудан өтулері тылсымен байланысты, ақиретті меңгеру әлде қайда жоғары болатыны да сөзсіз. Бірақ бұл топтағылардың құранның үнімен жалғанулары әлсіз болып, батаныңда тек ырғаққа ғана негізделген үгіт түрінде және бата алушының өз өрісінен, екі аралық жағдайынан, дүние ісінен ғана хабар бере алады. Бұл топта жоғарғы сатысы негізінде Ақ ұлдың кезінде құранға жалғанған, таза батаны беруге машықтанғандар болып, ескі ізбен жаттанды батамен қалғандар деп білген жөн. Бірақ өзі тазалықты сүйетіндерден, яғни «мұсылман жындылардан» халықты жамандыққа дінге қарсылыққа жетелейді деген де жалған. Себебі олардың жындық қуат жүйесі масһабшы, тарихатшылардан әлде қайда таза қуатты кісілігі болуы да керек.

Сондықтан бұл топтың ішінде түрлі қасиет егелері де жеткілікті. Көріпкелдер, емшілер түрлі қасиеттілер де жеткілікті. Енді бұл топтың да ордаларда тазару амалдарының негізі қамшы ұстаған бақсы еркектер болуы да шартты. Ал қамшымен пенделердің өрісіндегі сасық, қаралықтардан тазарту үшінде, мұндай қасиет егесінің өзі де таза ақталудан өтіп, қасиетті әулиелерден алған ұлықсаты болуы және өрсінің қалыңдығы да болу керек. Бірақ бұл топтың құран үнімен жалғану әлсіз болғандықтан көбіне аққулардың алып берген батасы арқылы ғана әрекет қылумен шектеледі. Ал аянға, уахиға жүгінетіндері өте сирек кезедеседі. Аян алушылар түс көрушілер көп болғанымен құраннан кітап алып, үініне жалғана алмағандықтан қателесулері де жиі болмақ.

Және артағы жағдайлардан хабар алулары дұрыс болып, ал алдағы жағдайдан хабар алу әлсіз болғандықтан, Раббымыздың хикметті білімнен, ғылымына жалғанулары болмағандықтан тағдырды түзеу, меңгеру жағы да әлсіз болмақ. Сонымен Раббымыздан; «Алла жолында мал жаныңмен соғысыңдар» деген метафизикалық тұрғыда «Жиһад» жасауды білдірген. Мал қуатымен, өз ара қуат қосумен, тозақтық болған әруақтарды жарыққа шығарумен байланысты соғысудың жағдайын шайтандық қуаттарды тазартумен, жындық қуаттарды, жүктерді тақуалық арқылы меңгерумен байланысты болмақ.

Ал енді екінші топтық дәрежеге жетеу үшін, қасиетті аталғандардың тек өз бойынан шыққан ұятсыздықты, күнә, кінарапаны ғана жетелік ақыл тұрғысында аңғаруы жеткіліксіз. Мұндай жағдайда саналық тұрғыдағы, ел билеуші, дін ғалымдары, төре, қожа, имамдарға, тақуаларға тән; «Біреуі-ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шықанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды ескіргендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсеге іштен рақым секілді болып келіп, өзіңды қысып, қызартып кетеді…» (36-сөз) Осындай сипатты ұятылықты меңгергенде ғана адам баласы ар-ұждандылыққа жете алады. Көк аспан мүліктеріне тұрақты жалғану әркетінде болады.

Құранның үніне жалғануда осы топтың еншісінде болмақ. Ұятсыздық, арсыздықтың артының немен аяқталатын және мұны өзге пенделердің тағдырымен байланысты аңғарудың өзі, көріпкелдік қасиеттің жоғарғы дәрежесі саналық ақылға жатады. Масһабшылардың көріпкелдікке, болжампаздық, сәугейлікке ашық қарсы болуларының себебі де, өздерінде жоқ жете мен саналықты шайтанның сыбырлауымен жасыруымен байланысты. Шайтанның сыбыры сезім болып, сезімін, бес күндік жалғандықтарын тазарта алмаған әрбір адам баласының қате, түпсіз сөйлеп, сөздің ой үнін таба алмауында қалыпты жағдай. Бұл күдіксіз сөздің ойын бұрмалап өтірік айтумен де бірдей, ақылдың нұрлануына, рухани қуат алуына жолын жабады.

Сондықтан да пайғамбарымыз: «Алланың қандай да бір құлы өтірік айтқан кезде оның үстінен жағымсыз иіс шығады. Сондықтан періштелер ол адамнан (бір шақырымға) алыстайды (қашады)» (Тирмизи, «Бирр», 46/1972). Жалған сөлейтін ақылы жетілмеген сезімдік ақылға негізделген пенделердің шайтандары қалайда тәнін белгілі бір жерін ашып қойуға құштарлығын қалыптастарады. Тәннің қолдағы алақан бөтен басқа жердің бәрін ашып жүру, әйелзаты түгіл еркектерге де қасиетілікті меңгеру тұрғысында қазақ дәстүрінде арсыздыққа жатқызған.

Сонымен пенденің қай жері ашық болса, сол мүше орыны, ағзалардың иісті бөлетін, өтірік сөздердің исі шығатын мұржасы болып саналады. Кимімен тәнді қымтап жалғандықтың иісін сыртқа шығарып ұрлатпаудың өзінде сопылықтың әдебі бар. Енді қандайда бір қасиетті, тақуа санаған пенденің ешқандай да ағзасынан сасық иісі шықпай, толық тазарып, ешқандайда иіс сусыз жұпар иісті болмайынша ар сауыты да саналығы да қалыпты болмайды, құранның жеті үніне, жеті кітаптық сыр сандыққа жалғануы да толық нәтижесін бермейді. Қарапайым ғана мұны тексерудің тәсілі ұзақ уақыт басын жаулықпен қорғап жүрген әйел затының ормалын шешкен кезде жаман иіс шықса онда ұяты толық емес.

Сол сияқты еркектің үнемі аяғын мәсімен қорғап жүрумен байланысты аяғынан ешқандай сасық иісі шықпағанға дейін де бой өрісі толық қалыптасайды. Олай болса еректің қолын, басын жалаңшатап аяққа мәсі кигенмен сасық иістен тазарып кетуі де мүмкін емес. Себебі еркектің исі ауыр металдармен жермен, темірмен байланысты, бастағы қара қуаттардаң өзі аяқтан шығуына мүмкіндік жасау үшін, басты жылы ұстап, білектің де жабық болуы маңызды. Ал әйедер үшін керісінше аяқтан емес, ең соңғы нәтижесі бас арқылы тазарады. Ал еркектік жын қуаты (гармоны) басым әйелдердің үнемі мәсі киіп аяқты да жылы ұстаудан аяғының сасып, шіріп тазаруына да дәлдер жеткілікті. Сонымен әйелдер алдымен аяғы тазарып, сосын басы тазарып, жұпар иіске айналса, еркектер керісінше бастан бастап төмен қарай тазарады да Мұхаммед пайғамбарамызға жалғану, аяқтың масіғмен ағарып, ақтаууымен байланысты.

Енді ел билеуші, үлкендердің жалаңбастыққа құмарлығы да, қандағы шайтанның көбейіп, сезімге байланудан деп түсіну керек. Абай атамыздың; «Айлаға, ашуға да жақтым шырақ…Етек басты көп көрдім елден бірақ…» деген діл қуатының азуымен қатындардың бастары сасық иістермен жүктеліп; шайтанан болған жынға, бастарының ашуға ал еркектердің жын-шайтанды болумен айлаға, қулық сұмдыққа бастары жалағанумен байланысты бүгінгі жаппай арсыздыққа байланудың, жете, санасыздықтың көрнісі болмақ.

Қазіргі таңдағы мейлі қандай дін топтары, ата жолы болсын, мұндай тазалықты меңгеруге, қазақ дәстүрінің құндылығына, құдай патшалығына жалғануға кедергі болған; әлемдік түнек күштерінің арсыз салтын әдеб- «этика» деп қабылдап, өтірік, жалғандық сасық иісті теріс сандарды өндіруге, ел биліктің заңымен қорғалып, ата заң деп аталып, сондықтан қара қуаты меңгерумен байланысты әрекеттердің бәрін нұрлы жол, нұр отан, нұрлы мәңгілік ел, жүз қадам, деп дүние ісін құдайдың білімімен байланысты аталудың өзінде арсыздықты бүркемелеудің, теріс ой үнінің, ібілістің ықпалынан екені де хақ Мұндай жағдайда қияметтік мезгілдің үкімі басталуы да заңды құбылыс…. (жалғасы бар. Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *