XXXV-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 73

Ата жолын қудалап, соттағанда да негізгі айыптаудың дінші масһабшылар тарапынан құран аяттарымен келтірген дәлелдерге де сүйенгені хақ. Сондай аяттардың негізі; «Тірілер мен өлілер тең емес. Рас Алла тағала әлде кімді қаласа естіртеді. Мұхаммед сен, қабырдағыларға естірте алмайсың. (22) Сен бір ескертуші ғанасың.» (35-23) Осы аятқа мұқият мән берген есті пендеге Мұхаммед пайғамбарамызға кез келген өлілермен байланыста болуға шек қойылғаны, оны тек Алла тағаламыздың қалауымен ғана өзі естіртуін ескертеді. Бұл аятты осы қалпында ғана үгіт түрінде насихатсыз яғни жұпсыз, парсыз алып қарастырсақ, онда өлермен байланыста болу, Мұхаммед пайғамбар сүнетінен емес, демек Масһабта да болуы мүмкін емес. Олай болса, масһабшы ғалымдардай бұл аяттың ұқсас ұғымдарына емес, мәнін қарап, насихатын яғни аяттың жұбы парын іздестіріп, өлікпен пенденің арасын Алла тағаламыздың қалай жалғап қалауын іздейік.

«Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге жәрдемші жоқ.» (13-11) Сонымен әрбір пенденің алды артында Алланың әмірмен тағайындалатын аруақтық періштелері болуы шарт. Және бұл әрбір адам баласының өзінің 41 қауымдық періштелік жүйесі мен жеті ата-баба қауымына байланысты екенін, сондықтан әрбір пенденің өз қауымын өзгерту, яғни тағдырлық жүктерін тазарту арқылы ғана, Алла тағаламыз мұның жағдайын алды-артымыздағы періштелер арқылы хабар алып, хабар береуі де заңдылық болмақ. Алла тағаламыздың хабары, ғылымынан, кереметінен яғни Раббымыздан келетін аян, уахи, және әулие-әмилерден бата арқылы беріледі.

Сондықтан да аятта; «Расында сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе оны зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін.» (6-104) Бұл аятпенде аруақтық күзетші періштелердің Мен сипаты өзінен емес, әрбір пенденің өз қауымынан екенін және солар арқылы ғана Раббымыздан хабар берілетін бекітеді. Және бұндай белгілі бір елге жаппай хабар беріліп, өлілермен тілдесудің қияметік жағдайын (6-111) аятымен ашық баяндаған. Енді масһабшылардың тағы мына аятты; «Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді түнге кигізеді. Сондай –ақ ай мен күнді игереді. Бәрі де белгілі мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланыкі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандардың бір ұрық қабына да ие емес.» (35-13)

Демек Алланың өзі ұрықтың киіміне, кеңістікте бейнелеумен байланысты жанына яғни көбейуіне иелік ететін жанды, өзін-өзі басақару қабілетіне ие қасиетіліктерін мирасқа алғандар шапағатшылар, біздер тарапынан болуы керек. Біздерден басқа болса, Алладан басқа деп түсіну де керек. Және мұндай жандық туыстық иелік арқылы көбейуді, ұрықтық, тектік байланыстық, қауымдық жүйені меңгеруді діншілер, масһабшылар; «ақиретте сұралатын қауымың Ханафи масһабы» деп өзгертіп алғанынан да құранды терістеумен, Аллаға аяттарына ортақ қосумен байланысты болмақ. Сонымен барлық қуаттық жүйенің уақыт, мерзімге айналып, заман, тағдыр кітаптары арқылы басқарылуын, біртұтастық тұрғыдағы Ол Алланық сипатымен Біздер деп аталғанын исламдық діншілер неге терістеген?

Сондықтан әулие-әмилер Алладан басқа, яғни ұрық қабына да ие болмайды деп, Ол Аллалық сипаттарға ашық жала қояды. Ал енді мұндай ұрық қабының жағдайын аятта; « Мұхаммед міне бұл саған Біз уахи етіп отырған көмес хабарлардан. Олардың қайсысы Мәрйемге ие болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай –ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің.» (3-44) Ғиса пайғамбарымызға қалам, шарларын (ақиқаттан абсолюттік белгі, таңба) яғни рұқтық, жандық тұрғыда берілетін Мен мәңгілік жаның иелері біздер-әулие –әмилер, Алланың сүйген құлдары періштелері болып, әрбір дүниеге келген баланың иесі, Алланың досы болатын ашық ескереді. Негізінде ұрықтың қабы болып; «Қалам-ділдік ілімдеу» болып, 68 сандық белгімен ақиқатпен байланысты болмақ.

Әрбір ұлттың меңгерген ақиқатының байлығы ділінде болып, ал ділінің қуаты әуие-әмилерінің мирастық кітабы, аруғанынан, кісілігінен, жанынан болуы керек. Олай болса Абай атамыз әуелі Алланың досын тап, сосын ғана тағдырыңды түзей аласың, деп насихаттаған. Әрине исламдық діншілер, масһабшылар ақылдары сезімге негізделгендіктен, мұндай құраннан ашық дәлдерге де жүректеріндегі шайтандары қарсы шығып, және; «мұның бәрі Алланың періштелері олар адамзаттан бөлек жаратылыс», дегенді алға тартады да, оны соңына ергендердің бәрі қостай кетеді. Аятта; «Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Алла тағала барлық мақтау лайық. Ол, жаратауда қалғанын артырады. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге күші толық күші жетуші.(1) Алла тағаланың адам баласына берген мархаметін тосушы жоқ. Алланың тосқан нәрсесін жіберуші жоқ. Ол аса үстем, тым хикмет иесі.» (35-1)

Сонымен Алланың ОЛ сипаты қанатты періштелермен байланысты, барлық хикеметтерін бейнелеуші, орындаушы, көрсетуші, білімдерін жеткізуші ақиреттен елшілік істерін атқараушы екі аралық дәнекер болатын ашық баяндайды. Енді барлық періштелер адам баласына сәзжде жасаушы, яғни қызметке тұрған адамзаттық қуаттық жүйесінен ғана көбейіп, жетіліп, Алланың өзіне қайта оралатын де естен шығармаңыз. Аяттарда; «Көлеңкенің ұзынын Алла жаққа алынады» деген. Әрбір адам баласының метафизикалық тұрғыдағы өрісі көлеңкесі, ішкі дүниесінің періштелерінің бейнесі болып қалыптасуы керек. Енді әрбір рухани жетілген пендесінің ішінде Мен періштелігі жеті қанатты жеті жұлдызбен Мұхаммед пайғамбарымыз және Ғиса пайғамбаралық қуаттық жүйемен байланысты болып, ал оның қанаттары біздердің алды-артқы, оң-сол періштелеріміздің төртеудің түгелдімен, «төрт көздің түгел болуымен» жанымыздың қуатын білдіреді.

Сонымен Алламыздың барлық хикметті білімі, толық күші де осындай жанымыздың тазарып, көбейіп жүрек көздерінің қол әруағы арқылы қуаттануы, қанаттанумен байланысты болмақ. «Қол-қанат бала», деген ұғым бар қазақ сөз ғылымында. Барлық қанатты періштелік қуаттардың адамзаттың рухани өнімі, құлшылығы арқылы пайда болғанымен Алланың өзінен, тәңірлігінен елшілік, шапағатшыларынан біздерден, Аланың нұры арқылы он саулықпен дәрежелеуі арқылы ғана бейнеленіп күзетші, әруақ, аруақтық сипатта «көздер», «жүрек», «кісілік» бейне сипатында қалыптасады.

Ал негізінде, Алла тағаладан келетін нұрлардың кісілік қуаттар болып екі сипатта қанатсыз, қанатты қуаттар болып адамзатқа еніп жалғанады. Қанатсыз періштелік қуат нұры табан арқылы еніп сүйекке өтеді. Мұндай періштелік қуаттарды жер ана рұқынан, ойапатты жерлер яғни әулие-әмилер зияраттарынан, немесе кез келген жерден дәретсіз, киімсіз жалаңаш жүргенде құрансыз шерік тұрғысында да жалғанамыз. Енді мұндай адамзаттың өнімі, рұқтық сипаттағы қанатты кісілік қуаттардың сипаттарын тәпіштеп түсіндіріп көрсек;

1 қанатты періштелік қуаттар; Көз, тіл, сұқ өтумен, жалғанып алумен байланысты; 2 қанатты; Өңеш, төс,тамақ бездері, екі жақ, жұтумен байланысты бейнеленеді, жалғанады; 3 қанатты періштелер; Қолтықпен, білекпен жалғанып бейнеленеді; 4 қанатты; Шынтақ, қос бүйрек арқылы жалғанып түзіледі; 5 қанатты; Жаурыннан екі алақанға көтеріледі жалғанады; 6 қанатты; Балтырда және әйелдерде жатырмен жалғанып тұрады. 7 қанатты; Адам баласының бойынадағы өрістік тұрғыдағы жан сарайы үйі болып қалыптасады. Екі иықпен саусақ арқылы жалғанып орнығады. Мұндай жағдайда адам баласының 6 қанатылық періштелігі 7 қанат арқылы үйге қонады бірігеді.

Адам-жан мен тән бір қанаттылық қуатқа жатады. Оң сол және ана сүтімен, әйелдерімізден алатын бір қанатты періштелік қуат арқылы алдымыз артымыз толысады. Ал, Адам атамыз 41 қуаттық періштелік жүйеден тұрғанын да естен шығармаңыз. Мұхаммед пайғамбарамыз жеті қанатты періштелікті меңгерген 7 қат көкке жалғанған және сана қуаты арқылы періштеліктің барлық бірлік бейнесімен ақ қанаттыға айнала білген. Қазіргі дінші, масһабшылардың бес парызды орындап, тура жолда болдық дегендері, осындай өздерін жеті жолға жеті қанатпен жалғанған яғни пайғамбарымызға өздерін періштелік сипатта теңдес қылуымен байланысты. Енді әулие-әмбилерімен, біздермен періштелік сипаттармен жалғану арқылы ата жолында Алланың өзінен қандай нығметті меңгеруге болады деп сұраңыз.

2 қанатты періштелік қуаттарға жалғану арқылы құстық жүйеге, қанның тегіне және ұрпақтардың (жас сәбидің) бет жүзін қорғайтын күзетшілерге жалғанамыз; Ал 3 қанатты періштелікпен; 7 түрлі Раббымыздың хикметінен келетін қанат-білімі болмақ; 4 қанатты періштеліктен; Әзірет бабамыздың 3-қанатты ілімінен қасиет, қанат болып қосылумен байланысты; 5 қанатты періштеліктен; Аспан денелерінен 7 қабат көктен, жерден келетін аянмен берілетін қасиеттердің қанатқа бейнелену болмақ; 6 қанатты періштелікке жалғануда; 7 саусақ қуаттық жүйесімен байланысты қанаттың пайда болумен байланысты болмақ. Ал енді 7 қанатты періштеліктің жағдайы; Самұрық қанатымен, барлық тәңірлік қуаттардың бірлік жүйесіне жалғанумен байланысты қалыптасады.

Жалпы қанат, қанаттылық періштеліктің ұғымын 47 –Мұхаммед-сүйіспеншілікпен Аллаға көмекші бұйрықтарын жеткізіп, атқарушы 39 –сүре «Зүмәр-Ұқтыру, ұғыну» болып бейнеленіп, насихаталады. Енді қазіргі таңағы әлемдегі бооып жатқан қандайда бір дағдарыстардың себебі де, әлемдік қуаттық жүйесінің теңдігінің бұзылуынан қияметтік мезгілдің пайда болуына ғана себеп болды. «Тозақтанда адамзатты білім құтқарады» деген даналар. Бұндай қияметтік жағдайда жаратушымыз қалайда алдымен қара түнек күштерінне қарсы тұра білуімен, түсіретін азабынан қалай құтқылуға болатынын, яғни Раббылық білімін түсіндіретіні де, оны меңгеретін елдіңде қандай дәрежеде болатынын алдын ала құранда ескертілгенді.

Мұндай жағдайды антты бұзып аманаттарды тастаумен байланысты; «Олар өздеріне бір мұжиза көрсетілсе, оған міндетті түрда сенетіндеріне Алланың атымен ант қылды (иман келтірдік деді). Мұхаммед; «Мұғжизалар Аланың қасында (біздерде)» де. Шынайы түрде оларға мұғжизалар келсе де, сенбейтіндерін сезбейсіңдер ме? (109) Олардың көңілдерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз. Олар қаңғырып жүреді.» (6-10-10) Сонымен қазақтың діншілері мен ел билеушілері өздерінің меңгерген біліміне мәз болуымен, атақ шенге байланып, «басшы десін, имам десін, ғалым десін, ақылды десін, орыстан бөлек текті қазақ десін» деген десіндерімен көңілдері артына кетіп, ата-баба аруақтарын терістеумен, қауымдық күзетшілері, «көздері» теріс айналып, қаңғып кеткендер болып саналады.

Сонымен ата жолы болып Раббымыздан мұғжиза келіп, Ақ ұлдың бастауымен кез келген пенденің жүрек құлақтары ашылып, тылсыммен байланыс басталған еді. Мұндай жағдайда; «Бес ата» -бес қанатты періштеліктің (5х5=25; Фұрқан-еске алу) жалғануы болып, жаннатықтардан аспан денелері мен жеті қат көк, жерден хабармен, аян, уахи, баталармен білімнің жанға қанат болып жалғану басталғанымен, мұны толық меңгеру де мүмкін болмады. Бірінші себеп; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Жүрек құлақтарын аштырумен ата жолына қызметке тұрғандардың өзінде ақиретке деген нанымы, еске алуылары жетілмей қалып, және ата жолы білімін де зерттеп, құпия сырларын ашып меңгеру болмады.

Көптеген ата жолдықтардан «Бізде Ақ ұлдың кезінде ешқандай қағида, білім болмады, өзіміз әйтеуір осы дұрыс деген әдеттермен, естіген білгендермен қызмет жасауға тура келді» деген сөздер бар. Бірақ бұл қате ұғым. Себебі әулие-әмилер батасымен қалай шариғатты, ата дәстүрін меңгеруді ашық түсіндірсе, ал аяндармен рұқ, жан ғылымын құранды қалай меңгерудің сандық құпиясына шейін көрсетіліп түсіндірілді. Бірақ бұл аяндар кез келген аққу, сұңқарға, сарбаздарға шариғатын ұстанбаған, бой өрісін сақтап, бес уақыт намазын оқымаған, қалай болса солай киніп, араммен араласқан, дұрыс ойлап,сөйлеу білмейтіндерге ғана берілмегені хақ. Және аққу,сұңқарлық қасиеттерді пайғамбарлықтық қасиеттің жоғарғы дәрежесімен және елшілік қасиеттерімен жалғанумен байланысты 42 санды Ар қуатымен, «Шура-тәлім, өнеге» сүресімен Ақ ұлдық дәрежелік қасиетілікпен байланысты еді.

Сондықтан қазіргі таңда бұл қасиеттіліктің дәрежесіне жете алмағандар, тастап кеткендер ары жетілмеген немесе арсыздар ғана деп түсіну керек. Қазіргі таңда зиярат басына адамдары жинап апарумен ғана шектеліп шариғатты да меңгере алмай, керісінше ақ бұлақ қайнарларын арамдаумен айналысып жүргендер ата жолында емес, шайтан жамағаты ібіліс жолындағылар болып саналды. Олардың орда істерінде де көшеде жұмыста жалаңбас, қатындары шалбар киіп ордаға келгенде ғана ырымын жасап, бірін –бірі тазартқан болып, және шырық жағып батамен жетеледік дегендері де қара түнек күштері жындардан екеенін білген жөн. Олардың ішінде Ақ ұлдың кезінде ақ үнге табандары арқылы жалғанып, бата беруге машықтанғандар, енді бұл үнді жоғалтқанмен, көрпкелдіктері қара бақсылыққа жалғанып, жұрттың бой өрісін оқып, оны ырғақпен бата айналдыруға машықтанып алғандар.

Олардың негізі мақсаты қалайда керуенге адам жинаумен байланысты да баталарының бағыты, қорқытып үркітіп қалайда керуенге шығарып садақасымен пайда табу ғана. Әрине мұнан есті пенде ешқашанда ұтылмайды. Әрбір керуенге шығып, ата-баба, әулиелерді зияраттағанда, құдай садақасын тілегін қабыл қылуы да хақ. Сондықтан алғашқыда осындай зияраттау арқылы кез келген пенденің өзінің тағыдырына байланысты жетістікке жетуін мұндай тобырлықтар өз пайдасына жақсы пайдаланады да, жаңадан пенделерді шығаруға құштар. Себебі шариғатты өздері сақтап, ата дәстүрін меңгере алмағандықтан олардың соңдарына ұзақ уақыт еретін есерсоқтар болмаса, ақылы бар пенде өзін аулақ ұстауға тырысып немесе шайтан, жындары басым болғанда, дұрыс ақталмағанда ата жолына деген қарсылығы жек көрнішін ғана пайда болып масаһбшы немесе мүлде жеке құдайшыл болып алады.

Мұндай жалған қасиетілердің ықпалына түсудің әрекеті болашақта көбейе бермек. Себебі құдадан нұр түсумен байланысты, ішіндегі күнәлары әшкере болған халықтың азапқа түсіп, арпалысқа түсумен жаппай ата жолына немесе мешітерге тығылуға жүгіртіні де хақ. Мұндай жағдайда 132 жалған емшілердің де пайда болатын ескертеді әулие-әмбилеріміз. Ал ата жолына ең қауіпті қарсылықты ұйымдастарушылар, Ақ ұлдың дайындап кеткен, бірақ адасқан аққу, сұңқарлар емес, керісінше бүгінгі таңда пайда болған жалған мөр ашушылар екін де хақ. Ондай жындардың ықпалына байлаушылардың саны 11 ге жетті деген хабар бар, бірақ мұнанда көбейе беруі де сөзсіз. Бұл ата жолындағылардың өздері де жан ғылымын меңгере алмаудан халыққа түсіндіре білмеуден туындайды.

Және қазіргі таңдағы ел билеушілердің ашық арсыздық саясатынан жұмыс орындарында, көшеде әйелдер үшін шариғат парыздарын ұстануға, орамал тартуға ал еркектерге бас киімге тиым салынып, және мекемелерде, қоғамдық орындарда намаз оқитын орындардың бәрін жауып тастап, құдайға ашық соғыс ашумен де байланысты, мұндай екі жүзді топтарды көбейтуге ғана жәрдем болмақ. Мұндай жағдайда қазақ халқы ғана емес ел билеушілердің өзі жандары жетіле алмай, қартайып, жоғалып үлкен азаптың, жоғалудың алдында тұрғандары хақ. Қияметтің жауабы енді ашық түрде осы желтоқсан айынан бастап үдей бермек. Сондықтанда бұл қияметтік мезгілден қазақ елі бірінші болып шығуға да ата жолы себеп болмақ.

Ол үшін әуелі жоғарыда баяндалғандай екі топтық жағдайды меңгеруді ашық үгіттеліп үлгісінде көресетуге ата жолындағы есін жоғалтпаған, ар -намысты аққу, сұңқарлардың тақуалық әрекетімен ғана нәтижесі көрінеді. Сонымен ата жолы үш топтан тұрып; Үшінші топтың сипатын етек жеңнің дұрыстығы, аяқта мәсі, бастың толық қорғалумен ғана қалыптастыруға болады. «Алла жолында мал, жандарыңмен соғысыңдар» деген жаратушымыз. Бұл топтықтардың малын қоралап, қайратылық, жігерлігін меңгерушілер, малдық қуатымен Алла жолынла соғысушылар болмақ. Мұндай тақуалыққа бет бұрған аққу, сұңқарлардың өздері толық ақталудан өте алмағандықтан, құран үніне жалғану болмаса да жалпы шариғат, масһабты меңгеріп және дұрыс сөйлей білуімен үгіт, насихаттары да ата дәстүріне негізделгендіктен, муфтият діншілерінен рұқтық қуаттық жүйелерді меңгеруде, жындарын тазартуда әлде қайда биік тарихаттық дәрежеде болып табылады.

Ал батаның ырғақтық сипатында мұсылман жындармен, жоғары топтармен байланысты ақпараттарға жалғанып, дін имамдарынан да жоғары жетістікке жетуге мүмкіндік ашылады. Себебі қалайда 72 жындармен байланысты топтық, қуаттық тұрғыда жиіліктерге, жүктерге жалғанып, құран, тақуалық арқылы тазартып ақтап меңгеру шартты болмақ. Сондықтан мұндай жағдайда 73-ші топтық жүйені меңгеру құлшылығы болмақ. Адамзатқа; Көру, Есту, Ойлау сезімдік қуаттық жүйені бірлеп меңгеру арқылы ғана туралыққа жалғануды бұйырған. Енді көріп ойланумен; бес күндік, сезімдік қарсылықтарды меңгеру болып; Естіп, көріп ойланумен бір естілік жүйені меңгеру болып; Естік, көріп және ақылмен өлшеп ойдан қуат ала біліуді бірінші дәрежелі ақиқатты меңгерушілер тобы болуы керек.

Дұрыс көре білу үшінде тәндегі барлық әуреттердің, көздердің қараңғылықта болып бастағы көзге ғана қызмет қылып жүйкелік тұрғыда сезімді бірлеу болмақ. Бұл қасиетіліктің негізінде әйелдерге тән болып, шайтандық қуаттарды тазартумен, ал еркектерден жыны мен шайтанын ажыратумен байланысты, ата жолында үшінші топтың маңыздылығы және ата дәстүрін меңгерудің ірге тасы болмақ. Ал екінші топқа осындай тақауалықты меңгеру арқылы өтетіндер және рұқ, жан, малдық қуаттық жүйелердің білімін меңгерумен, құранды түсініп оқи білумен, есту қасиетінің жетіліп, ой қуаты артып қана құранның үніне жер ана рұқына толық жалғанумен ғана белгілі болмақ. Сонымен бұл екі топтың да төменгі және жоғарғы дәрежелі аққулық, сұңқарлық қасиетіліктері болатын да білген жөн. Өзіміздің меңгерген тәжірибемізден, жіберген қателіктермен байланысты, алдағы жазбаларда баяндап көреміз. (жалғасы бар. Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *