Ыбырайым жолына жалғану(145)

Бөлім: Зікір өлеңдер 39

Ыбырайым жолын жалғаған,

Дәстүрі қазақ салтынан.

Үлгі алар ғибрат бар,

Адамға Құдайды таныған.

Екі жарты бір бүтінмен,

Жарығын әлем өсірген.

Сенімін бұзбай Аллаға,

Айырмай аян, уахи жібінен.

Дінді бұзып, бұрмалап

Масһабшы қылды туралап.

Ескі әлемнің білімін,

Заманда бүгін жол атап.

Нұқ пайғамбар бастаған,

Үздіксіз жолы жалғанған.

Тоғыз дәуір бірлігі,

Заман боп қайта оралған.

Тоғыз есім жол салған,

Ғибратымен сүре аталған.

Тоғыз жолдың торабы,

Сегіз түрмен ісрадан.

Ыбырайым жолы ортадан,

Ерлі зайып бір болған.

Қағба, қажырлық исламда,

Жер ата рұқына жалғанған.

Бәйбіше тоқал салтынан,

Сара мен Ажар анадан.

Текті ұрпақты өсірген,

Аталық шауқат арыстан.

О заман мен бұ заман,

Өлшемі келмес турадан.

Тағдырмен уақыт теңбе-тең,

Бола ма санмен жазылған.

Әр заманың дәуірлік,

Келетін қайта тіріліп.

Уақыты бар теңелмес,

Кісілік қуаты тіршілік.

Тілді бұрап, дін бұзған,

Діншілер бар антұрған.

Құдайдан ілім меңгермей,

Ақылға қақпан құрғызған.

Ой жорып, сөз түземей,

Сөз қадірін түсінбей.

Тәпсірмен пәтуа береді,

Өлшемін сандық еңсермей.

Ескі қалып пошымға,

Алланың жолын тосуға.

Сыйдырып ұғым жаңадан,

Құранға ортақ қосуда.

Ыбырайым жолын алмаған,

Түс, аянмен жоба Құдайдан.

Дін ісін мен Құдай ісін,

Ажыратпай иман жоқ жалғанған.

Қазаққа түскен құпия сыр,

Жан ілімнен болып жыр.

Асыл сөздің мәйегі,

Ыбырайым жолы болып дүр.

Меңгермей Алла хикметін,

Ақиреттің көмес дерегін.

Турасы жолдың бола ма,

Өсірмей ділді, сөз өнерін?

Отқа күймес қажырлық,

Отқа оранған салқын ғып.

Діл қуаттың бұл тазасы,

Әлеммен жалғар қажылық.

(Қыркүйек 2018 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *