Үйінді тас ес білгелі үй маңда,
Үйіндіге көз үйреніп қалғанда.
Қысы-жащы ашық аспан астында,
Жатушы еді керексіз боп еш жанға.
Үнсіз кейде анам марқұм сол тасқа,
Қараушы еді, қос жанары көз жаста.
Жансыз затпен ой алмасып аз уақ,
Назар салып қараушы еді мен жаққа.
Өсе келе сыры мәлім болғанда,
Әке арманы сол тастарда қалғанда.
Ұлыма арнап зәулім сарай салам деп,
Өз қолымен жинапты әке жалғанда.
Уақыттан адам озып болған ба,
Жете алмапты әкем марқұм арманға.
Үйінді боп үй маңында қой тастар
Орын алып содан бері қалғанда.
Тасқа қарап арман етіп ана өтті,
Таста ойнап артта қалған бала өсті.
Өмір кезек-бұзылмайтын заңдылық,
Әке арманы-ұлға парыз демекті.
Кергіне тастарыңды жаратып,
Үй салайын немереңе арнатып,
Парыз жүгі орындалар жалғаның,
Күн келеді кештен кейін таң таң атап.
Игіліктің ерте-кеші жоқ дейді,
Ұмтылыссыз адамзатта өспейді.
Ұлы істі алға қоып кетіпсің,
Ұлың арнап аз ба, көп пе деп мейлі.
40 жылдан соң орын тауып тастарың,
Бүгінгі таң орындалды арманың.
Ұрпақтарың кең сарайдың ішінен,
Дұға жасап өзіңе арнады.
Тәлім берер-әке арманы балаға,
Ұға білсе ақылы бар санада.
Әкеме арнап алғысымды айтайын
Үйінді тас-қайық болған жағада!
(Тарыбаев Қыдырәлі)