Үлкеннің жанын жас көп ұға алмайды,
Ақыл айтсаң сөзің тергеп кіналайды.
Үлкен мен жастың қиялы екі бөлек,
Жындылық кісілікті жыға алмайды.
Жас емеспін қаным қызып қайнап тұрған,
Нәпсінің талабын дүние ойлаттырған.
Дүниелік көп қызықтан көңіл суып,
Хақтың өзі болашақты ойлаттырған.
Тірілген ақылым бар жанға суат,
Бір құдай, арым таза болса сұрақ.
Сағыныш бар кеудемде, жұбаныш бар,
Жаралы жанға берер шипа қуат.
Дұғам бар Алладан болған жарлық,
Түрлі дертке дем салып құтқарарлық.
Ұйықтап кеткен жүректі де оятарлық,
Қасиетті сый құдайдан жол ашарлық.
Ізгілікті дәстүр-салтқа үлгі аларлық,
Бұл өмірден махаббатым сый боларлық.
Өлі емеспін дүние ісіне әлі ортақпын,
Нәзік жанды жар алып жұбатарлық.
Жастық шақтың көп қатесі түзетерлік,
Құдайым қолдау берсе тәубе етерлік.
Келмеске кетпей тұрып махаббатпен,
Із қалдырсам артыма діннен берік.
*** ****