Заман-намаз және биғаттар туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 50

      Пайғамбарымыздан: «Алла тағала былай деді: Адам баласы заманға налып мені ренжітеді. Ешқайсыңыз заманды сөкпеңіздер, себебі сол заман менмін. Күн мен түнді ауыстырып тұратын тұрған мен. Егер қаласам тоқтатып қоямын.» (587-өсиет) Заман деген әлемдік қозғалыстың білімі. За—даналық, ман—бастапқы екі негізді қозғалыс басы болып, Алланың ғылымдық сипаты Алла тағала, яғни Алланың құдірет қолы-заман болып саналатынын пайғамбарымыз ескерткен. Және заманның қолқабыстық сипаты- әрбір адам баласына жазылған тағдыр, уақыт екенін де, күн мен түннің ауысуымен қатыстылығын ескертеді. Шәкәрім атамыз; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген өлең жолымен пайғамбарымыздың осы өсиетін көрсетіп кеткен.  Ал, енді  әлемдердің ұлы қозғалысының, заманның 9-сипаты себебін туындататын адамзат жанының негізі; «Мен» деп аталады. Мен — бастапқы нұр, қозғалыс басы, Құдайлық сипат және Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағының да негізі болып, қасиетті басқарылатын қуаттардың түп негізі болып саналады. Және  «Мен» адамзатқа берілген сый, аманат болып, өзін-өзі сыртқы себептерге тәуелсіз қозғалысын қамтамасыз ете алатын себептік, қарсылық, періштелік, құдайлық қасиет негізі болып табылады. Сондықтан бұл періштені Абай атамыз мәңгі өлмейтін және өлетін «мендерден» тұрып; «Менікі екі» деп сипаттаған.  Бір «Менің» құдайдан берілген иман-тағдыры болып, оны өзі қайтып алса адамзат өмірі тоқтайтын жан негізі болса, екінші «Мен» түрленуге түсіп, қайта-қайта өліп, түрленетін рух негізі болып саналады. Енді бұл «Мендердің» әр адам баласына тән уақыттық өлшемі мен қауымына, яғни рухтық«Алтауына» және жандық «Мен» негізінен жеті сабақтық шежіре ағашына, ата-анасына байланысты сапасы мен өзектің қасиеті бар. Платон; «Адамның жанының тұтастығы жан мен тән қарама-қарсылықта. Бірақ жан ғана адамды адам ететін жаратылыс иесі болып табылады. Сондықтан адамның жалпы сипатамасы, оның мақсаты және әлеуметтік орны жанның сапасына байланысты.» Адам дегеніміз «ЖАН» деп түсіндіреді дана ойшыл. Сондықтан адамгершілік дегеніміз «жанның сапасын» белгілейтін ұғым.

      Адам баласына жанның түрлі жағдайында  заманды тағдыр қылып жазып, енді осы жанның сапасын арттыруға, жетілдіруге, несібесін бүкіл адамзатқа тең қылып нұрын намаз орындау арқылы зейнеттелуге аманат етіп, парыз қылған. Абай атамыз мұндай негізгі жанның сапасын «Мен»-ді; «Сөз сатып алып не керек, Тәңір сені екі сөзбен атқан» деген астарлы ұғыммен, жан негізі аманат пен уәдеден тұратынын, ұлттық негізге байланғанын ескертіп кеткен. Және адамзат тағдырын 3 түрлі тіл арқылы (оттың, судың, ағаштың) қозғалыстық басқарылуын міндеттеп, бүкіл нәсілдерден ақылға бағынуға  адам болып жаратылмай тұрып уәдесін алған. Ол үштік бірліктерден сана қуаты болып, бұл сипаттарды аталарымыз діл білімі деп ескерткен, ал пайғамбарымыз; «Әуелі анаңа, сосын тағы анаңа, сосын тағы анаңа жақсылық жасап, сосын әкеңе жақсылық жаса!» деген астарлы өсиет қалдырған екен. Бұл өсиетті тәпсірлесек Ана тілін, рухтың тілін, жанның тілін меңгер, яғни тіл білімін меңгеру ең жоғарғы құлшылықтың негізі деп ескерткен. Ал жанның тілі көктік су тілі, рухтың тілі отттың тілі, ана тілің жер суының тілі болып көрінісін беретінін естен шығармаңыз. Сонымен Құран философиясы бойынша заман—ғылым болып, барлық өлшемдердің негізі мизан болып, барлық қозғалыстық себептер заманға байланысты әрекет етіп және бұл қуаттарды шамасына қарай жүктеліп, тазартып, түрлендіріп адамзаттың аз, көп өлшеп алу, өлшеп беру таразысы намаз болып, есептің яғни иман қуатының негізін қалайды. Заман дегеніміздің ендігі бір сипаты бүкіл әлемдік шежіре тарихтың, дәуірлердің қозғалыстық шамасының көрсеткіші. Заман әлемдік уақытты белгілеумен негізінен 9 дәуірлерден тұрып және ішкі уақыттық қозғалысымен; күн мен түн қозғалыстық шамасымен жұп болып 18-бен нәтижеленіп, қайта төртеумен түгелденіп; 36 санымен толық бір шеңберге айналып отырады. Және олардың ішінде төрт мезгілдік ыстық, суықтық сипаты, 30 күндіз-түндік, қараңғылық, жарық сипатынан тұрып, оның іші тағы 6 уақтық мезгілден, осылай 18 санымен қайталануын ғылымда «сарос» деп атайды. Тозақ, жаннат, ұжмақ және ақирет заңдылықтарының бәрі заманға тәуелді қозғалыста болып, ал адам баласына берілген нұсқауларды, аманаттарды орындау намазы арқылы замандық қозғалыс себептерін меңгерумен өз қажетіне қарай пайдаланып, адам баласының бақытты, бақытсыздығын адамзаттың өз қолына яғни жанына «Мендік» ерекшелігіне беріп қойған.

    Сондықтан заманды, яғни Алланың құдіретті қолын кінәлап жазғыру немесе оған «өзіне» міндетсу жаратушыға қарсылық болып, үлкен күнә болып табылады. Құранда заман намазының өлшемін; 17 және 12 санымен белгілеп және 111-сүре заманның ішкі себептік Алланың құдіретті қолының қозғалыс кітабы болып табылады. Сондықтан 17-«Ісра»-ны,»Мен»-дік тағдырлық себебін меңгеру арқылы пайғамбарымыз миғражға көтеріліп, өзі өмір сүрген қоғамда және сол заманда адамзаттың жаңа бір даму сатысына көтерілуге себепші болып, енді заманның тағы жаңа өлшемін қалыптастыратын, намаздың «үш-жұлдыздың» үкімін жерге алып түсті. Енді негізгі заман ағашы көкпен жерді жалғап тұрған 12-бұтағы бар, әр бұтағы 12 ай, әр бұтағындағы жапырағы 30 күн, бір жағы қара-түн, екінші жағы ақ-күн болып, оған тұрақты жалғануды қажылық намаз деп атаймыз. Бұл ағаш негізінен Адам ата Хау анамыздың алғашқы тіршілік басы заманымен байланысты болып, оған дейін 8 түрлі заманның намаздарын, хаждарын орындап қана толық жалғана аламыз. Бұл дәстүр намазы әр адамның өзінің менімен 4 сөз жазылған тағдырының қарсылығымен және Алланың жаратқан Тәңірлік болмысы, барлығының растығығ себептік 8 сипатын намаз қылып алумен байланысты болмақ. Бұл себептерді Абай атамыз; «Алла мықты жартқан 8 батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.» деген астарлы жұмбақпен және бұл сегіздің де бастапқы негізі тіл білімі арқылы басқарылатын; «Сегіз аяқ» деген өлеңмен; «Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл» деп бүкіл діл, тіл білімінің негізін сипаттап; «Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан.» деген ұлттық рухани мәңгүрттікке айналу себебін де ұлттық салтымыз бен замандық білімімізге тәуелді болатынын ескертіп те кетіпті. Сондықтан да аманатқа қиянат жасамай, ұлттық, нәсілдік, әлмисақтық уәдесін ұмытпай,  өз заманының білімін, себебін меңгеріп билеген еркек; 8 қырлы бір сырлы болса, ал әйелзаты көркем қылықты және кемпір мінезді болып қалыптасу намазын меңгеру шарт. Аятта: «Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларының кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені жарық қылдық.» (17-12) Уақыт күн мен түннің есебінен 24 санымен өлшенсе, Раббымыздың несібесі 17;12 және 17+12=29 санымен және жұптары ақирет несібесі 71; 21;92 сандары болып құран аяттарымен насихатталады. Хаж сүресіндегі қажылықтың негізі болған қағбаны шамасы келгенше тауап қылудың міндеттілігін көрсеткен және 29-санымен белгілеп, оны дәрежеленгенде оңнан солға айналып 92-ні беретінін; Әл-Бұхари атамыздың пайғамбарымызға келген аяттарды, хадистерді 92-санмен кітап қылып  белгілеген құпия сандар тағлымын да ескертіп тұрғаны сөзсіз. Және бұл аятпен ислам дін ғалымдарының заманның есебі жылдарға тәуелді және оны тек жарықпен өлшенетінін, яғни 12 санға, тұрақты 12 айға «григориандық» жыл санауға тәуелділігін; «..жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық.» деген 12 санмен белгіленгені ақиқатын растап тұр. Яғни бұрынғы түркі аталарымыз мезгілдік есеп жүйесін айдың тоғысы деп 11 санымен, ал жылдар есебін 12 санымен күнге байланысты және 12 мүшелмен есептегені де, біздің заманымыздың білімді діншілерінен, ғалым, теологтарынан сол заманда-ақ олардың әлде қайда құранды жетік меңгергенін көрсетеді. Құранның өзі-сөзі заманның білімі болып, әлем жаратылысының барлық кезеңі мен қиямет-қайымға дейінгі негізгі қайталанып отыратын уақиғалардан тұрып, оның негізгі құпиясын 56 санымен яғни жұбымен қозғалысқа түскенде 112-санды «Ыхлас» сүресі заманның жер бетіндегі басқарушы патшалығы болады. Құраның басы-дәрет, бой тазалығы болса, анасы-бата, дұға; қорғаны— ар сауыты, аятул күрсі; көңілі- ұжданы-ясин; кілті-Ысрайыл (Мәді Мұхаммед), яғни Ықылас; тәсбиғы-шырақ болып, кімде-кім бұларды меңгеріп, намаз қылып алмаса, онда құран оған заман білімі болып ашылмайды, аян болып оқылмайды. Заманына сай құран арқылы жоба болып оқылатынын, аяттардың мағынасы, насихаты өзгеріп тұратынын ескерткен: «Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т)-ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?» (2-106) Заманына қарай ақылдың да өлшемі болып, аталарымыз; «Ақыл алтау, ой жетеу»деген мақалымен Шәкәрім атамыз; «Беске де риза болмай алтыны ізде!» деген насихатымен бұл санды аяттар құраның жүрегі, адамзатқа жеке-жеке оқылатын жоба кітабы, қауымдық періштелер болып, (5+6=11) рухтан ақыл болып есептеледі.

      Дін ғалымдарымыздың исламның бес парызы арқылы ақылды іздеуді масһаб білімі қылып алып адасулары да осындай астарлы ұғымдарды меңгере алмаудан пайда болғаны сөзсіз. Және 106-«Құрайыш» сүресінің өзі құранның жүрегі  арап тілінің құрайыштықтардың замандық үніне де тәуелді құранның басқа тілдерге аударылу хикметтерінің бар екенін көрсетеді.  Енді; «Құраннан ем-шипа, рахмет түсіремін» деген Раббымыздың ескертуі де осындай сүрелердің мақамдық, замандық ұлттық үнмен бірігуі мен тіл білімнің ерекшелігін де ескертеді. Мақам табу дегеніміздің ерекшелігі де заманға тәуелді өзгеріске түсетінін ұмытпаған да абзал. Сондықтан араптар орта үммет болып,  намаз оқушы болып, ділдерінің, үндерінің бір қалыптылығын, мақамын сақтау үшін жаратқанымыздың оларға берген тұрақты заман намазы-оқу деп ұғынғанымыз жөн. «Олар сөзді зерттемей ме?» деген момындық, мүміндік кітап берілгендерге түскен ескертуді назарға алып; «Уақыт»деген сөз «Уақ»-деп, алдыңғы басылымда жазылған 6 қуаттың тоғысын, бір тәулікте 6 уақтың болатынын айтсақ; «ЫТ» деген Алла тағаланың бұйрығы, үкімі болып, уақыт негізі: «3 кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5 кісі сыбырласса 6-шы Алла» деген аят үкімімен «Ыт-3, Ыт-5» қолқабыстарымен бүкіл уақыт, заман қозғалысы болады. Олай болса ішкі қозғалыс сағаты; 6+3=9; 6+5=11 сандары болып табылады. Енді «Ар»-дың мәнін тауып, уақтың 6 мәніне қоссаңыз, онда құран аятынан «аруақ» ұғымының сыры да пайда болады. Ал қазіргі таңдағы муфтияттық масһабшылар есеп жүйесіндегі намаздар уақытын тек бір «хижра» уақытымен құлшылықтарды орындаудан, негізгі әлемдік замандық қозғалысқа деген қарсылық, күнәлі биғат (пәтуа) пайда болады. Аятта;  «Мұхаммед сенен жаңа туған айдың жағдайын сұрайды:«Ол, адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу»де…» (2-189) «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі.» (6-96).

     Бұл аяттарға мұқият ақыл жұмсаған адам баласына құлшылықтың 2 есептік уақыты күнмен және аймен болып, ал «..айдың жағдайы… адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу» деген ескертумен, хижра есебі адамдардың қияметтік мезгіліне, тағдырына байланысты болып, негізінен хаждың, яғни жер бетіндегі нұрдың түсетін шамасын түн есебін, ауыспалы қозғалыстағы уақыттың шамасы; «хижра-Түн тізбесінің» есебін көрсетеді. Олай болса, негізгі біздің дүние тіршілігіміз, құлшылығымыз түнмен емес, күнмен жарықпен өлшенеді «..және күн мен айды есеп үшін жаратқан» деген үкімен григориандық күн тізбенің 12 айға және 365—,367 күнге қатысты есептік жүйесін ашық ескертеді. Аятта: «Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіленді. Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді. (5) Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар.» (10—6) Бұл аятпен жаратушымыз уақытты жарықпен, күнмен  есептеп, ал заман дәуір есебінің шамасын болатын уақиғалар, сынақтар, қиямет  мезгілінің есебін; «…жылдардың сандарын,» адамзаттың тағдырлық есебін белгілейтін айдың бетінде орындардың бар екенін, солар «орындар-шұңқырлар» арқылы шындықтың да заман білімі болып оқылатынын ашық ескертеді.

      Енді бұл аяттардың сырына неге 10 саны және «уақ» пен белгілеріне алдағы басылымдарда қайта оралармыз. Осындай аз ғана мысалмен масһаб және ислам әлемінің құлшылық намаздарының, яғни пайғамбарымыз орындаған намаздарды шайтан адамдарына, жалған ғалымдарға ұрлатқанын да дәлелдейді. Хижра уақытымен ешқандай мұсылман бес уақыт намазын оқымайды және әр нәрсенің жұбы бар деп есептесек, бес уақыт намаздардың қалған жартысы негізінен «хижра» түн тізбесімен,  хаж, ғұмыра жасау арқылы оқылатын намаздар болып, оны ата жолында бата, аян арқылы әйтеуір түгелдеп жатқан жайымыз бар. Мысалға; Қадір түнінің екінші жұбы «Миғраж түні» болып, пайғамбарымыз миғражға көтерілген уақытта хижра санауы әлі қалыптаспаған еді. Сондықтан маған келген уахи бойынша миғраж түнін григориан күн тізбесімен қарашаның (ноябрь) 26-нан 27-не қараған түні күтіп, намазын орындап жүрміз. Енді сол уақыттағы және әлі хижра есеп жүйесі енгізілмеген замандағы болған оқиғаны дін ғалымдарымыздың қалай хижра есебімен жарық күндерді қысқартып, әлем санақ жүйесіне қарсы дінді бөлшектеу мақсатында түн тізбесінің ай мен жұлдыздар кестесіне айналдырып жібере салған?  Сол сияқты пайғамбарымыздың туылған айы сәуірді- мәуліт айын да көшіріп жіберген «Фиқһ» ғалымдарының, оның қазақша «Көкек»-шақыру (азан) деп аталғанын және 11-нен 12-сіне қараған түні, яғни Гагариннің ғарышқа ұшқан күнімен сәйкес келіп, осы айда Иерусалимдегі шіркеуінде Мұхаммед пайғамбар құрметіне жаратқаннан шырақ жанатынын, ол негізінен бұндай барлық діннің бірлігі болған ислам дінінің құндылығын қазақ аталарымыз ертеден меңгергенін көрсетеді. Мұхаммед пайғамбарымызды «әлемге нұр-шырақ қылдым» деген аяттың құпиясы да осында. Ал, сәуір айының басынан аяғына дейін әр мұсылман мәуліт намазын қосымша оқыса, пайғамбарымыздың шапағатынан ораза айында үлес алатынын имамдарымыз да біле бермейді. Себебі «масһаб ғалымдары оны пәтуа қылмағасын болмайды» деген ақылымызды арап, мысыр  елдерінің қызылбастық  намазына байлаған шариғатымыз бар. Енді «намазхандар» аталған және аталарымыз меңгерген дін білімі, тарихат пен мағрипаттан бас тартқан масһаб ғалымдарының биғаттарының көбі жалған екенін дәлелдеп жазу үшін де арнаулы 2-3 кітап жазу керек. Еврей, исрайл ұлтынан болған сахабалардың «Ашура» күніне жасаған құлшылығына пайғамбарымыз; «Мұса пайғамбарға сендерден мен жақынмын» деп ораза ұстады деп, оны да хижра есебіне айналдырып, пайғамбар намазының уақытын тағы да ұмыттырған. Енді сол кезде қазіргі замандағыдай қуатты есеп құралдары болмай, мыңдаған жылдардағы уақиғаларды қалай артқа шегеріп, дәл қай жұлдызға да сәйкес келуін есептеп, «Хижра» түн тізбесімен сәйкестендіре алды? Ол күн негізінен Адам-ата қауымы мен Нұх пайғамбарымыз арқылы жалғасты келе жатқан бүкіл пайғамбарлар намазы болған,  көктің алғашқы көріну мезгілімен сәйкес келетін, табиғаттың жан еніп, тірілу күні, түркі елінің Наурыз күнімен сәйкес келіп, оны әдет-ғұрпымызға айналдырған біздерден артық «Ашура» намазын орындаған ел аз. Ал Мұса пайғамбарымыздың теңізден елін аман алып өткен мұғзижа көрсеткен күні; ол 1 қаңтар болып, кейіннен ол күндегі құтқарушы, адамзатқа сыйлық әкелуші, таяқ ұстаған Аяз атаға айналуының өзінде де астарлы бір себеп бар. Оны алда тағы да Раббымыздан сұрап көреміз.

      Енді хижра жыл санауына кіріп кеткен тұрақты күн тізбемен және жыл мезгілімен байланысты болған сапар айлары, яғни  жорықтар кітабы болған пайғамбарымыздың негізгі намаздары да, біздер үшін тағы да қақаған қаңтарға немесе қой төлдейтін, егін жинайтын уақыттарға келіп, сондықтан ондай намаздарды жаратушымыз тек арап елдері үшін ғана түсірген болып, біздер сияқты   ел үшін неге «серік қосып», «шерік қосатын» намазға айналды? Енді дін шапанын жамылған шайтан адамдар, яғни өтірікші тажалдар ел басының өзін қалай алдап, қателесіп ұлтының руханият дәстүріне теріс шешім шығаруына да кінәлі уәзірлердің кімдер екеніне болашақта халықтың көзі жететінін,  заман намазын көрсетіп ашық-ашық аяттардың осы уақыттардың кітабының кілті жұлдыз санаумен оқылатынын келесі басылымға   қалдырайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *