Заман үні(153)

Бөлім: Зікір өлеңдер 91

Тарғылдық үнде бір белгі,

Ақталмай қалған күнәдан.

Жүктеліп өзге ел нәсілдері,

Ниеті ата-ананың қайда қалған?

Иман, серік, қорғанды,

Шақырып амалымен болар Адам.

Нәсілмен ниеті елдің салты,

Арсыздығы жүк- салмақ болған.

Тарттырар түбі болып азап,

Тарғыл үн әйеліңде мойын баурап.

Оралған жылан болып өрісінде,

Жуан дауыс іші қар болған тозақ.

Жеті жанды түнекке қойған қамап,

Тән аздырып, жынмен жалғап.

Қара шапан жамылған өрісіңде,

Ақ сауытын ардың қойған тастап.

Нәзіктік әйелдерде үннен қашпақ,

Ділі қатайып жуан дыбыс шықпақ.

Тағдырында бұл арсыздық жүктерінен,

Ет-малы арамданған, жанға тозақ.

Әуезділік жүректен қайдан болмақ,

Жеті өріс бойын жүрмей таза ұстап.

Етек жеңді, мойынды толық жауып,

Ақ жаулық байлығынан болмай қуат.

Ділі қатты мінезде тұрған шатақ,

Еркектің алдын орап ақыл айтпақ.

Қаны тегінің азғанынан бұл бір белгі,

Басынан сөз асырмас қызы қазақ.

Алты жан тірілмесе алты дәмнен,

Сезімнің бұл жүйесі ақылменен.

Астарын сөздің ұғар бұл қасиет,

Жоғалып жетесіздік қасірет келген.

Қызғаныш дерті заманда нәзіктерден,

Тағдырға зинамен жүктелгеннен.

Жаннан қуат ұрлаған шайтан ісі,

Төрт аналық қуат текте бірленбеген.

Мен жаның ғылым дәні рұқы тегіңмен,

Көріп, естіп, ойланып сөз меңгерген.

Асыл сөздің астарын, ішкі үнін,

Мәңгі жанмен қазақ текті ұға білген.

Мен жаның төртеумен түгелденген,

Естіп, көріп, ойланып асыл сөзден.

Бастан масих Інжілден ақиқатты,

Қазақтың дәстүрінде Құдай ісіменен.

Ынта, ниет нәсілдігің Менікімен,

Нәпсінің бес сезімі қуат енген.

Тағдырың оң мен сол бес саусақтан,

Жазылған өнер, білім, ізгілік ісіңменен.

Ар, ұят, махаббаттан ұждан өнген,

Алты жан менікі ниет көңіліңнен.

Жүрек көзі ашылар жаның өсір,

Жаққанға арамын қан, сүйектерден!

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *