Естелікпен естілік(152)

Бөлім: Зікір өлеңдер 49

Ермек үшін сөз жазбаған,

Көп тағлым Абай қалдырған.

Тұшынып сөзін түсінген,

Шықты ма мықты арадан?

Мінезін қазақ талдаған,

Жетпіс екі қылық жын болған.

Мұсылман мен мүміндік,

Шалалығын дін қылған.

Ділін кім бар жұмсартқан,

Жан көбейтер қазақтан.

Сөз түзеудің өнерін,

Тақуалықпен жоба алған?

Ескіліктен үлгі алған,

Заманға қайта оралған.

Ол заманның жақсысы,

Бүгінге қалай жараған?

Екі тілмен байланған.

Бір от, бірі су болған.

Алланың жібін тарқатып,

Бола ма ақыл ол заманнан?

Латыннан таңба алғаннан,

Діл сақтаймыз деп сандалған.

Ділің болса қан тегің,

Ар, ұят пен ұжданнан?

Үлгісін алмай Абайдан,

Ой үні санға байланған.

Тұшынып сөзін түсінбей,

Болар ма хабар санадан?

Сөз өнері Алладан,

Әр ұлтқа болар қарсыдан.

Таңбасын тұрар өзгертіп,

Құдайдың ісі аталған.

Тәңірсіп өзі атаған,

Ел билеген сұмдардан.

Үш тілмен ғылым өндірмек,

Зұлымдық келген қай жақтан?

Діл өссе жазу жазбадан,

Бейнелеп үнді таңбадан.

Адамзаттың асылы,

Пайғамбар қолмен жазбаған.

Үнімен құран жалғанған,

Араптың елі орта топтардан.

Мектеп көрмей ұрпақтар,

Ділмен тілін сақтаған.

Нәсілі қазақ номадтан,

Жетпіс алты таңба қалдырған.

Жер анадан ар үні,

Кирилица-Кер бабадан.

Мағрипатпен байланған,

Қазақтың ділі иманнан.

Есігі таңба — Кер үні,

Санымен Ардың ой болған.

Иесіз таңба қалғаннан,

Біліммен ғана жалғанған.

Латындық жансыз таңбадан,

Семіздік індет жайылған.

Үнмен таңба діл жібін,

Тарқатып таңда ел билігің.

Қатындай қылық шығарды,

Жалғантып нәсіліне өзгенің.

Құдайсыз қурай сындырып,

Апат пен азап төндіріп.

Бұл да бір естелік тарихта,

Қазақтық нәсіл өзгеріп.

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *