Қалықтап ұшқан құсыңды,
Қолыңа қондыр жалғанда.
Қазына кілті-білімде
Бес қуат өнер қолға алса.
Кітабы құран –ілімде,
Ақирет кілті-иманда.
Жаның бейне құс болып
Алыстап ұшар қиялға.
Кеңшілігінен Алланың,
Несібе нұрмен жалғанса.
Тәнің дүниелік мекені,
Кимімен зейнет қорғалса.
Нәпсіңнің және тұрағы,
Дене боп өріс бой болса.
Тән — сарай, жан — қонағың,
Нәпсіден қуат алатын.
Ұждан құс болып өсірген,
Санамен баптап бағасың.
Құсыңның қомдап қанатын,
Бекітіп отыр дұғамен,
Аралық ұшар тұрағын,
Отырсын тауып жөнімен.
Жүзіне Хақтың жолығып,
Жол-жоба білім алатын.
Құпия білім ілімнен,
Қанатына алсын қуатын.
Тар қапасқа салма оны,
Нәпсіге байлап қанатын.
Құс болып жаның жетілмей,
Азабын бір күні тартарсың.
Мәшһарда Жүсіп Қайымды,
Кезігіп қиын болмасын,
Күтіп тұр алда сынағың.
Азығы құстың тәнінде,
Малыңның беріп тамағын,
Құс болмас жаның ұшатын.
Қорала малда зауық бар,
Құранның білсең аятын.
Құсыңды өсір дәстүрмен,
Азығын беріп ғылыммен,
Жолымен ата бағарсың.
Қанаты көкке тигенде
Бақытты сол, деп ұғарсың.
Құсыңды бағып әлпеште,
Қапыда бір күн қалмасын.
Қайратты сал икемге
Сауабын сонда жонарсың.
Жүрек, қайрат, ақылды,
Ғылыммен-сана бағарсың!
Дінші көп құсын өсірген,
Біліммен байлап жемдеген.
Құзғын, қарға, күйкентай,
Хайуаннан нәсіп тергізген.
Бағатын баптап сұңқарын,
Құдайдан алып жобасын.
Қазақта аз өсірген,
Мираспен текті жандарын.
(Маусым 2018 жыл)
**** ****