«Кімде-кім құлты таза зерек болмаса, ол ізгі зерек адамның сөзіне де, ойына да жақын келе алмайды. Таза болмаған денеге қанша азық берсең де жауыздық арттырудан басқа ештеңе тумас» — деген шығыс даналары. Сондықтан адам денесі Алла тағаланың ұлылығын, қасиетін тану үшін таза болу шарт. Бірінщі таным әр пенденің өзін тануынан басталады. Алдымен әрбір жан өзін тани білсе ғана Алла тағаланы да таниды. Өрнекті қабылдамайтын затта өрнек болмайды. Сол өрнек әрбір ұлттық тілдік ерекшелік тек ата-ана арқылы ғана беріледі. Кері қарай өзгерту яғни тасқа балауызбен өрнек салу мүмкін емес. Керісінше таста қандай өрнек із болса, оны балауызға түсіру оңай. Адам тәні Алла тағаланың мөрі десе де болғандай. Біз тірі пенде балауыз болсақ, ата-анамыз Алла тағала мөрі деп түсініңіз. Өрнектің түзелу кереметіне таң қалуға болады, күмәнданып күдік келтіруге болмайды. Ойлы көзбен көре білу шарт. Сол өрнек атын салт-дәстүр деп атаған жөн болар.
Қу-зымияндардың, надандардың, құлқынының айтқанын қылып денеңді бейтараптыққа үйретсең, өзіңе атүсті нәпсі көзімен қарасаң, ата-бабаңнан бері жинап келе жатқан асылыңды шашып алу тіптен оңай. Оған жетелейтін мінез болмақ. Мінез тек ана тілімен ғана өрнектеліп сипатталады. Рухтың іске айналған немесе өрнектің өсіп шыққан гүлі. Заман — өзгеріп тұратын құбылыс. Бар болу мен жоқ болудың шегін «Ақиқат» деп атаймыз. Сол екі араны шындық деп атап қашанда заманға сай өзгеріп түрлендіріп тұруға тиісті болып көрінісі тарих деген көл болар. Соған құяр бұлақтарды сөз деп атап бастау қайнар көзі рух болар. Рух саны 12-ден тарап жалпы саны 444 болып бекітілген жаратушымыздан. Сол бұлақтар арнасын ой деп атайды. Қалай ойлансаң солай сөйлейсің, демек сол бұлақтан су ішесің. Бәрібір есебін бересің. Ойланған адамға әр нәрсе келуі мен басталып кетуімен аяқталады. Бұл заңдылықты тек көңілі қараңғылыққа түскен адам түсінбейді.
Білгенге дүниедегінің бәрі жұп болып таратылған. Тән мен жан егіз, алыс пен жақын, жиырылу – тарқалу, түс, тұлға, асыл тектілік сияқтылардың бәрі жұптылықтың белгілері.
Алла тағала адамзатпен бірге ризық-несібені қоса жаратты, ішіп-жеуді, нәпсіні жаратты. Алла тағаланың берген ризық-нәсібіне, түр-тұлға, көрік сипатына өмір сүру, несібені пайдалану, қасиетті сақтау үшін, соған байланысты заңдылықтарды көрсету үшін Пайғамбарлар жіберіп, кітаптарды түсірді. Сондықтан адам баласы тура жолды өз ақылымен ізденіп тануы шарт. Жан тазалығына жетемін десең, әуелі тәннің таза болуы парыз. «Білім – ақылдың ажар көркі. Жан — жиған несібесі. Тазалық күзетшісі. Әуелі денеңді өзіңе бой ұсындыруды үйрету керек – ол дәрет, сонан кейін киім, сонан соң таза тамақ. Өз денеңді билей алсаң, сонан кейін қалғанын бағындыруға кірісесің. Егер сен өзіңнің ұрпағың құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте!. Артыңда із қалдырғың келсе,сол ата дәстүр салтыңды әуелі өзің үйрен! Сонан соң ұрпағыңа үйрет.Өз ата-анасын, ата салтын қадірлей білмеген жан, болашақта қадірлі болам деп үміттенбесе де болар.
Тән несібесі екеу: ол адал ас пен киім. Адал ас туралы айтпаса да түсінікті, ал киім туралы ескерту дұрыс болар.
Аятта «Әй, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік бұйым түсірдік (жараттық). Негізінде тақуалық киім жақсы. Олар Алланың белгілері. Әрине түсінесіңдер» (Әнғам-26) Киім ұятты жерді ғана жауып қоймай, адамның сыртқы ортамен байланыс, қорғаныс шеңберін, қалқанын қалыптастырады. Адам еңбегінің жемісі «Бейнет түбі – зейнет» деп аталса, киімді дұрыс киініп ыстық, суық екі ортасын тауып өрістің (қуаттың) жоғалмай сақталатын киім үлгісін тақуалық киім»- деп атайды. Ол әр халықтың ата дәстүрі мен өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасады. Өмір сүру ерекшелік белгісі болып, ұлттық тілдік ерекшелігіне тәуелді дамып отырады.
«Әй, адам баласы!Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық.(Әнғам-27) Адам баласының киімі «зейнет» деген қасиетті көрінбейтін ахирет киімін қалыптастырады. Ол зейнетті жоятын арам ас пен жалаңаш тән, ұятты жерлерін жаппай барын базарға салып жүру тозаққа барар төте жол. Дененің азып тозып буын-буындарға артық темірдің жиналуы мидың ашып, есте сақтау қабілетінің тоқтауы, қартайған шақта алжу, аянның жетімсіздігі, көріпкелдік, болжам, ой қабілетінің тежелуі, әр түрлі ісік бездерінің, ішкі ағзаларының бүлінуі, көз нұрының ерте жойылуы, жыныс қуатының әлсіреуі мен соған байланысты аурулар жалпы адамзатқа тән болса, ал әйелдердің дәретсіз, киімсіз жалаңаш жүруі ана сүтінің ашып жойылуы, дененің қалыптан тыс ылғалдылығын жоғалтып, болашақ нәрестенің ауруын, қасиет, қабілет белгілерінің дамуын тоқтатып, «наркомания» «шизофрения», мейірімсіздік, қанағатсыздық ауруларын туындатып ұрпақтың, ұлттың дамуын тежейді. Тежеліп те әлем халқы осы «ертектің»шешімін таба алмай миллиондап қаржы жұмсап тапқанын тек тән түзеуге жұмсайтын мемлекеттерге айналады, айналып та жатыр.
«Ол сондай Алла: сендерге түнді киім, ұйқыны тынығу етіп, күндізді тарқау мезгілі қылды».(Фурқан-47) Ұйқысы дұрыс емес адам мен киімі дұрыс емес пенде қуат жоғалтады, қан айналым жүйесі бұзылып ағзасы ерте тозады. Яғни ұйқы түзелу үшін күндіз тән қараңғыда болу қажет. Демек тән көздерінің оянуынан дене ұйқыздыққа ұшырайды.
Құс тұмауы дәретсіздер т.б. арсыздықтар, жезөкшелік өмір сүрген жандардың ауруы болып, алдағы он жыл көлемінде дәретсіз, киімсіздер ауруы бірінші мұсылман мемлекеттерінде пайда болады. Пайда болды да, әсіресе қазақ елінде. Оған Құранда белгілер берілген. Кіндік көрсетіп, дәрет шығаратын тесіктерін жариялауға, әсемдеуге құмар қыз-келіншектерде буын аурулары, мешеулік, ақсақ және жүйке аурулары болашақта өршиді, індет болып дамиды. Жаратушымыздың уәдесі өзгермейді, ахирет азабы тағы мың есе! Имансыздық орнаған семья да, мемлекет те бақытсыз!
Ешқандай байлық та, дәуірлеген экономиканың да Алланың қарғысы, сынағы алдында шарасыз! Жан сарайының тазалығымен ғана жанның қалыпты жұмысы қалыптасып, ізгіліктің шырағын жаға білген пенденің ары өсіп, ақылы толады. Нұр жинаған адамның жан сарайы жарық болып бос нәрсеге күлмейді, босқа ашуланбайды, адал, мейірімді, қызғаныштан аулақ, сабырлы, Алланың адал құлына айналады. Жан сарайы таза пенденің ділі құлты таза. Алла тағалаға иман келтіру дегеніміз немесе Аллаға жақын болу үшін әр халыққа, ұлтқа бұйырған немесе қалыптасқан дәстүр ерекшелігін сақтап жақсылыққа ғана жарысу болып табылады. Осы амалдар жиынтығын «Намаз оқу» деп ескерткен Алла тағала құранда. Ал «Сәжде» деп Аллаға жақын болуды мойындап, оның құдіретіне бас июдің белгісі болып табылады да, ол тек ислам еліне тән. Өкінішке орай сәждені намаз деп, қалған амалдарды жинап қойып бар несібені жайнамаз үстінен іздеп кеткеніміз көп арамызда. Ораза тұту – Алла тағаланың құдіретіне бас июді қуаттап, пенделігіңді мойындап, ынсап – қанағатқа келудің белгісі. Егер сен пенделікті мойындасаң, Оның пенделік парызын орындауың шарт!
Егерде сен бала-шағалы болып, қарамағыңда жұмсайтын, ақыл айтатын ұл-қызың немесе дәрежең болып, қызметкерлерің болса, олар саған адал қызмет қылуға, сыйлауға міндетті болса, сен де Алла тағала алдында парыздарын өтеп, адал қызмет қылмасаң онда олардан да адал қызмет, сыйластық күтпе! Дәреттен, парыздан бас тарту – мұсылмандықтан бас тартып, дінсіз қалу, орны толмас қасірет. Сондықтан жаратушымыз аятта: «Ұятты жерін қорғаушы әйел, ерге зор сыйлық бар.» (Ахзап – 34)
«Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар.»(Сәбә — 5) – деп үкім түсірген. Жан тұрағы тек таза дене. Дене иістеніп өз міндетінен ауытқыса, өлімді де соған бір себеп қылған.