Жандық дағдарыс

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 191

Өмірге нәрестелердің кеміс, әртүрлі ақаулармен келуі және байқалмайтын, кейін ержеткеннен кейін көрінетін жандық ақаулар түрі халықтың жалпы қасіреті болмақ. Болып та жатыр. Көрші Ресей мемлекеті осыдан екі жыл бұрын 150 мың адамға азайса, енді биылғы есеп бойынша 700 мың адамға азайды. Келесі жылы тағы миллионның үстіне шықса, сонан кейін он жыл шамасында үлкен жандық дағдарысқа тіреледі. Солтүстік аудандарда ауылдары бос қалып, үйленген отбасының үштен екісі ажырасып, қалғанының 49 пайызы бала туа алмайтын ауруға ұшырады. Екі жарым миллион үстінде тіркелген азған адам санатында жоқ болса, тіркелмеген одан да көп. Жоғарғыдағы Майқы би атамыз айтқан болжам артығымен келді орыс атты білгіш халыққа.

Себебі аяттарда:

«Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші». (Табағұн-11).

«Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз» (Ісра-16)

Көршілеріміз ақша менен адам санын көбейтеміз деп қаражат бөліп, келем дегенге есікті ашып қойып науқанға кірісіп кетті. Бірақ бәрібір онымен халықтың қырылуын тоқтату мүмкін емес.

Себебі аятта; «Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да тумайды. Алланың кітабында жазылған өмір ұзартылмайды да қысқартылмайды. Әрине бұл Аллаға оңай» (Фатыр-11).

Қолдан ұрықтандырып оңай жол іздегендерге ескерту деп біліңіз, сол ұрпақтың өмірі қалай болатындығы тек Алла тағалаға аян болмақ. Демек орыс халқы жоғарғыдан қысқаруға түсті, енді оны ұзақ уақытқа дейін тоқтатушы жоқ. Демек жан қысқарса тіл де мәнін жоя бастайды, ол заңдылық. Орыстан қауіп аз, тек сабақ алуымыз керек. Ол үшін әр пенде өз тағдырын өлшеп үйренуі керек.

Әлемде болып жатқан жағдайға көкірек көзімен қарап салыстырып үлгі алатын мезгіл туды. «Алла әр ұрғашы жыныстың неге жүкті болғандығын және жатырлардың нені кемітіп, нені арылтқанын біледі. Оның жанында әр нәрсе өлшеулі». (Рағыд-8) Ол өлшемнің басты белгісі — ар. Жанға – азық, дертке – шипа, Алладан – рахмет армен ғана беріледі. Ар әр пенденің жеке қазынасы, рухтан алған үлесі. «(Мұхаммед пайғамбар).

Әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба (10). Өте айыптаған өсек тасығышқа да (11). Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да (12), сотқар сондай-ақ тексізге де (13). Бұлар малды, балалы болса да (14) оған аяттарымыз оқылған сәтте: “Бұрынғыларымыздың ертегісі деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз». (Қалам-16)

Адам тәнінде 8 мұрын бар. Сондай жазылмайтын аурулар, құс тұмауы, жыныстық аурулар, (СПИД) дененің әр түрлі иістеніп шіруі, «Ихинакох» деп аталған бауырда судың пайда болуы “Аллергия” деген атаққа еге болған ауру да осындай жоғарғыдағы жандарға тиісті тексіздіктен тәндегі құпия мұрын бездеріндегі дақтан пайда болады. Ең жаманы әйел мен еркек арасындағы «Аллергия» дақ түсу.

«Оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та, ықпалды болысушы да болмайды (18) Алла көздердің қиянатын және көкіректегіні біледі. (Ғафыр-19) Бұл да төніп тұрған ғасыр дерті. Жуық арада Шешенстанда 15 шақты мектеп жасындағылар осындай дертке ұшырады. Европада сүйісіп тұрып көшеде өліп қалып жатқандар жеткілікті». Көпшілік жандарға қиямет күні есеп беру уақытының жақындағанын ескерте бастады жаратушымыз.

«Егер қарсы келсеңдер, балалардың шашын ағартып күннен қайтып сақтанасыңдар». (Мүззәмміл-17)

Қазақ елінде де ақ шашты балалар өмірге келе бастады. Қиямет мезгілі келді оларға деген белгі. Сары шаш сол әулеттегі жанның соңғы демі болып өмірі қысқа болса, ақ шашты бала қоғамға, ортаға келген ескерту. Өркендеген экономика, зәулім сарайлар да адам денсаулығымен салыстырғанда түкке де тұрмайды. Жан саулығы ғана қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманды туғызады. Қазақ халқы негізінен аласұрып жолға шыққан жолаушы кейпіндеміз. Алда не тұрғанын, қалай болады, не алу керек, қалай киіну керек, тағы қандай қиындықтар тұр беймәлім! Сол ұлы жолға – ақ жолға бет алған көп қазақ та ойлануға шамасы жетпей, ойланғанның ақылы жетпей дағдарысқа тірелдік. Себебі ұлттық ойлау ерекшелігінен, қазақша түс көруден айырылды ойшылдар да, атқамінерлер де. «Аян» деген жаратушымыздан берілген қасиетті жоспардың дағдарысқа тірелуіне мәдениет құзырлы мекемелері мен дін танушылар да ықпалын тигізіп жатыр. Халықтың салтын, мәдениетін сақтаушы мекемелер сайтанның ойнағына айналып, Ібілістің қақпанына түскенін әзір аңғара қоятын түрі жоқ. «Ақыр заман болғанда қарап тұрған жігітке қыз артылар» деп күрсінетін ертеректе қариялар, мүмкін көрмей өлгендері де дұрыс болған шығар. Қызы еркекке артылмақ түгіл, сол қыздардың анасы төсінен құйрығы, артқы жағынан боқ ауызы көрініп, талтайып отырып жұрттың алдына шығып мәдениет туралы үйретіп жүр халықты. Ақша бермесең тумаймыз деп қиғылық та салып жатыр әйел халқы. Жалпы халықтың ар-ұят дәрежесінің көрсеткіші қыздарының тәрбиесі мен аналар өнегесі елдің де, отанның да берекеті, болашақтың жобасы. Қазақ әйелдерінің көнбістігімен еркекті еркек ете білген ақылды қажырлығы мен намысын жатқа таптатып еріккенге етегін ашпай ар ұятының өлшемін білгенінің арқасында қазақ атты бай мемлекетке айналдық. Енді толық қанды ел болу үшін бесіктен бастап түзеу керек. Жүгенін сыпырып көшеге шығып кеткен әйел затынан үміт аз, бәрібір намыссыз ұрпақ туады. «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан». «Көкке бағынған ел ғана өседі, қарсыласқан өшеді», «Құдайсыз қурай сынбас», «Алла деген азбайды, тәңір бермей ел байымайды». Тығырыққа тірелгенде аталарымыз құрбан шалып, Алладан медет, аруақтардан көмек сұраған. Әлі де кеш емес ағайын.

Өмір сырын көздесең,

Жарға шоқынғаннан без!

Сыр қаласын іздесең,

Сырлы сұлу тамнан без!

Болат кісен – тақ саған

Темір ноқта бақ саған,

Дәулетің у мақтаған,

Пайда мақтан, малдан без!

Жақын сыймас жатым деп,

Ешкімді айтпа халқым деп.

Біріңнен-бірің тартып жеп

Таласып жүрген аңнан без!

Дүние құмар өзімшіл

Нұр таба алмас, анық біл.

Жардың сөзін құран қыл,

Шатақ дін мен заңнан без!

(Шәкәрім ата)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *