Жәннаттық адам.

Бөлім: Ғибратты әңгімелер 50

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бiрге отырғанда: — Қазiр осы жерге жәннаттық бiр адам келедi, — дейдi. Сахабалар таңдана бiр-бiрiне қарасып отырғанда бiр кiсi кiрiп келедi. Ертеңiне де, одан кейiнгi күнi де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейiн Омарұлы Абдулла атты сахаба әлгi кiсiге жақын келiп:
— Мен әкеммен сөзге келiсiп қалып, үш күн қасына бармауға ант iшiп едiм. Сол үш күндi сенiң қасыңда өткiзсем бола ма? — деп сұрайды. Ана кiсi келiседi. Абдулла онымен бiрге үш түн бiр түнеп, оның түнде намазға тұрғанын көрмейдi. Жақсы сөзден басқа сөз айтқанын естiмейдi. Үш күн өткен соң оған былай дейдi:
— Әй, Алланың құлы, әкем екеумiздiң арамызда ешбiр келiспеушiлiк болған жоқ. Бiрақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) сен келер кезде: «Қазiр жәннаттың адамы келедi» дегенiн естiдiм. Сондықтан сенiң қасыңда болып, iс-әрекетiңдi байқағым келдi. Бiрақ бiр артық ғибадат жасап, амал iстегенiңдi көрмедiм. Сенi жәннаттық дәрежеге жеткiзген не нәрсе? деп сұрайды. Сонда әлгi кiсi:
— Мен өзiң көрiп тұрғаныңнан артық амал қылған емеспiн. Бiрақ ешбiр мұсылманға жүрегiмде жамандық сақтамадым. Алладан өзiме не тiлесем, өзгелерге де соны тiледiм. Алладан бiреуге бiр жақсылық жетсе, өзiме жеткендей қуандым, — дейдi. Сонда Абдулла:
— Сенi жәннаттық дәрежеге жеткiзген нәрсе осы болуы керек — дептi.

*****  ****

Жасы үлкен апаға ауыл жастары:
— Апа, сізге тамсанамыз! Осыншама жылдар бойы жолдасыңызбен тату-тәтті өмір сүріп, бақытты отбасы құра алдыңыз! Осының құпиясы неде екен?
— Шырақтарым, сендерге құпияның мән-мағынасын қысқаша түсіндіруге тырысайын. Атаңызға жас қыз болып күйеуге шығып тұрмыс құрғанмын. О кездері автобус, көлік деген нәрсе атымен жоқ, сонда келіндерді жаңа мекендеріне атқа мінгізіп шығарып салатын еді. Мен бір атқа, аталарың да бір атқа мініп жолдасымның ауылы жаққа бет бұрдық. Аталарың алдында, мен оның артында келе жатырмыз. Бір кезде атымның аяғы сүрініп қалады. Жолдасым болатын мына аталарың артқа бұрылып, атыма «БІР» деді. Біраз тағы жүрген кезде атымның аяғы қайта сүрінеді. Бұл жолы жолдасым атқа қарап «ЕКІ» деді. Бейшара атымның қайта сүрінгенің қарашы, жолдасым «ҮШ» деді да, мылтығын шығарып атымды атып тастады. Атым сол жерде өлді де қалды. Болып-біткенге сене алмай, жолдасыма дауыс көтеріп: «Еш жазығы болмаған сап-сау атты неге атып тастадыңыз?!» деп ренжіп ұрыстым. Жолдасым үндемей тыңдап алып, маған қарай бұрылды да «БІР» деді. Сол күннен бері аталарыңа «ЕКІ»ні айтқызбай келемін. Бақытты отбасының құпиясы сол ғана.

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *