Жақсы мен жаман елде көп

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 37

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}


Жақсы әйел біріншіден ар сақтайды,

Әуретін көше түгіл үйде ашпайды.

Баланы емізсе де қымсынумен,

Төсіне сұқ көздерді қадатпайды.

 

Жаман әйел ұятты мүлде ұнатпайды,

Ашыған қамырдай мүшелері салақтайды.

Басын күтпей, шашын жайып, тырнақ өскен,

Арам мен адал парқын ажыртпайды.

 

Жақсы әйел бойын күткен үйін сақтап,

Екі аяқ арасын қазығын күткен баптап.

Қазығын мықты қағып жер рухына,

Егінін еккен жардың күткен ақтап.

 

Жаман қатын еркек шора шалбарланған,

Әуреті сызығына көшеден сұғын алған.

Жылуы қолының жалаңаштан уға айналып,

Екі аяқ жаласымен санасын ердің жапқан.

 

Жақсы әйел қызғанғанмен сабыр сақтар,

Дау шығармай әр істің артын бағар.

Құдайдан жалбарынып оқып намаз,

Қандайда жаман ердің санасын тазартар.

(ақпан 2014 жыл)

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *