Жақсылық аяны

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 116

Түсімде ақсақалды қариялар,

Кіреді өзен, көлдер дариялар.

Ақ тақты ай бетінен ұсынады,

Болғандай ақ патшасы алдиярдай.

Мөлдір су тазалығы ауыз жетпес,

Қиыршық көк тастары асыл тектес.

Ағыны тыншып аққан кең дария,

Елімнің көк байрағы көкшіл түстес.

Жағада сап түзеген тұр бабалар,

Ұсынып түр-түрімен сан тағамдар.

Ақ шашу дарияға шашылады,

Қолынан ақ жаулықты ақ аналар.

Бейне бір кіргендеймін ертегіге,

Бұл менің мүмкін әлде ертеңім бе?

Жақсы түс жақсылыққа жол бастасын,

Жориық халқымыздың көктеуіне.

Мөлдір су дариясы тыншып аққан,

Болшақ халқымызда жайлы заман.

Асыл тектес қиыршық тастары ол,

Ұрпақтар Ата мұра ұқсап баққан.

Жағда қолдап тұрған аруақтар,

Ақ нісіл алға тосып тылсым жақтан.

Ұрпаққа Ата дәстүр қайта оралса,

Той болар тылсымда да шашу шашқан.

Түсімді жорыдым мен жақсылыққа,

Ел-жұртым қолы жетер ұлы баққа.

Тақ алған бетінен мына менің,

Бір тойым болатыны ақиқат та.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *