Жерден туған ел дауы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 95

Құдайсыз қурай сынбайды,

Желсіз тірлік болмайды.

От пен су шарпыссып,

Жел туып, ғаламды қозғайды.

Ортасы жерсіз болмайды,

Орын-жер тұрақ сарайы.

Бейнесі бар нәрсенің,

Жері -деп ұғым арнайды.

Жалғанбай жерге тұрпайы,

Ел билік дінсіз сұмпайы.

Туған ел, отан қадірсіз,

Салтымен жаттың анайы.

Дүниемен болып бар қайғы,

Арсыздық әдет қолайлы.

Қудалап ғұрып, дәстүрді,

Қайырсыз билік мал қайғы.

Ақылсыз ғылым болмайды,

Ар, ұятсыз ақыл толмайды.

Үш тілмен «ғылымды» ел болмақ,

Жастарды мәңгүт қылғайды.

Жете мен сана болмайды,

Масһабпен дінің сорлайды.

Заңменен билеуге қолайлы

Дәстүр деп елді алдайды.

Дүниемен байлық қолайлы,

Бас шұлғып заңды қолдайды.

Қияметі түсіп азап, апатпен,

Оянған ер, әйел талайлы.

Байқамай билік мұндайды,

Қазынаның қазаны ортайды.

Толтырмақ болып жер сатып,

Мазаққа алып, дін мен құдайды.

Жер сатып, шерді қозғайды,

Түрткілеп, оятты талайды.

Жер ғана емес енді мәселе,

Елдігін, дәстүрін қазақ сұрайды.

Анасынан артық болмайды,

Ар, ұятын малға алмайды.

Болашақ ұрпақ алдында,

Намысты ер жер-дінін қорғайды.

Құдайда мұны қолдайды,

Аруағына елді жалғайды.

Аттандап атқа қонбайтын,

Арсыздар ғана оңбайды.

Шегінуге енді болмайды,

Ар, ұятсыз күнің жанбайды.

Ана тіл, ділің жарығың,

Жер-қадыр сатуға еш болмайды!!!

(21 мамыр 2016 жыл)

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *