Үлгі қалған Абайдан,
Сөзіне сай амалдан.
Мыңмен жалғыз алысып,
Қара күшті байлаған.
Енді ақын сөз жазған,
Қайғы, уайым обайдан.
Өзін-өзі жеңе алмай,
Жеңілген жын, шайтаннан.
Зіл шығады өн бойдан,
Ыза кекпен қара ойдан.
Ішінде дерті қары бар,
Қуаты жоқ иманнан.
Тобыр деп, кілең айналам,
«Әулиеге» өзі айналған.
Жақсы болсаң керемет,
Түсінер халық байқаған.
Өзін –өзі ақтаған,
Құдайға да рас жақпаған.
Жақсы мен жаманды,
Ажырта білер жақсы адам.
Біз тобыр саған жақпаған,
Дәстүрін ата сақтаған.
Аруақтан алып аманат,
Аталар жолын ақтаған.
Кім жаман, кім жақсарған,
Ортасын біліп таппаған.
Қазақта жақсы орта көп,
Тектілігін қазақ жақтаған.
Болсаң егер жақсы адам,
Әулиелік текті жалғаған.
Құдайдан сұрап түзетші,
Ел билігін шайтаннан.
Құдайшылдық болмаған,
Үлкенде бата жоғалған.
Жастары кімнен үлгі алсын,
Ақындар жұрдай иманнан!
Дінші ғалым аталған,
Тәпсірге ақыл байлаған.
Сана түгіл жетесіз,
Болмайды нұры иманан.
Қазақта салт болмаған,
Аруағынан ажыраған.
Қорқыныш сөз шайтаннан,
Қабірдегі қауым тасталған.
Жан мен рұқты айырған,
Барма ғалым санды алған.
Ой жориды «ойшылдар»
Білімге ескі табынған.
Мал табарлар сайланған,
Отыз елдей бай болған.
Дүние байлық бақытқа,
Жеткізер деп сандалған.
Кінә қайдан ойлансаң,
Жол табарлық ер болсаң?
Жете, сана ақылдан,
Елің түгел бас тартсаң?!
Арсыз елді қолдаған,
Несібесін қалай тең қылған.
Бір кем дүние болмай ма?
Қанағат, шүкір қылмасаң.
Ақсақалды ауыл азбаған,
Еңбегіне қарай бай болған.
Құдайсыз қурай сынбас деп,
Ар ұятпен ел болған.
Шүкір дейміз құдайға,
Нығмет берген талайға.
Ата жол, ата дәстүрін,
Меңгерген ісін алайда.
Болғанбыз біздей наданға,
Жол ашқан тылсым иманға.
Әулиенің алып батасын,
Жалғанған кітап аянға.
Жетесі толық адамға,
Ашылар есік санаға.
Аталар тегін жалғаған,
Айналар аққу, сұңқарға.
Айналды деп тобырға,
Діншілер салған жапаға.
Аруағын теңеп жындарға,
Қостың деп серік Аллаға.
Сенімің имам Ағзамға,
Жалғайды деп жолдарға.
Құдайдың өзі беретін,
Жалғатпай жол-жобаға.
Айналмас білім иманға,
Өліні қылмай ризаға.
Жалғанбас ақыл санаға,
Хикметінен ғылымға.
(Қараша 2016 жыл)
** **
Үлгі қалған Абайдан,
Сөзіне сай амалдан.
Мыңмен жалғыз алысып,
Қара күшті байлаған.
Енді ақын сөз жазған,
Қайғы, уайым обайдан.
Өзін-өзі жеңе алмай,
Жеңілген жын, шайтаннан.
Зіл шығады өн бойдан,
Ыза кекпен қара ойдан.
Ішінде дерті қары бар,
Қуаты жоқ иманнан.
Тобыр деп, кілең айналам,
«Әулиеге» өзі айналған.
Жақсы болсаң керемет,
Түсінер халық байқаған.
Өзін –өзі ақтаған,
Құдайға да рас жақпаған.
Жақсы мен жаманды,
Ажырта білер жақсы адам.
Біз тобыр саған жақпаған,
Дәстүрін ата сақтаған.
Аруақтан алып аманат,
Аталар жолын ақтаған.
Кім жаман, кім жақсарған,
Ортасын біліп таппаған.
Қазақта жақсы орта көп,
Тектілігін қазақ жақтаған.
Болсаң егер жақсы адам,
Әулиелік текті жалғаған.
Құдайдан сұрап түзетші,
Ел билігін шайтаннан.
Құдайшылдық болмаған,
Үлкенде бата жоғалған.
Жастары кімнен үлгі алсын,
Ақындар жұрдай иманнан!
Дінші ғалым аталған,
Тәпсірге ақыл байлаған.
Сана түгіл жетесіз,
Болмайды нұры иманан.
Қазақта салт болмаған,
Аруағынан ажыраған.
Қорқыныш сөз шайтаннан,
Қабірдегі қауым тасталған.
Жан мен рұқты айырған,
Барма ғалым санды алған.
Ой жориды «ойшылдар»
Білімге ескі табынған.
Мал табарлар сайланған,
Отыз елдей бай болған.
Дүние байлық бақытқа,
Жеткізер деп сандалған.
Кінә қайдан ойлансаң,
Жол табарлық ер болсаң?
Жете, сана ақылдан,
Елің түгел бас тартсаң?!
Арсыз елді қолдаған,
Несібесін қалай тең қылған.
Бір кем дүние болмай ма?
Қанағат, шүкір қылмасаң.
Ақсақалды ауыл азбаған,
Еңбегіне қарай бай болған.
Құдайсыз қурай сынбас деп,
Ар ұятпен ел болған.
Шүкір дейміз құдайға,
Нығмет берген талайға.
Ата жол, ата дәстүрін,
Меңгерген ісін алайда.
Болғанбыз біздей наданға,
Жол ашқан тылсым иманға.
Әулиенің алып батасын,
Жалғанған кітап аянға.
Жетесі толық адамға,
Ашылар есік санаға.
Аталар тегін жалғаған,
Айналар аққу, сұңқарға.
Айналды деп тобырға,
Діншілер салған жапаға.
Аруағын теңеп жындарға,
Қостың деп серік Аллаға.
Сенімің имам Ағзамға,
Жалғайды деп жолдарға.
Құдайдың өзі беретін,
Жалғатпай жол-жобаға.
Айналмас білім иманға,
Өліні қылмай ризаға.
Жалғанбас ақыл санаға,
Хикметінен ғылымға.
(Қараша 2016 жыл)
** **