Жолдасыңды ал тылсымнан  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 55

Мақсұтың болса орынсыз,

Сілкініп жүріп сыға бер.

Жолдасың болса тойымсыз,

Көзіңе құмды тыға бер.

Қызығып жүрген ісің кім,

Ерте есептеп, ұға бер.

Сенісіп жүрген кісің кім,

Жалмауыз болса жыға бер.

Мен жау болсам, кім досың,

Байқадың ба оны өзің?

Өзгелерден сен шошын,

Жау десең де, мен-көзің.

Түбінде менде айла жоқ,

Алалға дайын мінезім.

Тойымсыз қудан пайда жоқ,

Шын жақындық бұл сөзім.

Алалға айла қылушы ем,

Жау жықпасын туды деп.

Сескеніп, ерте-ақ білуші ем,

Ішкізер қулар уды деп.

Жазалы қылмас құдайым

Айланы ақпен жуды деп.

Деуші едім «үстіп шыдайын,

Құртпас па екен қуды»-деп.

Мен көргенді көрмеді-ау,

Қайратты өңкей батырым.

Қайтейін, тоқтау бермеді-ау,

Қу залым деген кәпірің.

Ұқпаған соң лажым не,

Жан досым мен жақыным.

Ұққаның болса, қамың же,

Оңдасын істің ақырын.

(Шәкәрім әулиеден)

***  ****

Жан досың кім жақының,

Дүниеде мына асылың?

Қайратың — жын батырың,

Шайтан ғой сезім жат үнің.

Досыңды алдап кәпір үн,

Тоқтаусыз мінез ақылың.

Алалға матап көзіңді,

Жау болар саған асылың.

Жау болса көзің өз менің,

Таба гөр істің шешімін.

Жықтырмай туды жауыңа,

Қуатын ал әулие кісінің.

Мақсатың болсын орынды,

Орындап ата дәстүрді.

Бекітер қауым күзетті,

Жеткізіп Раббыңа тілекті.

Жыныңа қылған қызметті,

Қу шайтан айла үйретті.

Алал деп дүние қызығын,

Боласың жынды екі есті.

Айланы ақпен жуатын,

Көрсетер Раббың аятын.

Көрсетер әулие көзі ғой,

Өлмейтін сөзі қалатын.

Жан сыры болар ұқсастық,

Жүрекпен жүрек қоспақтық.

Жүрегің тектен қоса алмай,

Жан өнбес, болар тозақтық.

Қырық үй жан сарайы,

Шілтендер істің қожасы.

Қырық қожа қырқа асырған,

Тектігің қазақ баласы.

Төбеден тоғыз кісіңді,

Көретін барлық ісіңді.

Інжіл мен ісі Ғисадан,

Тазартар жаннан түсіңді.

Қуаты кісілік иманның,

Қазына мирас сыйларың.

Алланың құлы досынан

Серігің жолдас күзетер

Егесі жанның алғаның.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *