Жұмаш Көкбөріге

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 48

Жындылық сөзден басталар,

Құл деген сөзді тастатар.

Құл Қожа Ахмет атаңды,

Надан ғып жынды атар.

Құл болу болмақ арманы,

Нәсілің тектің номадты.

Мүйізің талай өскеннен,

Құдайдан алған сынақты.

Тарихтан алмай сабақты,

Жындылар ұлтты сынатты.

Ғылымсыз, өнер еңбексіз,

Мәз болып малмен, мал болып,

Дауласып жерге өзара,

Қырқысқан талай қазақты

Өзгеден үлгі алсын деп,

Құдайым талай сынапты.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Надандар бар мұны ұқпайтын.

Қырғыздай надан болуды,

Тажалдар шықты жақтайтын.

Украина елі тұмары,

Қанын төгіп туған бауырдың,

Билікке болған құмары.

Достықтан көрші бас тартып

Бірлігін ұлттың бұзғанды.

Қабыл қылып бұл тілегін,

Мысалын құдай көр елім.

Тыныштықты жақтырмай,

Шу шығарған зарлап-ай

Жалғыз көз бәле тажалдай,

Көр соқырлар тас жүрек

Ұлтына бәле тілеген

Мүйізі өскен қазақ көп.

Аруағын жүрген мазақ қып

Қан иісін сезген қорқаулар,

Жетпесің дүние байлық па?

Ызақор жын-шайтандар.

Қонғанда атқа қайда бармақсың,

Кімдерді турап шаппақсың?

Құл болған бір құдайға,

Біздерді аттап тажал боп,

Кімдерден кекті алмақсың?

Ол бастан дейсің оңбадық,

Тексізді дейсің қолдадық

Тексізің болса Нұрсұлтан

Тектілер сендер ме жол басшы?

Құл деген құдай құрметін,

Шайтан боп мазақ қылғанды.

Тек емес атың көкбөрі,

Есімсіз жетім ит тегі.

Санасыз өңшең жындылар

Артынан ерткен шибөрі.

Құдайдың құлы болудан,

Қашпақшы өңкей надандар.

Қан төгіс болған елдерді,

Батыр деп жынды мақтаңдар.

Қабыл қыл құдай тілекті,

Құлдардан біздей жүректі.

Себебін ажал іздесең,

Жіберсе  Алла себепті.

Жай оғындай аруақ,

Атылмақ өлім жебесі.

Басқа бәле тілден боп,

Бұл сыннан кім өтпекші.

Құл болып бірлік сақтаумен

Құдайым бермек көмекті.

Сынақпен бірге иман бер,

Шайтан ғой бұны қу етті

Кешірдік біз де кеше гөр,

Пасықтарды өңкей нем кетті!

One thought on “Жұмаш Көкбөріге

  1. ҒАЙЫП ЕРЕН ҚЫРЫҚ ШІЛТЕН
    Ғайып ерен қырық шілтен – арабтың, көне түркінің және парсының сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «ғайыбы» – «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «құдайлық іс» деген мағыналарда жұмсалады. Көне түркі тіліндегі «ерен» атауы қазіргі қазақ тілінде – «ер». «Шілтен» парсы тілінде «Қырық тән немесе қырық дене» деген ұғым береді. Сонда «ғайып» бір рет, «Қырық ер» екі рет қайталанып тұр.
    Ғайып ерен қырық шілтеннің тікелей өмірге келуіне әл-Фарабидің тетелес замандасы, арабтың аса көрнекті ғұламасы әл-Газали себепші болыпты [Бұл әңгімені «Көкалташ» медресесін бітірген Ерімбет молданың шәкірті Латиф қожадан естідім. – Б.С.]. Ол он үш-он төрт жасында Индия¬дан араб елдеріне білім іздеп шығады. Әкесі бір соғыс кезінде Индияға қашып барған араб екен. Шешесі ұлының келешегін ойлап, отанына баруға рұқсат етеді. әл-Газали ілескен керуен жолда қырық қарақшыға жолығады. Ақша талап етеді. Керуендегілер бар ақшасын жасырады, әл-Газали шешесі берген қаражаттың бір тиынын қалдырмай, қалтасынан шығарып береді. Қарақшылар баланың бұл ісіне таңырқап, себебін сұрайды. Анам: «Құдайдан қорық, адам баласына қиянат жасама, өтірік айтпа, адалдан мал тап», – деп насихат айтқан. «Өсиетін орындап тұрмын», – дейді. Бұл сөз қарақшыларға қатты әсер етеді. «Мына қаршадай бала тегін болмаса керек. Біз құдайдан қорықпаймыз, адамдарға қиянат жасаймыз, өтірік айтып, арамнан мал тауып жүрміз. Бала құрлы бола алмадық-ау», – деп өзара күңкілдеседі. Бәрі ақылдаса келіп, ақшасын қайтарып береді. әл-Газалиден ақша орнына бата сұрайды. Батасы қолма-қол қабыл болады. Қарақшылар тобымен керуендегілердің көз алдында құс сияқты пыр етіп ұшып кетеді. Содан бастап «Ғайып ерен қырық шілтен» атанады. Оларға Алла тағала тарапынан ерекше миссия – қиын-қыстау жағдайға ұшыраған мұсылмандарға көмектесу міндеті жүктеледі. Мұны біз қазақ халық ауыз әдебиетінен жақсы білеміз.
    «әл-Фарабиді бүкіл ислам әдебиетінен сыздырып тастаған әл-Газали, – деді Латиф қожа сөзін жалғастырып. Себебі, ол Аристотель, Платон, Сократ сияқты көп құдайшылдардың ғылыми туындыларын араб тіліне аударған. Қанша данышпан болса да, олардың ислам үшін зиянды ой-пікірлерін мұсылман ғұламалары арасында дәлелдеп шыққан. Білімпаздар жиналып, әл-Фарабидің бүкіл еңбектері аластатылуына үкім шығарады. Еуропалықтар екінші ұстаз атағанымен, әл-Фарабидің ислам әлемінде аты аталмауы осы себептен. әл-Машани бастаған ғалымдар әл-Фарабиді тірілтіп алды ғой», – деп Латиф қожа сөзін аяқтады.
    1971 жылы сәті түсіп, Бұқар облысы, Тамдыбұлақ қыстағында тұратын Ерімбет молдамен әр түрлі тақырыпта әңгімелестім. Ол кісіге: «Ғайып ерен қырық шілтен Қызыр пайғамбар сияқты ақырзаманға дейін өлмей ме?» – деп сұрақ қойдым. «Жоқ, ғайып ерен қырық шілтеннің мүшелері ажалы келгенде біз сияқты қаза табады. Олар – әлемнің әр жерінен бас қосқан адамдар. Әрқайсысы дәл біз сияқты өз елінде тіршілік етеді. Алла тағала өкімімен жиналатын кезде ғана бас қосып тұрады. Халық арасында жеке-жеке тіршілік етіп жатса да, ешкім олардың шілтен екендігін айыра алмайды, сезбейді. Біреуі өлген жағдайда бүкіл жер бетін іздеп, өздеріне лайықты адамды тауып алады да, орнын толтырады. Бірақ қырық саны өзгермейді.
    Бір ит неше жылдар бойы қырық шілтеннің соңынан қалмапты. Ойға барса – ойға, қырға барса – қырға барыпты. Ақырында ізгі ниетінен ғайып ерен қырық шілтеннің біріне айналыпты. Ол әсіресе қайтыс болған адамның орнын толтыруға қатты көмектеседі екен. Бірде осы Бұқар қаласында мынадай оқиға болыпты. Бір кісі көшемен келе жатса, аузына өкпе тістеген бір итті көреді. «Өкпені ә дегеннен жеп қоймай, аузына тістеп алғаны несі», – деп таңырқайды. «Түбі жейді ғой, қай жерде жер екен» деген ой қызықтырады. Жайымен жүріп бара жатқан иттің соңынан ере береді. Ұзақ жүреді. Бір кезде қаланың аумағынан шығып кетеді. Сонда да соңынан қалмайды. Біраз уақыттан кейін көлемі әжептәуір үлкен бейітке келеді. Беті ашық бір қорғаншадан қырық қаралы адам өре түрегеледі. «Келді, келді», – деп қатты қуанышқа бөленеді. Санап қараса – 38, итпен 39 екен. Иттің ізіне түскен адам шілтенге айналады да кетеді.
    Қырық шілтеннің біреуі бастық болады да, қалғандары соның өкімін орындайды. Бірде бір асқан ғұлама молда шілтендердің қатарына қосылады. Шілтендердің арасында бұдан асқан білімдар болмапты. Соған қарамастан мұны шілтендер бастық етіп сайламайды. Сауатсыз бір темір соғатын ұстаны өздеріне басшы етіп қояды. Бұл әлгі молданың көңіліне келеді. Өзін басшы болуға лайықты санайды. Осы ой көкірегінен кетпеген соң, бір күні ұстаны байқатпай сынап көргісі келеді.
    Қырық шілтен тарқап кеткен жайшылық кездің бірінде әлгі молда шілтеннің ұста дүкенін тауып алады. Перделеніп, елеусіз адамдардың бірі болып, жұмыс үстінде отырған ұстамен пікірлеседі. Сөзден сөз шығып, әңгіме жұмақ, тозаққа тіреледі. Тозақта шырқырап жылап, жан төзгісіз азапқа түсіп жатқан кәпірлер тілге тиек болғанда: «Қанша қылмыс, асылық, күнә жасағанымен, олар да, біз де айналып келгенде, Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақ емес пе едік?!» – деп еңіреп жылап қоя береді. Бауыры елжіреген мейірімділік, түпсіз терең қайырымдылық, Алла жаратқан адамдарға деген сүйіспеншілік мұншалықты дәрежеде болады деп ғұлама ешқашан ойламапты. Құдды Адам атаның өзі сияқты. Өзі кәпір атаулыны барынша жек көргені сонша, оларға деген аяушылық сезімі болған адам емес еді. «Мен адасқан екенмін» деп, тәңіріден кешірім сұрап, тобаға келеді. Өзін білдірмеген күйі отанына қайтып кетеді. Ұстаның лайықты басшы екендігіне анық көзі жетеді».
    «Шілтендерді біздің ауылдан пәленше деген (мен аттарын ұмытып қалдым. – Б.С.) екі кісі көрген, – деді Ерімбет молда сөзін аяқтай келіп. Олар бір бейіттің қасынан өтіп бара жатып, қораланып мәжіліс құрып отырған көп адамды көреді. «Мәжіліс құруға басқа жер табылмады ма екен?» – деп таңырқасады. Сөйткенше болмай, әлгілердің біреуі арттарынан қуып жетіп, аттың шылбырына жармасады. Тоқтатып алып: «Бізді көргендеріңізді айтушы болмаңыздар. Тістеріңізден шығармаңыздар», – деп қатты тапсырады. Алайда екеудің біреуі ішіне сыймай, айтып қояды. Екіншісі қанша зорласа да тіс жармай, сабыр сақтайды. Айтып қойғаны бір бәледен соң бір бәлеге ұшырап, ақырында дүниеден тұқымсыз өтеді».
    Ғайып ерен қырық шілтен туралы ауыз әдебиетінде ғана емес, ел арасында да әңгімелер өте көп. Солардың бір-екеуін мысалға келтірелік.
    Бұқар облысының Тамды, Кенимех т.б. аудандарында осы ғасырдың басында бір ишан өмір сүріпті. Неге екені белгісіз, орыс десе аза бойы қаза тұрыпты. Жүрген жерінде оларды үнемі жиіркене отырып жамандайды екен. Кеңес өкіметінің енді-енді орнай бастаған кезі болса керек, бір топ орыс солдаттары ишанның ауылына сау ете қалыпты. Бір мәселе бойынша бүкіл ел жиналыпты. Көрген бойда ишан солдаттардың үлкен басшысына басы аяғына жеткенше иіліпті. Және бұл әрекетін әлденеше қайталапты. Солдаттар кеткеннен кейін халық ишанды ортаға алады. «Сіздің оныңыз не? Орысты өлгенше жамандайтын едіңіз. Жаман солдаттардың бастығына басыңыз жеткенше иілдіңіз де қалдыңыз, түсінбедік», – десіпті. «Құрметті халқым-ай, мені орысқа иілді дейсіздер ме? Жоқ, олай емес, орыстың шылауында жүрген ғайып ерен қырық шілтенге иіліп едім. Бұл өкімет ұзақ жасайтын болды. Енді қарсылық көрсетпей, қызмет ете беріңдер», – депті. Өзі де бұрынғы әдетін тас¬тапты.
    Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында да көзі қарақты біреу кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғайып ерен қырық шілтенді көріпті. Жүріп келе жатқан паровоздың дөңгелегін жанын сала итеріп, тезірек жылжуына көмектесіп барады екен. «Ой, Алла-ай, – депті әлгі кісі. – Балшайбектің (большевиктердің) өкіметін құдай да қолдайды екен. Біз пендешілікпен жамандайды екенбіз. Енді бейімделуіміз керек… Өкіметке қарсы тұру құдайға қарсы тұрғанмен бірдей», – деп жүрген жерінде үгіт-насихат айтыпты.
    Бұл факт. Әулиелердің ұлықтары шілтендерге қосылып намаз оқиды. Ол жайында бөлек әңгімелейміз.
    Берікбай САҒЫНДЫҚҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *