ЖҰП БЕЛГІСІ ЕКІ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 71

     Жалпы жалғыздық құдайға ғана жарасады. Сондықтан «мен бәрін жұп қылып жараттым» деген аятта. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды. Салт басты, сабау қамшы болмай сыңарыңды ізде, тұрағың болсын – үй бол, ұраның болсын – ұрпақ өсір!- деген атам қазақ. Егіз, жұп, жар деген сөздер 2-ге байланысты айтылады.

«Мен сендерге екі көз, екі құлақ, екі ерін жараттым», — деген жаратушымыз. Сондықтан бұл санға қайта-қайта ораламыз. Егіз аттан құласа, басын сүйер ағасы, жалғыз аттан құласа неге келер шамасы.

Екі бала арасындағы шал – бала болады,

Екі шалдың арасындағы бала – дана болады.

Қой егіз тапса шөп айыр өседі

Адам жаратылыста әйел, еркек болып бөлінсе.  Жалпы көрінетін көріністің кемі екі сипаты болмаса айқындалмайды.

 Екі құзғын таласа, бір қарғаға жем болар.

Екі тентек кездессе, ерегіспен тарқайды,

                                                                         Екі жақсы кездессе, елжіресіп тарқайды.

    Өлшемді білу үшін екі шаманы білу керек. Адамзат — тән шамасы, кісі — қуат шамасы. Сондықтан Құранда осы екі өлшемді жаңылыстыруға болмайды: Адам десе екеуін бірге қамтиды. Адамзат десе денеге көрінетін бөлімге байланысты, ал «кісі» десе қуат өлшемі қозғалыс, сөз, сезім, т.б. киесін «кісі» деп атаған қазақта. Адам баласы десе жындар туралы ұғым болмақ.

  Үш саны — теңдік.

 Әлем, болмыс, таным үш санымен теңдік болып өзін жоймай ұстап тұрады.Үш аяқты ошақ, шаршасаң таяққа сүйенесің. Үш арыс, үш би, үш жұрт, тіптен ер кезегі үшке дейін. «Үш қайнаса да сорпасы қосылмайды», үш ұйықтасам да түсіме кірмеді  деп, «Жау үш шапса, жан қалмайды, жұт үш оралса, шаң қалмайды».

Қазақ халқы ауа райы өзгерісін үш жұлдыз арқылы  анықтаған.Үркер, Таразы, Сүмбіле. Үшеуі де  үш айда туып, бір сағатта, бір түнде батады.

Төле би  тауып айтады,

Қазыбек би  қазып айтады,

Әйтеке би  жарып айтады.

Жігіттің 3 жұртты болады

Өз жұртың — күншіл

Қайын жұртың – міншіл

Нағашы жұртың сыншыл келеді.

1.Үш ұят туралы

Ер жігіттің сөйлеп отырып күлгені — ұят,

Жауынгердің жаудан қашып жүргені — ұят,

Тазы иттің үйден шықпай үргені – ұят

2.Үш өзгеріс.

Бала артта қалса – із,

Бақыт — ұзатылған қыз,

Мал қолға ұстаған  мұз.

3.Үш  ескерту.

Өтірік — қаңбақ

Шындық — салмақ

Басы қаттының аяғы тәтті.

4. Үш жаман.

Көңілшектік жаман

Тілемсектік жаман

Бәрінен де еріншектік жаман .

5.Үш тұрлаусыз.

Естігені көп, ұстағаны аз,

Көргені көп, байқағаны аз,

Оқығаны көп,тоқығаны аз.

6.Үш ұлағат.

Ақыл қадіріне тек ақылды қалады

Ғылым, білім сатса, білімді алады,

Бірлік сырын білген адам ғана ұғады.

Бірлік сыры Жан, Тән, Рух осы үшеуінің бірігуінен табылады. Жаратушымыз қасиетті кітабында толық бізге жіктеп берген. Ахирет заңдылығына байланысты істердің бәрі үш санымен басталады. Ертеде Испания елінің бір әкімі қарамағындағы еліне ой тастайды:

«Егер кімде-кім санды қолданбай бір роман жазып әкелсе, үлкен сыйлық беріледі», — деп жар салған екен. Бірақ осы жарлық осы күнге дейін орындалмаған. Ол тек біздерде ғана бар. Бірде-бір есебі жоқ тәпсірлер қазақ жерін жайлап бара жатыр.

Жақсылықты сатпаса,

Жалған айтпаса екен,

Ешкімнен ештеңені қызғанбаса екен! – деп

Тойлаған да жақсы

Ойлаған да жақсы,

Бірақ та артын ойланған да жақсы.

Енді жан-жағымызға ойланып қарап, жаратушымыздың асыл сөздерін ақылға салып көрейік. Бізге баламасы жоқ суды жаратқан ол, Алла. Су үшке бөлінеді: мұз, сұйық, бу.

«Ол көктен жаңбыр жаудырады да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай-ақ, сәндік бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып, еріткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқат пен жасандыны осылайша мысалдайды Ал енді көбік ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал берді» (Рағыд – 17). Топырақты балқытсаң металы шығады, көбік ұшып кетіп металл қалды. Ал енді ол тоттанып шіріп көре көзге топыраққа айналады. Топырақты ұсақ шаңға одан тозаңға тіптен, көзге көрінбейтін бөлшекке, ауаға жоғалып кетеді. Басын біріктіріп әртүрлі бейнеге айналдыратын ол шындық – түтінсіз жалын, отсыз түтін. Құранда «Мұхаммед сен ол үшеуді көрдің ағаш қасында» деген  аят бар. Барлық дене үш түрлі өріспен құралады, біріктіруші Алла. Ғайыпқа байланысты, Алланың қатысуымен тұрақтанатын өзгеру сипаты бар нәрселер үш белгімен беріледі. Пенде баласында сыртқы ортамен бөліп тұратын үш өріс болады. Айырмашылық мұсылман еркектерінде тізеден төмен бөлікте қорған перде болады. (Сопылықтың жоғарғы нәтижесі де сол пердені алып көкке көтеріле білу.) Ал  әйелдерде балтыр тұсында үлкен шеңбер болса мойын мен тобық арасын өріс  жасап жауып тұрады. Маңдай арқылы жасырын көздер бездер арқылы ішкі қуат көздеріне қосылады. Бұл өрісті «ғарыштық» деп атап (пенде бойындағы аспан белгісі) пенделерге берілген жаратушымыздан  несібелік теңдік белгісі болады. Негізінен 10-15 м аралығында болады. Тыныстық өріс — тыныс алу, ас қорыту арқылы жанға жылу қуат, адам терісімен айнала қоршап, киім арқылы шектеліп тұрады. Бір жағынан ой жүйесінің белгісі болып табылады. Сыртқы ғарыштық өріске араласқан сайын сана кірлеп, ұят және ардың жоғалуын туындатады. Сондықтан ғарыштық өрістің дуалы, шегі киім болып, әр түрлі  тосын жаман ойдан (сөзден)  адамды қоршап тұрады. Пенденің тәндік тербеліс шекарасы болып саналады. Жер – Анамыз да осылай құрылған. Жалпы жер қызуын реттеп сақтап тұратын ішкі қуат. Жер асты ошақтарынан теңіздер арқылы  нәр алады. Жандық қуат белдеуі экватор сызығы мен төбесі болып екі шегімен мұзда мұхит және антарктика болып жабылады. Жер беті жеті аспанмен күмбез болып жабылған. Әр аспанның түрі, түсі және тербеліс жиілігі болады. Адамның да аз қорғалған ғарышқа жақын жері басы мен аяғы. Аяғына салқын барса бірден төбеден шығады, ол да белгі. Жан өрісінің белгісі аспанда екі жұлдыз бар, белдеуі бар. Біреуі әйел, екіншісі еркек. Сондықтан болар экватор сызығы түйені алдыңғы аяғынан өткен жері ашық артқы аяғының құрлық үстімен, жалаң бұт Африка елімен өтуі. Алдыңғы аяқ әйелді бейнелейді, артқы аяқ еркек. Тобыққа дейін жабық болу керек, негізгі су қорған, киім белгісі, мойын тұсы да жабық болған абзал деп көрсетіп қойған. Адам баласында қорғалуға тисті үнемі қымтап ұстауға бұйырылған үш қасиетті орын бар. Алда ғылыммен толық жіктеп талқылаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *