Жылан да жылжып өтіпті.
Кісінеп жылқы жетіпті.
Сықырлап аяз, қар қаңтар боп,
Қозғалысқа қолқабыс келіпті.
Қаңтарып жаралыс күймесі,
Мұсадан сүннет күн тізбесі.
Жылқыға жылды жегіңдер,
Күймесін тірлік сүйресін.
Суықтан келер несібең,
Өмір басы өлімнен.
Жетпіс бір күн ұйықтатып,
Наурызда қайта тірілткен.
*** ***
Жылқыдан алар қуат көп,
Жал, жая, қазы жеген тоқ.
Жыл келсе жылқымен,
Жарысар жының желменен.
Жынынан айырылған бақсыдай,
Жаманның таңын аттырмай,
Жақсының таңын атырғай.
Жыныстық қуат жылқыдан,
Жарысар қатын ұл туған.
Жалауын діннің көтерер,
Жылы жел соғар шығыстан.
Жақсылық ұзақ жатпайды,
Жариялап салтын ақтайды.
Жамағаты болып дәстүрдің,
Жылқы үйірін сатпайды,
Жылқы жыл рухың оянып,
Жақсылар ата жолын жақтайды.
Жандықтан тосылар,
Жандар да көп тазарар,
Жаны таза қатындар,
Жаулықпен қайта қосылар.
Жер көгеріп жаңбырмен,
Жанды сөз тыңдап батамен,
Жастардың рухы жаңарар.
Желіккен жесір, кежірлер,
Жерініп қайта иілер.
Жекешіл сараң жебірлер,
Желкесі биыл қиылар.
Жемісін жылда жейтін көп,
Жетістікке жылқы жылында.
Жеңіліп желік қуғандар,
Жеңілістің дәмін татып боқ.
Жалғандықты жыртатын,
Жаратқан өзі болып жақ,
Жақсылыққа жол ашылмақ.
**** ****