Әйел ердің ырысы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 64

Ерте тұрған еркектің ырысы артық,

Қатыны болса пысық, ұйқысы ашық.

Ерін де арсыздықтан сақтар тартып

Ерте тұрған қатынның бір ісі артық.

Дәстүрін ата-баба білмес жасық,

Шалжиып жатар еңсесін ұйқы басып.

Шәйіңді өзің қойып іше сал деп,

Бала туса міндетін қояр өзіңе асып.

Ұятсыз көп бас түгіл етегі ашық,

Жынменен ойнас болар ондай қаншық.

Ондай қатын әлсіз қанды бала туып,

Түбінде тұқым тозар, қара басып.

(желтоқсан 2013 жыл)       

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *