Жылы сөз кімге керекті?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 88

Жылы сөз – жанның шуағы,
Жүрекке жарқын нұр берген.
Тартылмай көңіл бұлағы,
Әлем де мынау гүлденген.

Өседі еркін жайқалып,
Су құйсаң баппен гүлге де.
Жылы сөз ғана айтайық,
Айта алмасаң, үндеме!

(Әкім Ысқақ)

***  ***

«Атадан қалған мақал бар,

Жынан жаман долы бар,

Неше тарау жолы бар.

Жылауық мылжың кейбірі,

Кездескеннің соры бар.

Сөйлемесе, құрты қозады,

Үндемесе, тозады,

Саңқылдақ, кәззап ұры бар.

«Қой» деп айтса, құтырып,

Үйден үйге қыдырып,

Мазасыз көкбет пері бар.

Бейшара көніп, бетпақ жеңіп,

Лажсыз тұрған бірі бар.

Маза бермес ауылға

Жаумен бірдей қылады.

Бірге туған бауырға

Қиқу кетпес көршіңмен,

Сауысқанша шоқиды.

Маза бермес сауырға,

Өгейді көрсе өрлейді,

Пәле жауып сермейді.

Ар-ұятпен араз болып,

Алты ұлына мас болып,

Көрінгенмен қас болып,

Әкеме ерік бермейді.»

(арғын, Жидебай батыр.)

****  *****

Салт-дәстүрді сақтамай

Қатын жылан боларды,

Әуретін жауып ақталамай

Жыланға  үйі толарды.

Арсыз өссе қыздарың,

Шайтанмен жаны дос болар.

Ақыл деген суық қой,

Алмай оны қас болар.

Жаулық деген қасиет,

Бас иманның бұлағы

Ақ жүрек пен ақ ниет,

Ақ жаулықтан шығады.

Еркін беріп ұл қызға,

Өсірдің қазақ ұрпақты

Мұндайлардан ұлтыңда

Жынды мастар туады.

Қызың бақша гүлің ғой,

Ақыл, тәрбие суың ғой.

Ал тек жылы сөз айту,

Ойын, күлкі сөздер ғой.

Ал үндеме қатынға,

Тәрбие бермей басында.

Ит аяқтан су ішкен,

Жынсың онда расында!

***  ***

Жылы сөз жақсы өмірде,

Айту керек ондайды

Тәрбие, үлгі көргенге.

Ал ақыл деген суық қой,

Оны да қалқам біліп қой.

Дәстүрің-салтың аманат,

Үш байлық одан ғибадат.

Төртінші Құдай ісі еді,

Ақиреттен келер сын тағат.

Он тоғыз жүк бар адамзат,

Шайтанан жылы сөз тарап

Көңілге жағып мұндай сөз

Адамзат бұған алданад.

Тоқсан ауыз сөз қалған,

Тобыққа түйіп, бол адам.

Қазақтан шықты шариғат

Жер ана рухы қолдаса,

Табаның сонда ағарад.

Жер есігін іздеп тап,

Шайтандықтан бол азат.

(Т.Б.К)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *