Жын-қайрат, ой қуатың(214)

Бөлім: Зікір өлеңдер 100

Күш сынаспақ арсыздық,

Тектілікке баланды.

Бастағы ой салқындық,

Әдептілік аталды.

Төрт жыны бастан тазармай,

Таза ақыл шіріп жоғалды.

Атау сөзден ой болмай,

Сиқырға қайта байланды.

Шерік, серік деп дінші,

Қазыққа ақыл байланды.

Тура жол болып дін ісі,

Келтірдім, деген иманды.

Жұдырықтасып, ән айтқан,

Пендесі жұлдыз аталды.

Бел бүгілмей бай болмақ,

Зор мақсатқа айналды.

Европаның бар салты,

Қазақтың ішін жайлады.

Ішке сыймай ұяты,

Ақ жаулық, бөрік жоғалды.

Жеті атадан ажыраған,

Ғұлама, ғалым аталды.

Жасанды сана жобамен,

Қайғы болмай, дау қалды.

Уайым боп дүние байлығы,

Жаңғыртпақ рұқын жасанды.

Жаны елдің жоғалып,

Ұлтшылдығың жалған-ды.

Теріс ой жорып мастанған,

Философ, ғалым наданды

Ел билік заңмен жақтаған

Қазағым түгел жынданды!

Жын-қайратын басқа деп,

Ібілістің шықты ұрпағы.

Рұқ пен жанды бір атап,

Сенімі иман аталды.

Жын-қайрат асып ақылдан,

Жете мен сана ұрланды.

Қайғысыз елге Құдайдан,

Қияметпен жауап басталды!

(Желтоқсан 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *