Жынды мен шайтанды пенделер- деп кімдерді атаймыз?

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 86

Қазіргі таңда дінді түсініп, құранды меңгеру жолына түскендерді және түрлі жағдайда ата жолына емшілік т,б істермен айналысқан пенделерді; Діншілердің халықты олардан қашыру мақсатында, жынмен, шайтанмен қорқытып; «шерік қосылады» деп түсіндіру масхаб дін танытушыларының, өздерін «намазхан» атаған топтардың, бұлжымас әдетіне айналғаны да даусыз. Ал жаратушы иеміз; «Адам баласы мен жындарды өзіме құлшылық үшін жарттым» деген үкіммен, бұл пәтуаның жалған және олардың өтірікші жан ғылымы түгіл, жынға тікелей байланысты рух сипаттарынан да білімсіз, діни сауатсыздығын ескертеді. Сонымен жын және адам баласын ; «Сендер, әй жын мен адам баласы, өтер болсаңдар көк пен жердің шек арасынан өтіп көріңдер, өте алмайсыңдар, бірақ бір-ақ қуатпен өтесіңдер!» деп жын мен адам баласының тәндік бейнеде тұтастығын және сират көпірінен бірге өту керектігін, жаннатқа да бірге кіретінін ескертеді.

Және; «БІР-АҚ ҚУАТПЕН» деген ұғымды жеке алып тексерсек; біздерің Бір Аллаға құлшылық етеміз, немесе Раббымыздың тәңірлерің «БІР-АҚ»+ «Тәңір» деп ескертуінен «БІР» дегеніміз жарық қуаты болып, әлемнің біздер үшін жаратқан «ЖАР»-«Бір жарыққа», тұтастыққа жаннатқа да құлшылық жасауды яғни жананат тұрғындары арқылы берілетін тапсырма аманатарды орындауды оларға да қызмет қылуды ескертеді. Сонымен бұл ұғымдарды санға айналдырып түсіндірсек, бүкіл европа және білімді терең меңгерген, бірақ дін десе жиркенетін ағайындарымыз бірден түсіне қойып, құранның ғылымдар атасы екеніне иманға келуі хақ. Бірақ бұл пәтуға діншілеріміз және оларға ерген жас буындарымыздың жүректеріндегі жынын немесе қанындағы шайтанын түртіп, қарсылық білдірері де сөзсіз.

Сонымен енді қарапайымдап түсіндірсек, жын негізінен ағашпен байланысты және адам ағзасындағы от пен судың арасын жалғап тұрушы, қуатық бейне және адамзаттың сыртқы өрісін қалыптастырып, жан өрісімен бірігіп бойды, көлеңкені қалыптастырады. Әрбір жер басып жүруші пенденің өрістік көлеңкесі болып, ол жынмен, жан өрісінен тұратынын білгеніңіз жөн. Және жынның негізі жартылыс басы, жыныс ағашы яғни еркектердің жыныс мүшесіндегі темір безі болып табылады. Енді кандай да бір имам, діншінің жынды мазаққа айналдырғаны; өз жынысын пышақтағаны, боқтағаны болып табылады. Ал әйел затында туғаннан таза қуатты 2-қанатты періште болып, жыныстық безімен, жыныстық ерекшелігінің толып жетілумен бірге жыныстық нәпсі жыны да өсіп жетіледі. Сондықтан қандай да бір жас баланы қыз, мейлі ұл болсын, жыныстық белгісі толық қалыптасқанша періште атауымыз, ал өскен сайын жастық-мастық болып жыны да, шайтаны да бірге өсетінін білген жөн. Енді жын өрісі жуан және қара, жоғарғы жиілікте болып,ал шайтандық қуатық қоңыр және төменгі , теріс жилікте болады.

Сонымен жынның қалыптасуы да жыныстық сипатымен көрнісін беріп, еркек жын, ұрғашы жын болып бөлініп, оның пенденің тәнін тастап шығып, өлімен қайта тірілу арасындағы өрістік сипатында; әйел жынын пері деп, ал еркек жынын; дию деп атаған аталарымыз. Яғни жартылар болып, пенденің ішіндегісімен, «топыр» (көп)- «ақ» түсті періштелік сипаттағы Құдайлық «Менімен» бірігу арқасында ғана «бірге» айналып, аталарымыздың; «Екі жарты бір бүтін болайық» дегенінің астарында некемен төсектес болайық деген сөз тұр. Бұл ішкі, сыртқы қуаттардың бірлігінен қалыптасатын, жүректік-денемен, көздермен бейнеленген қуаттар адамзаттың жұбы, сыңары болып үнемі, байланысты тұратын және барлық ақпараттар да осындай әке-шеше және туған, туысқан жеті жұртық жындық, жандық өрістерден тұрып, ал оның тұтастай бірігіп, адамдық бейнеге және жарықтық сипатқа айналуын аруақ деп атап, бұл қуатты адамзат үшін «бір» болып, жүректерге яғни кісілерге айналуын құранда ашық баяндаған.

Ал енді аруақ дегеніміз; көздерден жүректерден тұратын, белгілі бір бейнелі денесі бар; 7-түрлі қуаттық шамалардан тұратын, қозғалыс негіздері болып, құранда аралық нәрселер тобына жататыны ескертіп; «Көк пен жер аралығындағы нәрселерді ойыншық үшін жаратқан емеспін!» деп, дін имамдарымыздың мазаққа айналдырмауын қатаң ескертеді. Яғни енді бейнеленген ақ-қызыл түсті аруақтық қуатты қалыптастыру үшін пайғамбарымыз; «Мені жеті сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым!» деп ескерткен. Ол жеті сүйекке жатындар; Тырнақ, саусақ, алақан, білек, шынтақ, қар, иық болып бүкіл пенденің өрістік қуатын қолы арқылы өлшенетінін білдіреді.

Сонымен енді қолдық яғни аруақтық қуатты тазартып, түрленуден өткен жандық, періштелік, жын періштелік, және шайтанан періштелік, жарыққа айналған қуаттардың қызыл түсті жиынтығын құраумен бірге, құдайлық бастапқы негіз нұр-«АР» қуатымен яғни Ақ -пен бірлікте болғанда толық таза аруақ қуаты, яғни қолқабыс қолдар болып шығады. Шәкәрім атамыз; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деп екі өлең жолымен-ақ бүкіл жаратылыстық себептік Алланың құдіретті қолын суреттеп берген. Енді аруақтық қозғалыс жекелей де, тұтастай да жаралыс басы Қол болып саналмайды және Алланың қолынан бөлек деп те айтылмайды саусақсыз қол, икемсіз қозғалыс және әрбір нәрсенің ішкі дүниесін қозғалтуға саусақсыз мүмкін болмаса, аруақсыз уақыттың ішкі қозғалыс себебі де ретілігін сақтай алмайды.

Сондықтан Алланың Құдірет Қолы, ол-Уақыт, Заман, Дәуір болса, ал аруақ, осы заманың ішкі сағатық қозғалысы болып саналады. Сағаттың ішінде минуты, секунты және өзге де себепшілері болғандықтан осы кіші уақыты; Ар-Уақ-ыты деп атаймыз. Бұл ұғымнан «Ар», «Уақ» және «Ман» қуаттары пайда болып, осындай үш негіздің бір-бірмен әрекетернінен, үш түрлі қозғалыс негізі қалыптасады. Мысалға АР+Ман-нан ой қозғалысы саналық сипат болса, Ар-уақ-тан барлық әрекетер пайда болып, Ман (Ты)+Уақ немесе Уақ+ыт(Ман) яғни «Уақ»=За— білім, кітап, бейнелі қозғалыстағы хикметер немесе Заман болып, заман мен Аруақтың әрекетінің тұтастай бірлігін Алланың құдірет қолы деп атаймыз. Олай болса, бұл ұғым сонау Адам атамыздан бері келе жатқандықтан, оның сыры тек қазақ сөздік қорында жасырылып, әлемге Құранның сөз құпия сынағы да осыдан пайда болады.

Сонымен енді аруақ қалай пайда болады деп сұраңыз? Шайтан адамзаттың негізгі үндік қозғалыс қуатын құрайтын, яғни барлық жаратылыс себебінің тілі-шайтан болып табылады. Қандай да бір ұлтың өз тілін меңгеруден ғана Ар-қуатының шамасы қалыптастынын, ал құран тілі әлемдерге ортақ болғандықтан, бұл ұлтың тілі Ар-ап, яғни арды ал болып бейнеленеді. Сондықтан шайтан арсыздықтың негізі болып, оны меңгеру арқылы ғана Ар-ымыз жетілуі керек. Ал, қандай да бір танылуға, танымдық нәрсенің тілін дұрыс меңгере алмаудан шайтандық қана қылық туындайды. Сондықтан адамзатқа тілді басқару, арлы болу ең бір үлкен сынақ. Пайғамбарымызда; «Кім маған тіліне ие болуға уәде берсе менде жаннатқа кіргізуге уәде беремін» деп ескерткен. Сонымен енді жан, жыны, шайтан негіздері 3-түрлі сипаттарадан көрнеу, көмес, және ғайып болып және үш түрлі қышқылдық сілекейге де тәуелді түрде, адам баласының еркін, сана қуатын қалыптастыруға тиіс.

Бұл білімнің барлық өлшемдері құран арқылы кітаптық санмен жасырылғанын да білген жөн. Шайтан- адамзаттың қанында жұлдызшалар, құртар түрінде және азықтарда «паразит», «софралит», құрттар түрінде, ақ уыз-белоктың негізі болып, ал жын болса оттың жалыны яғни ағаштың, темірдің өрістік сипатында жаратылады. Бұл тақырыпта арнаулы құран аяттарымен, сандық өлшемдерімен кітапты арнаулы аталар меңгерген құпия білімінен алда жазармыз, әзірге енді жындылық пен шайтандық пенделіктердің ерекшелігі мен пайда болу себебін түсіндіре кетейік. Бірде мешітте бірге намаз оқитын үлкен кісі; «иманы жолдас болсын» бақилық болып кетті, бірде сұқбаттас болып, осы тақырыпты көтеріп, дін имамдармыздың жындарды мазаққа айналдырып, Аллаға ортақ қосуын айтқан едім. Ол кісіде; Менде осы жасқа келгенше жын туралы солай ойлап келіппін де, бірде намазым арқылы Рабымнан сұрадым; «О! Жаратқан ием осы жасқа келгенше мен жын туралы түк білмеймін, маған сипатын көрсетші!» деп жалбарындым деді. Сонан бір уақыттарда мені түсімде, Мекке қаласына алып барып, Қағба мешітінің ішіне кіргізіп, қатар-қатар отырған, сәлде киген араптардың қақ ортасынан бөліп; «Мынаның жоғары жағында отырғандар адамдар, төменгі жағындағылар жындар болып есептеледі» деді. Мен оянып алып, тәубеге келіп, кешірім сұрап жын дегеніміз «Өзіміз» екен деп пікірімді өзгертім,-деп және сол жерде отырған жастарға да бақилық болар алдында Раббымыздың көрсеткен, түсірген аманатын орындап, жындылықты меңгеру, тазарту туралы біраз тәлім берген.

Сонымен енді жынсыз адамзат, жыныстық қатынасқа түсе алмай, көбейуі де мүмкін емес. Ал енді осы жынын, қуатын тазарта алмаған жағдайда, ондай пенде қашанда оғаш сөзі, ісі болып, жынды болып саналады. Енді жынды пендені қалай анықтауға болады деп сұраңыз? Жын- негізінен есту қабілетімен байланысты және еркектен, жыныс ағашынан негіз алып, ер азаматтар жаратылыстан жынды болып, кейбіреулер ақылы дұрыс білімді, ілімді намаз оқушы болғанымен сана, ерік қуаттарын яғни жынын тазартып «ЕС» -тілігін, парасатылығын, зайырлығын жетілдіре алмаса, онда бүкіл ғұмырында жындылық болып және солай да болып өлуі де мүмкін.

Ал енді сөзі дұрыс емес, ілімді, білімді жынды пендені көргіңіз келсе; мешіттерде, барлық ел басқару саласында, оқу ордаларында дүние тіршілігі, сыртқы бейнесі қалыпты болғанымен, егер сөз астарын жетік меңгермей, қалай болса солай пәтуа бертін пенделердің бәрі жындылар болып табылады. Оған философ, психолог және дін ғалымдары да, жалаңабас жүретін, қалай болса солай сөйлей салатын, тілі мүкіс қажы ағайындарымыздың бар тобы да кіреді. Құранға қарсы тек араптар осындай пәтуа берді деп, болмаса; «пайғамбар әлексаллам, мағрипат етіп, тәуесіл жасап, ықтипата болып, т,б» аралас өзі нені айтқанын білмей, құран аятын зу еткізіп, арапшадан оқып беріп, артынша тікелей аударып отыратындардың бәрі сөз астарын меңгеріп, зертей білмегендіктен де жындылар болып аталады.

Олай болса, шала қазақ, немесе мүлде қазақ тілін білмейтіндер, ата-анасынан, жер рухынан ажырағандар, ұлтық дәстүрімізге, салтымызға теріс, оғаш қылығы барлар мейлі қандай ғалым, ел басқарушылар болсын, нағыз жынданғандар яғни тазармаған жынмен, шайтандармен жүктелгендер «жын-шайтандар» болып саналады. Ал бұл аралықта шайтанын меңгеріп, яғни тілін, сөзін нәпсісін тазартқан, бірақ жынын толық тазарта алмай кейде ашуланып, байқамай ашу үсті оғаш сөздер, немесе істерге де барып қалатындар да болып, соның бірі мына тақырыпты бастап отырған өзім де бармын, жартылай жыны барлар тобына жатамыз.

Бірақ бұл топтағылар шайтан жамағаты болып саналамайды. Неге жыны бар болып саналу керек?- деп онда сұраңыз. Егер жыныстық нәпсің болып, сұлуға ойың қашып, көзің жүгіріп тұрса, онда да жынның әлі толық таза аруақтық қуатқа айналмағанынан деп біліңіз. Сондықтан да адамзатың ең ұлығы болған, пайғамбарымызда ғана мұндай ойлардан, жалған негізсіз сөздерден аулақ болған. Сонымен енді шайтан пендесі қандай болады? Шайтан негізінен тілмен байланысты болғандықтан, әйел затымен жалпы жастардың да шайтандығы басым болып, жындылық қылықпен пен де ерекшеленеді. Әрбір қылық, мінез өз жасына және қоғамдағы қалыптасқан тәрбиеге ортаға лайық болса бұл жалпы адамдың шек болып табылады.

Сондықтан да қыздарымыз қылықты болу үшін де, ойланбай түрлі сөздерді айта салу, сәл нәрсеге жылай салу, босқа күле салу немесе әйел затына қағыс есту, қалыпты жағдайдағы пенделік бейнесі, осы жағдайды жастықты яғни мастықты да білдіреді. Шайтан негізінен адамзаттың көру қасиеті болып, еркектің негізінен жындылық қара қуаты басым болып, естіп ойланса, әйел заты шайтандық қуатылығы басым болып, ал жындық қуаты яғни ақылы қысқа болып, алыстан, ұзақтан есту қабілеті төмен сондықтан көріп ойланады. Осындай ерекшеліктерді теңеу үшін неке маңызды несібе болып, жыныстық қатынас арқылы көру қуаты шабыт-шарап болып, әйелден еркеке, ал есту қуаты май болып әйелдің қозғалыс қимылын, сүйектік, буындарын майлап және есту қабілетін артырады.

Алайда соқыр еркек пен саңырау әйелдің жандық белгісіне қарай, бірін-бірін іздеп тауып, қосылуға асық болып, құштарлығы артып, өз-ара сүйіспеншілік, сыйластықпен ерін арқылы болсын, қуаттардың алмасуынан жанның біргуінен, өз ара қуаттар аласуымен ғана ғашықтыққа айналып, кейінен ортақ дүниесі бала-шағалы болып, арты махаббатқа ұласу шарты бар. Енді егер еркектік жын мен әйел жыны бір- бірімен келісім қуаттық, тазалық, ұқсастық тауып бірігіп кете алмаса, онда екі жұптың арасында жиркеніш сезімі яғни шайтаны семіріп, тілдер табыса алмай, артынан ажырасумен аяқталу да хақ. Құранда «Әйелдер сендердің егіндіктерің, бір-бірлеріңнің киіміңсіңдер, еркетің әйелден, әйелдің еркектен алтын үлесі бар» деген мағыналы аяттар үкімі бар.

Олай болса әйел мен еркек некеленіп, ортақ қандық, діл егінін яғни бәйшешек бақшасын өсіру шарт. Енді әйелдік жын қуатын, яғни жыныстық зейнеттерін таза ұстап, өсіре білген әйел заты жұпар иісті бірақ тікені бар гүл болып, саналады. Сондықтан мұндай ұятты, арлы тікенді гүлді алу әрбір еркеке бұйырмаған. Сол сияқты жын қуаты қалыпты жағдайда тәрбиелеп өсірген арлы ер азаматтың; «кенді» аталып, оны қоритын иісі, жыланы да болып, егер мұндай еркек әйелге ғашық болмай немесе нексіз жыныстық қатынасқа түссе онда су орнына жыланна у берері сөзсіз. Шәкәрім атамыз; «…Ерінбей тамам гүлін аралаңыз, Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек. Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды, Тікенінен жиіркеніп жеміс жесек…Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас Боққа төкен саламға тойған есек.»

Ал енді қазіргі таңда тікені бар, жұпар иісті нұрлы гүл өсіріп отырған ата-ана да, саусақпен санарлық қана болып, гүлі болғанымен исі аз ыстық түссе солып қалатын, уақытша гүлдер мен шөп желке саламға айналып, еркектеріміз де кені жоқ (ұрық суы, тоқпақ) жыланы ғана бар, некелі қатынына у беріп, шарап орнына у алатын және көрінгеннің талауына қалған, саламды жиркенбей жеген, сонан есекке айналғандар қазақтың басым көпшілігі екені рас. Сондықтан қайдан ұлттық сана қалыптасып, еркі күшті ұрпақ туылсын? Сонымен әйел затына тұзын сасытып шайтанын семіртпеуге, майдалап көбейтуге, ал ерекке жынын, бойға айналдырып өсіруге, бірақ өзге сырттағы өрісітік жындармен қоспауға яғни дінде, шариғатымызда «шерік қоспау» яғни ұлтық әдептік шектен шықпау қағидасын меңгеру парыз болған. Ал шеріктер қосылуға бірден бір себепші де, түрлі азықтану жағдайында және неке төсегі арқылы өз ара байқатпай енетін шайтандық қуаттың әсері болмақ.

Егерде жаман иісті шайтандық қуат еркекте шамадан тыс тұтыну мөлшерінен асып өсіп кетсе, қаны азып, санасы жабылып, әйелдік жіңішке мінезділік қалыптасып және барлық нәрсені дүние қызығымен өлшейтін шайтандық мінезбен көрнісін табатын болады. Қарапайым мысалмен көрсете кетсек; ата жолын дүние жинап байып кетіп, халықты кедейлікке ұшыратып жатыр,-деп әлі кезге дейін байбалам салып жүргендер мейлі еркек, мейлі әйел, дінші, ел басшыларының «намазхан» аталған жастарды есептемегенде жіңішке мінезділер, бәрі шайтан жамағатынан болып есептеледі. Сондықтан да мұндай пенделердің ең бір ерекшелгі де, екі жүзді мінезді болып, түрі қазақ, мінезі арап, болмаса жаңа қазақ, европалық қазақ сияқтылар түгелімен мұнафықтық яғни екі жүзді шайтан жамағаттары болып аталады.

Осындай бір ұлтты ағайындарымыздың ұлттық шежіре тамыры, жер рухы кіндігінен ажыраған еркектердің жіңішке мінезге айналуын Абай атамыз; «Етек асты еркектерді көп көрдім» деп астарлап, ол замандарда да еркектердің шайтанға айналуы да көп болғандығын білдіреді. Ал енді жаратқанан әйел затына қозғалысқа қажетті қосымша жын қуатын тек еркек ұрығы арқылы ғана толықтырып отыруын бұйырғандықтан, мұндай қуаттың ері арқылы жетімсіздігінен болмаса, европалық еркіндікке еліктеуден, «Ар- Ман» қуатарының азғындауынан, ендігі әйелдеріміз өзін еркеке ұқсатып, шалбарланып, буылтық-буылтық зейнет орындарын әшкере жариялап, екі аралық бейнелеген қарлық өрістік сипаттарға жындарға көлеңкелері, бойлары арқылы тікелей қосылу әрекетінен «шерік қосылып», тәндерінен шыққан шайтандық иістердің осы өрістемен қосылып бірігу салдарынан, енді қатындармыз, қыздармыз жаппай мүлде «жын-шайтанға» яғни масқа айналып алғаны да хақ.

Сондықтан ондай әйел заттыларда исіде жуандап, сезімдік қуаттары бөлшектеніп, ерекке деген жиркеніш пайда болып, күйеуге тийуге де зауқы болмай, жыныстық қатынасқа қажет еткенде көшеден тауып қосыла салумен немесе мал құсап, өз жынысына артылуға яғни мұндай әйел затына (тәніне) жын қуатары еніп, шайтанымен бірігіп және де еркектік жынның жүктелуімен көрнісін береді. Ондай әйел жыныстылардың да еркек сияқты темекіге, араққа, ащщыға түрлі жаман бұзықтықтарға, боқтампаздыққа және жиркеніш сезімі де тоқтап, дауысы да өзгеріп, жуандап шыға келеді.

Осындай түрлі себептермен енді екі жынысқа да тән болған, «жын-шайтан» деген пенделік бейнені қалай түсінеміз, өзгелерден айырмашылығын қалай ажыратып аламыз? Сонымен көмес қуаттары болған, жыны мен ішкі өрісі шайтаны бірігіп кеткен пенделер, негізінен ең ауыры «шизофрения», ал жеңілін «мастық» деп атап,мұндай халга түсір түрлі жағдайда ақылы, білімі бар, бірақ есі жоқ пенделердің ұлтық салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға қайшы мас адамның сөзін, қылығын істеген пенделердің бәрі мейлі әйел, мейлі еркек болсын «жын-шайтаны» бар деп аталады.

Мұндай жағдайға мысал берсек; арап елдерінде ел тұрғындарының тіл қуаттарын жетілдіріп, тазарта білмеуінен, әйел қандарының «намазхан» жынды еректер арқылы да сұйылып, өзгеріске түсіп, ділдері жетілмеу себебінен екі аралық қуаттық шайтандары көбейіп, өсіп, дүниенің қызығы, жеңілдік өмір салты, қанағат сезімдерін жеңіп, бойларына тазармаған шайтандық қуаттар әбден толып қалыптасып, сабырлық қуаттары кеміп, сонан енді; «Аруаққа табыну шерік қосу»деген әдеттерінен, көктегі жын қуат нәсілдік несібелері, жүктері де көбейіп, оларды өздіктермен амал жасап, әк-шеше туысқан, ағайын өлілерін құрметеп, зияраттап зейнетеліп тазарта алмағандықтан, енді тікелей өздеріне ену үшін, Раббымыз сынақ салып, жүректеріне ұйқы кезінде жын-шайтандарының енумен, бүкіл халықтық қылық, мінездері аяқ астынан өзгеріп, сонан қару алып, бірін бірі қырып, тазармаған жын мен шайтандары онан сайын еселеп қосылып, естері мүлде шығып, арап елдерінде жаппай соғыс жүріп жатқанын күнде көріп отырсыздар. Сол сияқты жағдай европа елдерінде белең алып, жын мен шайтандары бірігіп жатқан көрнісін де, жын-шайтан пенделерінің қылығын көруге болады.

Ал қазақ елінде де жын-шайтандар, мастар да жеткілікті болғанымен, бірақ негізгі халықтың ат –баба ғұрпынан мүлде ажырап қаламай, және жалпы халықтық дәстүріміз де аруақ білім болып, зияраттап тазарып, Ақ ұлдың бастаған рухани қозғалысының арқасында, жүрек ашу мұғжизасымен қосымша көптеген емшілер пайда болып, пенделердегі мұндай теріс қуаттарды жүктерін өз тағдырларына арластарып алып, жапай жүректік жерлерін өртеп, аруақтың, туысқандарының, жолда қалғандарының бастарын көтеріп, аттарын шығарумен айналысқандықтан да; Құдайға мың да бір шүкір!- өзге «намазхан», шариғатын жол қылған елдердей, жалпы халықтық жын-шайтанға айналудан аулақпыз.

Енді бұған тәубе деп отыра беруге болмайды. Себебі тылсым қара күштері бәрібір еліміздің көптеген тұрғындарын, онан сайын адастырып, бір-бірімізге ағайынына, туысқанына қарсы қойып жатқанын, және жындылар мен шайтан жамағаттары да өз ара бірігуге күш салып жатқаны да хақ. Мысалға ғаламтордағы дін- «форумның» пікірталас алаңында, мені «намазхан» аталған Еркін атты (негізінен Еркін, Қайрат, Болат т,б атты пенделердің жын қуаты да мол болып келеді.) пенде; Аруақтық дәстүріміз бен аталар аманатын жазғаным үшін; «Жын-шайтансың» деп айыптапты. Мен оған жартылай ғана келісемін. Себебі; Егер менде шайтандық болса, онда қалай жаратқаннан кітап алып, хикметті біліміне жолығып, қожалыққа жетіп, аталарымыз меңгерген құпия ілімді және бақсылық істерді де меңгеріп, білімін жазуға неге ұлықсат беріп қойды?

Сондықтан оны ұрлайтын шайтанымнан арылуға үкім берген, Аллаға мың да бір шүкірлік, Рабымызға мадақ болсын! Және маған түс жору білімін үйретіп, көптеген пайғамбарлармен кездестіріп, оның ішінде Мұхаммед пайғамбарымыздан жоғалған сүннетерін қайта түгелдеуге тікелей аманат алдым. Сондықтан бұл ағайынымның мені; «жын-шайтан» деп атағаны негізсіз және күнә да болып есептеледі. Мейлі сенсін, сенбесін қандай да бір мұсылман баласы пайғамбарымызды түсінде көрдім, десе оған міндетті түрде сену керектігін есерткен пайғамбарымыздың өсиеттері бар. Және менің рас өтірігін тексеруге, еліміздің жоғары дәрежелі хазірет, дін ғалымы болғандықтан, олардың өздері тікелей Раббымыздан хақиқатын растауға белгі түсіруін сұрап біле алмаса, онда өздерінің дін ғалымдықтары, сопылықтары, тура жолда болғандығы да жалған.

Бұл сахабалар заманынан және қазақ әулиелері меңгерген жалғасты келе жатқан бұлжымас қағида. Ал ондай дәрежеге жетудің белгісін Абай атамыз; « …Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін. Әшейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанан ба, яки бір бөтен себептен бе? …Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бірі де әлдекімдердікі..» дегендей менде қазіргі толып кеткен ойын-сауық әзілдерге күле алмаймын және жұрт құсап дүние байлықтарына да қуана алмаймын, ашулансам ызалана яғни кек сақтай алмаймын, сөздерім де менікі емес, біреулердікі яғни аруақтардың білдіргенін ғана жазамын, айтамын да.

Сондықтан менің де ішімдегі шайтаным өліп, ал сырттан өрісім, бақшам болған түйсікке араласып, аңдып жүргендерді менен, серігім болған жынымнан да, Ата-баба аруақтары аластап қуып жіберген ау шамасы. Бірақ серігімде, жолдасымда яғни өзімде жындылық мүлде жоқ деп айтсам, онда тағы күпірлік айтқан болып, әлі жыныстық қуатым жеткілікті екенін және тоқал алуға, аталар меңгерген қан тазарту, сұрыптау қағидаларын да тәжірибеден өткізіп, дәлелдеу де ойым болып, сондықтан әзірге жыным жоқ деп айтуға ертерек. Жын мүлде болмаса, онда Ясауи бабамыздай нәсіні балтамен шауып, жер астына кіруге де болады. Ал, өмір тіршілігінен де қол үзбей, дін-жанын толық жетілдіріп және жынында тазартқан, кісілігі қалыптасқан адам баласын;

Абай атамыз ескеркендей; « ..Ақылы түгел ойлы адам баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтанан да кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатынан да көңіл, аз ба көп пе, жалығады…Бірақ осы жалығу деген әрнәрсені көрем деген, көп көрген. Дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады…» деп жынын меңгерген адам бәрінен жалығып және қажып, бәрінің баянсызын білген, дүние қызығынан толық жалыққан ойлы адам ғана қажылыққа барып, Құдайға ұялмай ант беріп келу керек екен. Бұл сырды, Інжілде «Назереттік ант» деп атапты.

Бірақ мен Абай атамыздай шамасы әлі бұндай дүние қызықтарынан, дәмінің бәрін татып, бағасын өлшеп жалыға қойғаным жоқ, дүниеге де балаға да, қатынға да аз болса да қажетілік бар, сондықтан қазіргі жастар құсап, қажыға ұялмай барғым да жоқ, әйтеуір Құдай өмір берсе бір нәсіп етер деген тәуекелдік ойым бар. Шәкірім атамыз; «..Шын махаббат қылуға, Шын сабырың жете ме? Көрінген әрбір сұлуға Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ..» деп ескертіпті. Сондықтан ондай жындылық кейде байқатып, көңілді толқытып, іштей өзін білдіретінін де мойындаған тәубеге де лайық болар.

Сонымен аталарымыздай таза ақыл, әулиелік болмағанмен, осы айыптаған пікір маған түрткі болып, енді жалпы шайтан жамағатары қандай болады?- деген сауалға тек өз пікірімді ғана білдірсем, онда жынды пенделер мен шайтан жамағаттары үдере көтеріліп, мені бәрібір; «жын-шайтан» деп айыптаулары да сөзсіз. Сондықтан қазақ тарихында, бұл салада жазып та аманат, өсиет еткен даналар көп. Абай атамыз шын-шайтан пендесінің; «Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар» деп, пайғамбарымыз екінші женіл пенделік сипатын; «Негізінен мастық әйел заты мен жастарға тән» деп астарлап және аятта;

«..ӘЙ АДАМ БАЛАСЫ! РАБЫЛАРЫҢНАН ҚОРҚЫҢДАР. РАСЫНДА ҚИЯМЕТТІҢ СІЛКІНІСІ ҮЛКЕН НӘРСЕ. (1) ОЛ КҮНІ, ӘР ЕМІЗУШІНІҢ ЕМІЗГЕНІН ҰМЫТҚАНЫН ЖӘНЕ ӘРБІР БУАЗ ЖӘНДІКТІҢ (шалбар киген әйелдер)ІШ ТАСТАҒАНЫН КӨРЕСІҢ. АДАМДАРДЫ МАС ТҮРДЕ КӨРЕСІҢ. НЕГІЗІНДЕ ОЛАР МАС ЕМЕС. БІРАҚ АЛЛАНЫҢ АЗАБЫ ҚАТТЫ.» (22-2) Бұл аяттағы біздің қазіргі таңдағы бастарын тәнін жылтырақ қоңыз сияқты әсемдеп, етегін ашып, жартылай жалаңашқа айналған әйел затын; «ЖӘНДІКТЕР» деп ескертеді де жалпы үкіміндегі дүние қоңызға айналып, дүние мастықпен ұлтық ғұрпымызды ұмытып, салтымыздың өзгеріп және осындай қияметік нәубеттін жалпы қазақтың басына келгендігінің негізгі белгісі; біліміне, ілімінен мас болған пенделердің өз бабаларын, әулиелерін Алладан БАСҚА деп, жын-шайтанға айналып жатқандарды ең болмаса, жартылай болса да тәубеге келер ме деген үмітпен; Мәшүр Жүсіп атамыздың «ШАЙТАННЫҢ САУДАСЫ» деген әңгіме мысалын Абай, Шәкәрім аталар көз қарасымен талдап көрсек, онда мені тікелей жынды пенделер мен, шайтан жамағатары да ашық айыптай алмас, тек «жын-шайтанға» айналып кеткендердің аузына ғана қақпақ бола алмас да жариялап көрейін де; тек өзі ғана Бір Алла болған, Раббымыздан ғана медет, жәрдем бер оларға деп тілейік. (2010 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *