Жындылық пен Адамдық  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 121

Адамзат деген ұғым бар,

Жынды және Адам аталар.

Жан мен тән Адам сарайы,

Жын қуат күш қозғалтар.

Көбейіп өспек адамдар,

Нәпсімен мұны атқарар.

Періштелік және мал қуат,

Ақылмен ғана бір болар.

Қайратың малдан туылар,

Періштеден жүрек құралар.

Ақылмен үшеуі бір болып,

Ғылымға жүрек жол табар.

Көріп естіп ойды алар,

Тілмен қозғап сөз айтар.

Негізгі төрт жыныңа,

Нәпсімен төрті байланар.

Сегіз түрден мал туар,

Төрт қуатпен қозғалтар.

Малым жанға садаға,

Қазақта ғана нақыл бар.

Тәнді өсірмек жан болар,

Тәннің қамын ойланар.

Жын басқарса тәніңді,

Ар, ұяттан құр қалар.

 

Жын мен жаннан құралар,

Жеті жан, сегіз жын болар.

Ақылмен тұрса басқарып,

Бір қуатқа жарық айналар.

Жын мен жан және ақыл бар,

Бала болып аталар.

Тек пен қаннан жүрек боп,

Ұрпақ болып жалғасар.

Әр нәрсенің жұбы бар,

Әруағың қуат қолда бар.

Қол бала деп атаған,

Ақиретке қуат қосылар.

Парымен және жұптасар,

Оң және сол жақта бар.

Дәуіттің отыз ұлы деп

Парасы құран аталар.

Төрт жының баста бар,

Естіп, көріп, ой алар.

Тілмен ділді бейнелеп,

Қасиетімен сөздің ақ болар.

Ақ сөзге құдай жақ болар,

Құранның үні сақталар.

Жеті үнмен сөзге жан еніп,

Жеті жан өсіп бақ болар.

Малыңды өсір, егін сал,

Сөзінде Абай астар бар.

Адамзат малдық қуатты

Бақшасында ойдың баққызар.

Қоралап малды қамаңдар,

Киіммен ұят сақтаңдар.

Өргізіп малды өріске,

Некемен деген азық ал.

Еркекте малдық қуат бар,

Әйелдер егін жайылар.

Киіммен зейнет алмасып,

Бүтіндік болып құралар.

***  ****

Тыңдайтын құлақ көпте бар,

Біліммен өлшеп іс қылар.

Ақылды артқа тастаған,

Бөріксіз еркек жын болар.

Денесін жарық қоралар,

Ар сауыты ақ болар.

Жеті өрісін сақтаған,

Қазақта текті аталар.

Бүгінгі заман «тұлғалар»

Бас жоғалтқан мал табар.

Сасық өріс, арам ойлы,

Ел басқарды тажалдар.

Жете мен сана кімде бар,

Абайын оқып қолға алар.

Құдайдан жоба алмаса,

Жүрегі жабық тас болар.

Сөз жазып көпке мақтанар,

Ауызбен орақ орғандар.

Сынауға шебер қазақ көп,

Дінсіз қырт шайтандар.

Көргенімен ойланар

Қатын мінез болғандар.

Абай түгіл Құдайды,

Мойындамас етек бастылар.

Көріп естіп пайымдар,

Жетелі пенде елде бар.

Ұят, ынсап меңгерген

Аз ғана елде қауымдар.

Ар-ұжданды болғандар,

Аллаға бойын ұсынар.

Үш байлығы түгел боп,

Саналы болып аталар.

Толық Адам болғандар

Перісін іште тазартар.

Ақиқаттан сыр біліп,

Дәстүріне ата жалғанар.

Жындылықтың бәрі бар,

Перісі сыртпен жалғанар.

Ханда бөрік болмаса,

Перілік жүйе басқарар.

Ақ жаулықсыз жоғалар,

Жан өлі, діл тозар.

Қайта келмес сапарға,

Кетіп жатыр қыз-қатындар.

Етексіз сана не болар,

Жаулықсыз кімде жан болар?

Ақ босаға ұлтыңнан,

Ұятсыз қыздан жоғалар.

Тегіңді қазақ аздырар,

Әлемге арсыз жалғанар.

Ібілістің болды ұрпағы,

Ел билеген залымдар.

Перілік деген жүйе бар,

Саясатымен билік қорғалар.

Адамдыққа өткізбес,

Заңменен тиып жазалар.

Төрге шығып мал табар,

Есікте қалды жол табар.

Жаңашыл болмақ жансыздар,

Ұқсастыққа жын болар.

Адамдық жалғыз жол табар,

Аянға, уақи жалғанар.

Тағдырын толық меңгеріп,

Әлемге қуат қосқызар.

Адамдық әдет жалығар,

Жалғандықтан жын қылар.

Естілікті серік қылатын

Үлгісін үлкен танытар.

Бүгінгі қоғам жындылар,

Құдайсыз амал қылдырар.

Асыл сөзін ұлтының,

Бұзуға ойын құнығар.

Тазармай баста жын тұрар,

Жүректің көзі жабылар.

Мидан жүрек хабарсыз,

Өгіздей мойын жуандар.

Ел басшы — пері мұны ұғар,

Жүйеден қалай босанар?

Кигенмен шапан бөріксіз,

Санасыз жүрек нені ұғар?!.

(Наурыз 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *