Әлемнің өзі Құран

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 55

Алланың сөзі құран,

Рахметінің жүзі болған.

Дін ісі болар жобаң,

Шариғаттан үгіт алсаң.

Ғылымның сыры Құран,

Насихатпан болар Адам.

Құдай ісі жолын алып,

Тура жолға салар Құран.

Тоқсан тоғыз есімі болған,

Адамзатқа жарық нұрдан.

Шапағатшы рахметі Ол,

Алланың Өзі сипатынан.

Махаббат бірі болған,

Мен-Мұхаммед Ол Аллаң.

Өмір бойы іште нұры,

Адамзатқа сыйы Құран.

Тоқсан тоғыз қасиет болған,

Пайғамбардан сүннет қалған.

Сүйіспеншілікпен есімдерін,

Меңгеріп жүзін алған.

Іші мен сыртын тазарта алған,

Мүмін болып кітап алған.

Сырты таза іші надан,

Құранды оқып теріске алған.

Діл мен тілі бұрмаланған,

Сөз киесін артқа атқан.

Өз ұлтының нақылдарын,

Меңгермеген болар надан.

Ішіңде тұрса арам,

Теріс ой, алар шамаң.

Жетесіз пендесін,

Адастырар өзі құран.

Ақылсыз оқып құран,

Сөз түзеуден басын тартқан.

Өз елінің ділін алмай,

Ғылымсыз болар хайуан.

Құранды теріске алған,

Сол жағынан кітап болған.

Мың күнәні жеңе алмай,

Әулие көп жалғанбаған.

Көзінен ине өте алмаған,

Көпірін сират сала алмаған.

Мал түйесін бағу білмей,

Масһабшылар болды надан.

Бір топты басқа топтан,

Тура деп адастырған.

Алланың иірген ала жібін,

Тарқататын қатын болған.

Он саты көгіне жалғандырған,

Пірлер бар жұлдыз болған.

88 сәруарлық жібіне сәуле,

Он екі жаратылыс сырын алған.

Білімге мастық қылған,

Іліммен көкке жалғанбаған.

Ортасынан ақылын таба алмай,

Ғылымыз діншілер наданданған.

Жанына ғылымнан иман,

Санаға санын ала алмаған.

Кеудеге нан пісердей,

Астамшыл қылар құран.

Сынағың болған құран,

Құдайдан жоба алмасаң.

Тәпсірмен білім біліп,

Ғалымдар үнге жалғанбаған.

Қазақта көп наданданған,

Жындылық сөзін айтқан.

Қолыңды бер деп маған,

Перілік шеңбер құрған.

Білгенім деген құран,

Тәпсірмен білім қуған.

Пайғамбардан бата алмай,

Кітапқа жалғанбаған.

Тілі майда шешен болған,

Дінші көп масһабты алған.

Бірлігін исламның,

Терістеп дін аздырған!

(Наурыз 2017 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *