Зікір-Барсакелмес

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 115

Қадірің артса халыққа,

Айналып бойың жарыққа.

Даналық сөзбен байыптап,

Ар жолын көрсет халыққа.

Тас керең пенде налыса,

Ризалық болмай тағдырға.

Ішіне қара үңіліп,

Кем тұсын қара анықта.

Сырықтай сырғып сөз айтса,

Сөз әдебін ұмытпа.

Жауабын беріп сабырмен,

Шақырып дәстүр қалыпқа.

Кежірлік жиған бойына,

Кердеңде келсе алдыңа.

Төменге түсір қарасын,

Өз бойына өлшеп аныққа.

Артығы мен асылын,

Тұрғаны қайда жасырын.

Сөзіне қарай өлшеп бер,

Осы деп шамаң жақсының.

Сыбағаң осы, деп болар,

Тереңнен қойма көп сауал.

Анықты тауып үйренсін,

Сыр ашқанға қолдау сал.

Ойға батып шырмалған,

Шыға алмай мұнан қиналған.

Пендені қайыр артына,

Өткенен болсын үлгі алған.

Тауып айт сөзбен ақылды,

Қайратын білсін жануды.

Өз жанын өзі ұға алар,

Үйренсін Құран үнін тануды.

(Маусым 2018 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *