Зікір-Шарықтау –Жүрек үніне жалғану

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 52

Ту сыртыңнан қадалған,

Көптің сөзі түк емес.

Жеңілдетіп жүгіңді,

Күнәңді ауыр жалғанған.

Көңіліңді тазартып,

Бөлісіп жүкті салмақтан.

Қайғы менен қасірет,

Адамға ауыр ой салар.

Мінәжатыңды қабыл ғып,

Алланың өзі қарасар.

Шар тараптан шапқылап,

Нәпсі қуған көп сабаз.

Бағамдамай алды-артын,

Амалы түгел бола алмас.

Көп қайғыдан не пайда,

Аласұрып алқынып,

Тарих, дінді пән қылып,

Түйірдей сана болмаса?

Аянмен жоба ала ала алмай

Өзіңді-өзің танымай,

Түсінбесең не пайда?

Қызғыш құстай қорысаң,

Ар, жаныңды былғамай.

Қарашығы көзіңнің,

Жанға дауа болардай.

Көп қайғының өтерін,

Тыныштық сыйлап жаныңа.

Ішіп жемей көзіңмен,

Арамға жанды былғама.

Қарашықты адалдат,

Адамдықтың жолында.

Өтсін сызы жеріңнен.

Қараңғы көрге түскенде,

Құтыларсың нәубеттен.

Мың жылға жалғап өмірді,

Ұжданмен жанды меңгерсең!

(Маусым 2018 жыл)

*****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *