Баянсыз бақыт жайлады,
Адамдардың ішінде.
Сырттан жағып бояуды,
У сіңірді ішіне.
Сұрасаң не деп бақытың,
Сыртымның көр жылтыры
Ішімнің көпке жаққаны
Арамдығым білінбей жатқаны.
Бала-шағамның барлығы,
Бақыт емей немене?
Болады дайын жауабы.
Ар-ұяттың жоқтығын,
Іш-сыртының боқтығын.
Іштарлық пен тоқтығын
Кем тұсына баламас.
Баласының ойы жоқтығын,
Ішке жасырған шоқтығын
Көптің бәрі сондай дер.
Өзді-өзін ақтап алмаққа
Пішінін өзгертіп салмаққа
Бей-жай қарар арланбай,
Аяғы арам батпақта.
Текті атаған бір-бірін,
Құдайсыз қурай сынбақ па?
Жалғанның бағы баянсыз,
Айналған көп қаңбаққа!
(Маусым 2018 жыл)
**** *****