Зікір-Ғыпырдан хабар

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 1

Көңіл көзі ашылса,

Жүректегі күп кетер.

Санаға саңылау ашылса,

Нәсіп пенен бақ тілер.

Көп жалмауыз тойымсыз,

Ішкі көзін ашпайды.

Ашқарақ болған нәпсінің,

Тоймастығын аңсайды.

Құла сай мен төбе сай,

Екі арасы құлжа сай.

Ынсап пенен ұжданың,

Қайратқа мекен болар жай.

Әр пенде төбе асып па,

Бағындырып биікті?

Жетті мен шыңның басына,

Шындықты ашып көріп пе?

Көксеген оны көңілі,

Қуатын сезіп толқып па?

Жеке дара жобамен,

Жарылқауын Құдай алып па?

(Маусым 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.