Зілді жүк

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 51

Зілді жүгің арқаға,

Салмақ болып қиналтар.

Көп нәрседен тежелтіп,

Қапа қылып жылатар.

Іштегіңе күш беріп,

Өзіңді сеспей қатырар.

Кірбің түскен көңілді,

Ұршықтай иіріп айналтар.

Көп тілектің бірі деп,

Қудырып байлық тұқыртар.

Жүгің қалып байлаулы,

Ашылмай сандық қынжылтар.

Тар қапасқа тығылған,

Жаның шіркін бір сасар.

Түйгіштеген іштегің,

Ұмыттырып оны шайқалтар.

Көптің ісін істесең,

Көп кешікпей адасар.

Босайын десең құрсаудан,

Жолды сайлап ұсынар.

Қыр асырған көп жынның,

Бірі келіп тайсалтар.

Талтаңдаған жындының,

Ұстатып етегін байлатар.

Артқа тартып сүйретіп,

Күйдіріп жанды күйретіп

Не дегенін білдіртер.

Жеткізбей сені мұратқа,

Азапқа салып көңілді,

Алдарқатып көзіңді

Көп қызыққа тойдырмай,

Сандалтар да қатырар.

Іштегі шегің бұралған,

Көзіңнің іші құрттаған

Пәс көңілді тудыртып

Жұлып алар жаныңды.

Тығылмастай жер тауып,

Бір аунатар өзіңді.

Құлқыңды жеңіп құл қылып,

Нәпсіге сені тұл қылып

Қыршындай етіп қидыртар.

Көк құрағын жастардың,

Көктей орып солдыртар.

Ел билеген өңкей мас,

Сөз аздырып сандалтар!

Әлемнің зілін жинатып,

Ғылым деп мұны ататар!

(Маусым 2018 жыл.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *