Өзін тану жетелік(169)

Бөлім: Зікір өлеңдер 107

Ой ойланбай іс істеп,

Бас қатырған пенде көп.

Ойсыз сөзбен әрекет,

Жан өлтірген пәлекет.

Көп сөзде пәтуа жоқ,

Дүниеге болса көңіл тоқ.

Сауық қызық сайранмен,

Жан өлтірмек амал көп.

Білімменен ілімнің,

Ортасын білмей бірлігін.

Пайдасы жоқ пән болар,

Білмесе Құдай ісінің.

Не пайда құр сенімнің,

Нанымы жоқ елінің.

Үлкендер иман өндірмей,

Киесі болмас сөзіңің?

Әй дейтін әже еліңнің,

Суатсыз қалған кемпірдің.

Қартайған деген аты бар,

Өнбеген сары нұрының.

Ата сақал ауызға,

Түскен еркек бойында

Мәрттік пенен шалдық жоқ,

Жігіттік жүрген ойында.

Мен-мен менен жұптасқан,

Әйел мен ерді қарасаң.

Жақындық пен жылу жоқ,

Дүние мен нәпсі ұстанған.

Тегіне шерік қоспаққа,

Қасиетпен қарсы салмаққа.

Өз ұрпағын байлаған,

Жалғанбай дәстүр мирасқа.

Жастарда мастық дүниеге,

Алмаған дәстүрден өнеге.

Шала туылған бала көп,

Көтсіздік болып көңілде.

Ертеңін елдің ойлайтын,

Құдайдың ісін қорғайтын.

Шыға ма бүгін қазақтан,

Ұрпақтар текті жалғайтын?

Өзді-өзін елің танымай,

Нақылмен мирас қолға алмай.

Жеті атаға тағдыр жалғанып,

Жетелі пенде бола ма ай?

Етекті, жеңді, жаулықты,

Болмаса әйел саулықты.

Санаға есік ашылмас,

Ел азды мұнан кім ұтты?

Болдың деп, сопы алдаған,

Қол берсең болдың тақуадан.

Рұқтан білім меңгертіп,

Құдайдан жол-жоба алмаған.

Рұқыңа жатыр жан енбей,

Алты жан ділмен көбеймей.

Жетесіздер елді жаңғыртпақ,

Тағдыр, өз тегін меңгермей.

Жоғалған ұлттық нанымың,

Өзіңді қалай таныдың?

Елдігің жоқ ұлтшыл боп,

Намыс деп арсыз шатылдың.

Амалсыз қалған тағдырың,

Бойыңда жоқ кебенек қалыңың.

Қарайған қаның, жан жара,

Тозақ пен тұр қазылып қабырың!

(Қазан 2018 жыл)

****   ******

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *