Зымяндық(196)

Бөлім: Зікір өлеңдер 104

Ділін ұлттың күйретіп,

Дәстүрін баба тәрк етіп.

Нұрдан болған дәлелі,

Атау сөзді өзгертіп.

Түлкілер көп билікте,

Дін ісіне жүйрік те.

Тәпсір білім пәншілер,

Құдай ісін алмай керекке.

Шаң жуытпас бойына,

Сүйеніп алып заңына.

Болса да жаны жазалы,

Айласы дүние қоруға.

Алуан түрлі айлаға,

Ой жорыған жобаға.

Құйқылжытып әндей басады,

Жасандылық санаға.

Болмаса ұят, сана жоқ,

Денесі бар, ұждан жоқ.

Көпке ақыл айтып жүр,

Жетесіздер дана боп.

Паңдыққа басқан сыңайы,

Қу баста бар ма шырайы?

Сыңар езу кесірлер,

Ұмытқан мүлде Құдайды.

Езуі сыңар жырылмай,

Ұртты майға толтырмай.

Жемтіктен жоқ айырылғысы,

Құдты құзғын-қарғадай.

Білместей Құдай қарайды,

Есептен бір танбайды.

Жұтқыншаққа тығылған,

Байлығын әсте санайды.

Көптің де жоқ ұяты,

Дәмету, тілеу сипаты.

Ардан күсіп қу мақтан,

Арсыздық болды ел салты.

Әділетсіз деме Құдайды,

Біріңмен-бірді сынайды.

Көп тілеуі дүние боқ,

Хайуандықты өздері қалайды.

Жанды рұқ деп атайды,

Ғалымы қазақ тұрпайы.

Жарсыз қалған жансыздар,

Зымияндар елді алдайды.

Сүйгені көптің дүниеде,

Сауық-сайран сүруге.

Жар сүймеген жалғаншыл,

Бақшасы жанның күюде.

(Қараша 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *