Серт(195)

Бөлім: Зікір өлеңдер 54

Серттен танған халық боп,

Күш кешпейік, жарандар.

Шұбарламай тіліңді,

Таза сөйле бауырлар.

Айыр тілді жыландай,

Өсірмей жанды қор қылар.

Дәм сезбестей күйініп,

Алтауды араз қылдырар.

Ит мінезді нәпсімен,

Өзіңді мерген аттырар.

Бір тіл ғана жаратқан,

Алладан үкім серт болар.

Қан тегіңді сақтайтын,

Қадірле тілді қазақтар.

Ана тілің тарихпен,

Алла өрген жіб болар.

Тарқататқандар діл, дінді,

Алланың сөзін серт бұзар.

Құзырында Алланың

Машһарында жиналар.

Арапша деп, сөйлейсің,

Өтірігі өздеріне от болар.

Сіміріп суша сөздерін,

Азабына тозақ тап қылар.

Тән өледі, жан қайда,

Өзге елге қалай қосылар?

Ақылмен мұны пайымда,

Жаның атпен бір болар.

Жан ақталар қай тілде?

Ділмен жан жарық қосылар.

Әр ұлттың ділі өзгеше,

Қарсылығымен жұп болар.

Басқа тәнге еніп қайтадан,

Жан емес пе ұлт қылар?

Жансыз ұлтың көбеймес,

Өзгеріп нәсіл жоғалар.

Жоғалтсаң ана тіліңді,

Басқа ұлтқа нәсіл айналар.

Жанды білмес надандар,

Сертін бұзып сатқындар

Ана тілін қадірін арттырмас

Ғылымсыз хайуан аталар!

(Қараша 2018)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *