Сәжде (277

Бөлім: Зікір өлеңдер 239

Алла берген үкімін,

Ұқсасы Бол деп ӨЗІНІҢ.

Жер бетіне халифа,

Баласынан Адам бір кісінің.

Бір кісіден тарқатқан,

Кісілік жүйе тек болған.

Тегіңді танып адамзат,

Баласы Адам жанаттан.

Атаңа берген бұйрығы,

Парасатпен ақыл ұғымды.

Атау сөзді үйретіп,

Табуға үнмен қисынды.

Сөзден бәрі жаралған,

Алладан белгі үн алған.

Үннен қуат қозғалыс,

Сәждесі болып аталған.

Нағыз ердің сәждесі,

Сөз құпиясын үндерді.

Парасатпен пайымдап,

Ғылыммен өлшеп білмегі.

Қырық қожа қыр асырып,

Төбеден тоғыз шақырып.

Төрелігін меңгерген,

Ғылымнан дерек жазылып.

Тоғызбен тауып иманды,

Келтірдім деген тәубаны.

Тоғыз рет тілеген,

Раббыдан жауап алмағы.

Тоғыз торқа киіммен,

Ардан сауыт өрумен.

Ақтан аят Алладан,

Зейнетін жарық өсірген.

Сүлеймен мен Дәуітке,

Жалғантқан құпия дерекке.

Мың жылда бір келетін,

Ғылымнан кітап белеске.

Селкеу түспей көңілге,

Құйылар нұры жүрекке.

Құпиямен көктің үндескен,

Сөз мәресі ірі себепке.

Құранның жеті үнінен,

Жарығымен жеті әлемнен.

Исламның болып бірлігі,

Төрт кітаппен сөйлеген.

Иманнан гүл өсірген,

Үш сүю сырын меңгерген.

Елшілік ісін жалғантып,

Жеті үнмен ислам бірленген.

Мұхаммел Алла елшісі,

Жеті сүйек үнмен сәждесі.

Қазығын қағып исламның,

Адамзаттың болды төресі.

Жеті жанды ақтап көбейткен,

Қожалық ісін сүнеттен.

Қажырлықты салт қылған,

Алты арыс елін іздеткен.

Әулиеліктің барлық киесі,

Ұзын сөздің мирас жүйесі.

Түп тамыры бар діннің,

Қазаққа болды тиесі.

Құдайға қылған тәуекел,

Желкеден түсер жел өткел.

Жерден қуат, көктен нұр,

Шындықты білген береке ел.

Сәждесін Адам жалғаған,

Санадан жалау байлаған.

Арлы мен арсыз, арамын,

Жолымен ата қармаған.

Көздеген жол мен жобаны,

Кітабынан алып аянды.

Құдаймен болып саудасы,

Көрушіге болған баянды.

Игі іспен жалғап алды-артын,

Оң мен сол тағдыр қосатын.

Қонағын күтіп Құдайдай,

Жалғызда малын соятын.

Көңілі жомарт дарханды,

Өлісін риза қылғаны.

Көппен көрген ұлы той,

Бірлігінен ислам салт барды.

Құдайдан ғана қорыққан,

Адамдығы еді ғылымнан.

Сәждесі таңда жоғалған,

Ел болдық қазақ азғыннан.

Қаралық басып шайтаннан,

Әлемнен жинап салт алған.

Сәждесі болып дүниеге,

Екі күні мен ардан айырылған.

Біліммен өлшеп ұғынған,

Теріс ой сөзі бұзылған.

Жалғанып мың күнәмен,

Қорықпас нәрсе қалмаған.

Қорқады ата жолынан,

Дәстүріне қайта қайтудан.

Әруағын айтса секірер,

Тағдыры екі қолынан.

Аруағы қуат ғылымнан,

Ұрпағы ібіліс шошынған.

Тексіздігі осы қазақтың,

Сәждесінен Адам суынған!

Ақылдан қуат қосылған,

Әр заманға сын болған.

Ақылды сөзді көбейтпей,

Шындықтан бас тартудан.

Қорқыныш басым ақылдан,

Білімге болып байланған.

Адамдық ақыл сәждесін,

Адамзат түгел ұмытқан.

Құдайдан қазақ таңдалған,

Хабары түсіп таза ақылдан.

Аруақтар беріп ақ бата,

Аз ғана ұрпақ оянған.

Тіршілік заңын ұғынған,

Қуат қосып ақыл нұрынан.

Сөзбенен үнін бейнелер,

Шындықпен құс жолынан.

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *