XV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 119

   

«Иман, Ислам, Ихсан» деген дінді зерттеуші ғұламалар. Қандайда бір жаратылыстың қазығы ортасында болуы шартты жағдай. Сондықтан бұл үш қуаттың негізі де тұрағы да Ислам яғни дін насихаты, құлшылығы екені сөзсіз. Ал Ихсан-дегеніміз;  патшалық, өсіп-өркендеу болып табылады. Бірақ исламды және «ихсандықты» меңгеру үшін де әуелі иман туралы түсінігіміз болуы да шарт. Қайталау білім анасы дегендей; Иман-дегеніміз; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті, 5.Сабырлы болуды бес түрлі қасиеттілік сападан тұратынын жадымызға тоқып алғанымыз дұрыс.  Бұл белгілерге мұқият зер салсаңыз адамзаттың жер бетіндегі өмірінің барлық саласын қамтып тұрғаны сөзсіз. «Ихсанды»-болудың яғни иман арқылы дінді меңгерудің де белгісі иманның бір шарты «көркіне, жынысына сай ізетті болумен» байланысты екені де сөзсіз. Ең басты иманның ірге тасы ақыл болып, ақылсыз ешқандайда дінді, яғни адамгершілік негіздерді меңгеру мүмкін емес. Ал, енді ақыл туралы білімді; «төртеуді түгелдеу»  оның қызметшілері «Жат, жады, зейін, зерде, жете, сана»  және «Даналыққа екі қадам» туралы «Құлшылықтар философиясы» тарауында таныстырып өттік. Жаратылыстан әрбір адам баласы тағдырында осындай иманың белгілерін алып туылады. Бұл белгілер «Мұсылмандық», яғни ман қуаттарын меңгеруге деген қабілеттілік болып саналады. Сондықтан да Раббымыз; «Сендерді тектеріңді (ман) табу үшін жараттым» деп ескерткен.   Қазіргі әлемдегі барлық діннің ең басты қателігі азғындыққа түсуі де ақыл туралы білімді меңгеруді және ақылды қалай жетілдіруді тастап қойып, иманның қалған 4 шартын білім жүзінде меңгерумен ғана шектеледі. Исламның да осындай зұлымдыққа түсуімен бағзы замандарда иман қуаттарын меңгерген білімді сол қалпында алып алып, оны меңгеруде түрлі сенімділік жолдарын ойлап тауып бөлек-бөлек топтарға бөлшектенуге тура келгені де сөзсіз. Бұрынғы өткен даналардың, хакімдердің, әулиелердің меңгерген имандылық дәрежелері, ақылдық қуаттары білімге айналып отырғаны да сөзсіз. Ал өткен замандағы иман туралы білімдердің белгілі бір сенімділік қуаттарды қалыптастырумен, имандылықты меңгерудің шарты шектеулі белгілерінің ірге тасын қалағанымен, иман қуаттарының заманға сай үнемі меңгеруге тиісті парасаттылық шамасы болатыны мүлде ескерусіз қалғаны да хақ. Сонымен білім бар, білімге негізделген сенім бар, ал иманды жетілдіру үшін сол заманға сай әлеммен тұтастықта болу, тектің жаңадан сапалы қуаттарын меңгеру деген сияқты құдай ісімен аянымен түсірген белгі, хикметтерінің сырын шешумен байланысты жағдайлар ислам дінінің өзінде жоғалып кеткені, яғни ібілістің жеңіске жетумен тажалдық білімнің пайда болуымен көрнісін тапқаны да хақ.   Тажалдық білімнің ең басты қаруы сөз ұғымдарын өзгерту арқылы иманның ең қажетті қуаты ақылды заманға сай дамуын тежеумен иманның қалған белгілерінің жетімсіздігін қалыптастырады. Имандылықтың басты қағидасы қатесіз сөйлеу білімі әлемдегі ең жоғарғы жетістікке жеткен даналары бар қазақ елінде де жоғалғаны хақ. Бұл пәтуамызға қазір әлемде болып жатқан исламдық бүлікшілдік пен әлемдегі ең жоғарғы ақылды, иманды меңгерудің философиялық, психологиялық нақты білімі бар  қазақ еліндегі рухани жағдайымыздың көрінісі де айқын дәлел болмақ.Сондықтан да қазақ дін ғалымдарының, ел билігінің, зиялы қауым өкілдерінің рухани болмысынан табылмаған имандылық қуаттары әлемнің өзге халқынан табылуы мүлде мүмкін емес. Ал арап халқын меккеліктерді Раббымыз құранда «орта топ» деп үкіммен бекітіп қойғаны да хақ. Сенімділік деген әлемдегі барлық адамзатқа да ортақ қойшы мен патшаның да дәреже біліміне қарамастан жаратушыға деген дінге деген қөзқарасы бірдей болуға тиісті. Және патшаның меңгерген сенімділік қуатын қойшы да еркін меңгере алады. Ал иман қуатының дәрежесі салыстырмалы түрде жан ғылымын меңгерумен, құпия сырларды, хикметтердің белгісін алумен өзіндік қуаты да болады. Қазіргі таңдағы біздің ең үлкен дәрежелі орынмен байланысты иман қуатының көрінісі болуға тиісті Ержан Малғажарұлының иманы мүлде жоқ екені хақ. Себебі иман Раббымыздан келетін таза ақыл-парасатпен ішкі Мен періштелігімен байланысты тұрып бес парызды тура жол деп айтқызбайды. Иман ата-баба дәстүрінен бас тартқызып дінді бөлшектеп, Алланың досын «Алладан басқа-шайтан» айтқызбайды. Иман -масһабты бөліп алып құранға, исламның тұтастығына, өзге діндердің құндылықтарына қарсы қойғызбайды. Иман-құранды жаттап алсаң ізгілікті, көркіңе сай боласың деп халықты тажал болып алдатқызбайды. Иман — шариғатты құдай ісі қылып, өздерін иманды үлестіруші құдайдың еркін орындаушы ақиреттің құл періштелері «Біз» деп халыққа өтірік айтқызбайды. Иман-халықтың өз ата дәстүрін ұстанып, Алла жолында бір-біріне өзара берген қайыр садақаларын, құрбандықтарын сараңдықпен азғырып, тиым салып қудалатпайды. Иман — Ханафи масһабын көктегі жол жұлдыз ататқызбайды. Иман дін адамын футбол тепкізіп аяғын аздыруға жол бермейді. Иман — масһаб дін ғалымдарына әйелзатына шалбар киюге болады деген пәтуа шығартқызбайды да. Иман-жалаңбас жүріп имандымын деп өтірік те айтқызбайды. Иман- көктегі жұлдыздармен жер ойпаттары арқылы жалғанып тұратын ақыл-парасат қуаты. Иман-жандағы құпия ақыл парасаттың кітабы болғандықтан әрбір кісілікке, естілікке жеткен адам баласына ішкі «Мен» елшілігі арқылы жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуды үйретеді, көрсетеді және Раббысымен тілдесуге жалғанып тұрады. Олай болса, қазақ дін басының дәрежесі қызметіне сай иманы болмаса, онда барлық имамдар мен дін ғалымдардың да, зиялы қауымның да, ел биліктің де имандары өз қызметі, дәрежелеріне сай лайық емес, яғни жетілмеген, оны өсіре алмаған болып саналады. Себебі иман сенімнің де ақылдың да тәрбиешісі, Құдайдың адам ішіндегі елшісі болып саналады. Кімде-кім иман қуатын, рұқ бақшасын өсіріп көбейте алмаса онда ол тажалдың  қақпанында, екіжүзділер қатарында, шайтанның жамағаты болып табылады. Біз иманды  тектілік қуаттарын меңгеру, көбейту арқылы ғана келтіре аламыз. Бірақ ол үшін де белгілі сенімділік жүйесі ұлттық дәстүріміздің негізінде болуы керек. Ал мұндай жүйе сенім қуатын замандық жаңа біліммен жетілдірумен және дін тұрғысындағы белгілі бір намаздармен, жалбарыну құлшылықтарымен, сынақтардан өтумен тазалықты сақтаумен, Алланың түсірген парыздарын орындаумен, әрбір адам баласы сыртқы зейнет киімі, бой жарығы түрінде жетілдіре алады.  Сондықтан да осындай өздерін иманды ғұлама, тура жолда халыққа жол көрсетуші санайтындардың барлығы да; меңгерген   дін құлшылығы сеніммен байланысты ғана тағдырмен берілген иманды сақтауға ғана негізделген және белгілі мектептік бағыттың білімімен байланысты осы заманға сай қалыптастырған мұсылмандық қана. Мұндайлар иман бақшасын өсіру білімін білмегендіктен; кәміл мұсылман «Мүмін» де болып саналмайды. Иман деген дінге, жаратушыға, ақиреттің барына, пайғамбарларға, елшілеріне, періштелеріне, түсірген кітаптарына  сеніп және қалыптасқан белгілі бір білім бойынша амал қылумен қалыптаспайды, әрбір заманның түсірген сынына, хикметіне, жаратылыстық қуаттардың үнемі өзгеруімен, түрленуімен жаңадан сапасының пайда болуымен байланысты да тектілік қуаттардың да алуан түрлі сапасына бейімделіп меңгерумен, қара қуаттарды жүктеп тазартумен, жасаған күнәларынан амалмен ақталумен және бүкіл әлеммен тұтастықта болып адам баласының жаратылыстан алған 136 белгі жұлдыз орындарымен, көктегі, аралықтағы жұлдыздық қуаттармен және жер анамен табан арқылы жалғанып, қандағы 11-жұлдыздың жарыққа айналуына, мұндай әрбір амалдардың «Он саулық» Раббымыздың, құдайдың нұрмен дәрежеленуімен ғана нәтижелі болмақ. Адам – кіші әлем, сондықтан бүкіл әлемдік жаратылыспен де, адамзаттың барлық қауымымен де, жан-жануарлар, табиғатпен де тұтастықта болғанда ғана иман қуаты дәрежеленіп Раббымызбен кездесу мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл ақиқатты аятта; «Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді. (аян, уахимен көрсетеді) Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар.» (13-2) Демек масһабшы, дін ғалымдарының Мұхаммед пайғамбарымызды соңғы елші дегенінің жалғандығын осы аятпен-ақ дәлдеп тұрғаны хақ. Раббымызбен, Жармен кездесуге, хикметтерін түсінетін, белгілерін алып, сөзге айналдыра білетін белгілі бір ескертушілік, аққу, сұңқарлық дәрежеге жету керек екені де сөзсіз.  Наным дегеніміз ұлттық дәстүрмен байланысты иман мен сенімнің бірлігінен ғана туындайды. Ал сенім дегеніміз осы жолдағы амалдарды меңгеруге, қорғап күзетуге, тазартып тұруға қызмет қылуы керек. Әрине мұндай айыптаулар ғылым тұрғысында дәлелденбесе, онда біздің де имансыздар қатарынан табылуымыз керек. Олай болса нақты ақпараттармен, Раббымыздың үкімдерімен дәлелдеп көрейік. Сонымен біздер адамзат тұрғысында ақыл-парасат арқылы жаратыламыз және тіршілігіміздің барлық саласы жоғарғы ақыл-парасатпен қадағаланып, басқарылып тұрмаса хайуанға, жануарға оп-оңай айналып кетеміз. Сондықтан арамызға Рұқ-таза ақылдан уахи түсіп әлсіреген, тозған, мәнін жоғалтқан ақыл қуаттарымызды қайтадан жаңғыртып отыру да шартты болмақ.  Сондықтан бұндай әлемдік дамудың үнемі көшін бастауға Мұхаммед пайғамбарымызды жаратып; «Әлемге жол басшы шырақ қылдым» деп аятта; «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.»(42-53) деген үкім берген. Олай болса, ислам әлеміндегі масһабтарға, дін топтарына бөлініп, белгілі бір әулиелерді құдай санап, тура жол деп атаудың өзі зұлымдық, Аллаға ортақ қосу екені де хақ. Ханафи масһабы тура жол, оның басшысы имам Ағзам ақыл-парасатты қиямет қайымға дейін үлестіруші, шапағат иесі дегеннің өзі Алланың куәліктегі елшісі Мұхаммед пайғамбармызға және біртұтас «Біздерге» теңдес қылумен, нағыз зұлымдық имансыздық екені де хақ. Алланың бұл аяттағы үкімін терістеп өзгертуші бәрібір жоқ, ал бұл аятқа қарсылық білдіруші ел билеушілерді, масһабшы, дін ғалымдарды, діншілерді  тозақтың азабына ғана лайық деп түсінген жөн. Қандай да бір пендені Ханафи немесе бір дін тобы масһабтар  арқылы емес, көктегі ерекше қорғалған  құранның кітабы арқылы тура жолға біздер ғана яғни  жаннаттық жұлдыз орын егелері, Раббымыздың құдіретті қолы арқылы салынады деп ескертеді. Рұқтан құран жеті үні болып оқылып, онан кітап жан білімі және иман қуаты пайда болады екен. Құранның жеті үні туралы алда баяндап көреміз, ал енді кітап, яғни құпия білімдерді аятта; «Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін(75) Егер білсеңдер, ол, зор серт.(76) Шын мәнінде ол ардақты Құран.(77) Кітапта сақтаулы.(78) Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды (79) Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген(80) Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме?(81) Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма?» (56-82)  Сонымен кітап та — құран, иман да-құран, негізі таза ақыл-парасат – рұқ болып саналады. Мына аятты; «Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды» тәпсіршілер, құраншылар, дін ғалымдары жер бетіндегі тақуа болған тірі адамдар ұстайды деп, аспандағы көмес, ғайып болған жұлдыз орындарын жерде отырып қолы жеткендеріне куәлік береді. Ал шынында мұдай дәрежеге жеткендер ақиретте жаннаттық болып және арнаулы мирас егесі болып, пайғамбардың шапағатына жалғанғандар, жер бетіндегі адамзатқа ризық беруші болған, өмірден әулие, ғұлама болып өткендердің мыңнан бірінің ғана қолынан келгендер болып саналады.          Ал қандайда бір жер бетіне жарық қуаттары болып түскен жаратушымыздың сөзі-рұқы міндетті түрде адамзат арқылы бейнеліп, онан жаратылыстың барлық себепшісі пайда болатынын да білген жөн. Адамзаттың жер бетіндегі тіршілігі қандай болса жаратылыс, жануарлар, өсімдіктер әлемі де соған қарай бейімделеді. Жамандыққа жамандықпен, жақсылыққа жақсылықпен жауап береді, себебі бұл жоғарғы орындар  жердегі тірі пенделер емес, Алланың достары яғни әулиелік «біздер» арқылы тұтастай басқарылып тұрады.  Исламдық ғылымда тағы да адасушылық пен надандық ақылсыздыққа мұнан барып имандылықтың жоғалуына соқтырған,  Мұхаммед пайғамбарымызға; «Сен жынды емессің, бақсы емессің, ақын емессің, елшісің» деген ұғымдағы аяттың түсінігін сол қалпында алып; бақсылық, ақындық, жындылық та исламға жат ұғым, мұсылман болған адамның бәрі пайғамбардай иманды және қасиетті болу керек деп өздерін де иман тұрғысында пайғамбарға теңдес жасап, сахабалардан да биік қоятын болғаны сөзсіз. Аяттарда;«Күдіксіз бұл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (40) Ол, бір ақының сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.(41) Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. (42)Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген. Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; Әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын күре тамырын кесер едік.» (69-43,44,45,46) Құранның жеті үн болып келіп, оны адамзатқа сөз қылып оқылуы үшін де елшіліктің тақуалықтың жоғарғы дәрежесі қажет болғанын ескерте отыра; «Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер», яғни Раббымыздың сөзін сол қалпында жеткізе білетін жоғарғы дәрежелі елші болу үшін ғашық, машық болатын ақындық сезімнен де жоғары тазалыққа, саналыққа жетіп, тіл мен ойдың арасын бөлмей сөйлей білетін даналыққа да жету керек деп түсінген абзал. Бірақ бұл салада да ақындықтың жоғарғы санатын ой мен тілді тұтастықта ұстай білу сөз өнерін Ясауи бабамыз, Абай-Шәкәрім аталармыз ашық дәлелдеп жоғарғы саналық дәрежедегі еңбегін қалдыра да білді.  Сонымен; «..бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.»  Бұрын құран түспей тұрып, қара жындармен күресу үшін, ем-шипа жасау үшін, әрбір аурудың егесіне қарсы бақсылардың түрлі сөз киесін пайдаланғаны да хақ. Бірақ құран түсуімен енді барлық ем-шипа құран арқылы атқарылып, сондықтан да құран сөзінің ұғымының да бұрынғы бақсылық сөздерден әлде қайда биік екенін білдірген. Бірақ бақсылық істердің енді исламға жат дегені емес, керісінше құран арқылы ақ бақсылық болып өзгеруін де білдіреді. Бұл қасиетті Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі де меңгеріп құран аятты арқылы ем-шипа және рахметке жалғануды және көптеген сахабалар да ақ бақсылық істерді меңгергені де хақ. Кейіннен бұл қожалық деп аталып, тектіліктің ақ бұлағын тек араптан ғана тарқатуды әдетке айналдырып алдық. Адамның ұлы емес атаның ұлы болу мақсат болды. Сонымен Қожа-елші деген қасиетті ұғымның қазақ дәстүрінен жоғалуына да масһабтың, ислам дін ғалымдарының сіңіріген, әлі де сіңіріп жатқан үлесі, яғни тажалдығы да жеткілікті.      «Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; Әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын күре тамырын кесер едік.» Сонымен құран адам ойынан шыққан сөз емес және пайғамбарымыздың оң жақ бөлігінің рухани иман қуаттарымен зейнеттелгенін де ескертеді. Ал иманның тазалығы болған, оң жақ орындар ақылдың сапасымен тәндегі, денедегі періштелік қуаттардың орындарымен байланысты екенін қайталай кетсек;Мұндай орындар, 1.Жүректің 2-тармағына-тектілік негіздеріне (екі үн)жалғану; 2.Өңештің сыңарына-ілімділік қуатқа жалғану; 3.Таңдайдың тазалығы-7-тармақ шешендік қасиетке жалғану; 4.Азу тістердің тазалығы-тазалықтың негізі; 5.Езу тазалығы-даналыққа жалғану. 6.Ми қалыбының тазалығы-ойшылдық пайымдауға жалғану; 7.Бауыр жасушасының тазалығы-қан айналымының қуатылығынан ғана; 8.Оң жақ қанаттың (Лат періштесі), қолдың тазалығы-сананың ұшқырлық қабілетіне жалғану. 9.Оң жақ бүйректің тазалығы-сезімталдық қасиеттің жетістігіне. 10.Оң жақ тобықтың тазалығы-құштарлықтың артуына; 11.Бес қабырға тазалығы-сенімділік қуаттың жетілуіне; 12. Білектің тазалығы-ақылдың толыққандылығы болып, даналықтың пайда болуына және тылсымнан келетін хабарларды қабылдауға да қабілетті болмақ. Сонымен бірге, «Сосын күре тамырын кесер едік» деген ескертуге байланысты күре тамырдың жүректің оң жақ құлақшасымен байланысты қандағы 11-жұлдыздың да тазалығына, жүрек үнінің оң жақ шеке тағдыр орталығына жалғанып тұруына да қатысы бар. Мұндай адам баласында жүрегі ашық деп түсіндіріледі.   Енді бұл жағдай қазіргі ата жолындағы аққу, сұңқар аталғандар мен тылсымнан хабар аламын деген қасиетті көріпкел, емші, бақсыларға да және тура жолды таптым деген барлық мұсылманға да ортақ рухани жағдай болу керек. Бұл періштелік қуаттар ақылға байланысты имандылықты меңгерудің алғашқы 12 белгісі болып, адамзаттың негізгі 12 мүшелеріне, 12 түрлі сүйектермен, 12-ішекпен де байланысты жалғанып, тәулігіне 24 сағаттың 20 минуты сайын алмасып тербелісте тұратынын 72 санды жын қуатымен байланысты екені де хақ. Сонымен адамзаттың бойында 8 түрлі жын ошағы болып, оның негізі баста болса, бастың тазаруы Абай атамыздың ескерткеніндей; дүние тіршілгінен жалығатын, үлкендікпен ғана байланысты болып, басын киіммен жылы ұстап тазарта білмегенде ақылдың толымсыз болуы, яғни иманың өркендеп, бақшасының өнім беруі де мүмкін емес. Қазіргі қазақ халқының ел билігі, зиялы білімді үлкендер қауымы жалаңбас жүруді сәнге айналдырғандықтан олардың ақылының жетімсіздігі, жетесіздігі болатыны, олай болса иман бақшаларының жасына қарай жетілмей қалғаны да хақ. Оң жақтарының періштелігі, яғни құран кітабы болуы мүмкін емес. Жалпы масһаб болсын, діндердің барлық салаларында иман туралы мүлде білім жоқ деуге болады. Иманды адам баласы жан, рұқ, иман, сенім, пайғамбарлық пен елшіліктің жағдайын ажырата білуі де керек. Сонымен бірге ақирет өмірінің жағдайын да меңгеріп өліктермен тілдесуді және құдайдың белгілерін, хикметтерін оқып түсінуі де, белгілі өзінің қызметіне, дәрежесіне мүміндігіне лайық иман кітабы, ақыл-парасаттылығы болуы да шарт. Пайғамбарымыз өз сахабаларына; «Қырық күн хабар болмаса, тексеріңдер имандарың қашып кетпесін» деп астарлы өсиет қалдырған екен. Ал қырық күн түгіл дінші ғалымдар, имамдар, ел билеушілер жарты жылда бір аян алса да мұндай зұлымдыққа, надандыққа халықты түсірмес те еді. «Шүбәсіз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. (45) Тамызылған бір тамшы «мәни» суынан. (46) Шәксіз екінші жазу да Оған тән. (47) Сөз жоқ, байытқан да өркендеткен де Ол.(48) Расында Ол, «Шығара» жұлдызының Раббы.» (53-49)  Әйел болсын еркек болсын Шәкәрім атамыз айтқандай; «Атаның шауқатының көп қой мәні, Ананың құрсағында қан болғаны. Құс пен адам болар деп кім айта алар, Өлі жан мен жаны жоқ жұмыртқаны? Басында оны киімі жаһуат еді, Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні? Денесі неше миллион құбылса да, Оның жаны баяғы ескі жаны. Сезімнің зорайып азаймағы — Қандай түрде болғаннан оның тәні. Қайда барса ол өзін «өзім» дейді, «Өзім» деп денені емес, жанды айтқаны. Сол жаннан тіпті «өзімдік» жоғалмайды, Есеп емес сан өліп, сан қайтқаны.» Адам баласының тағдыры ата шауқатының тазалығына байланысты қалыптасатыны және ана қанында белок пен жұмыртқалық ұрықтың қанмен бірге жүректің денесін қалап, адамзат тағдырында негізінен екі сөздің болатынын Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан» деп адам баласына иман мен кәлиманы-сенімді (дене киімі, ары) бірге берілгенін ескерткен. Әрине бұл жерде ата шауқаты біздің бес парыз намазымызбен жетіліп кетпейді, әлемдік қуаттарды меңгерумен 99 көркем есімнен белгі алумен, оның нейрондар, жарық жұлдызшалар түріндегі адамның саналық өрісін қорғаушы Ақ сауытты меңгерумен ұрпағының тағдырына жауапкер және; «Жақсы әке жаман ұлға қырық жыл азық» деп астарлаған әулие бабалар. Қазіргі өздерін текті қазақпыз деген білімді  қауым мен ел билеуші, байлар осындай аталарының қасиетті шауқатының; «Шәксіз екінші жазу да Оған тән..» деген екінші өмірлік сипатымен несібелі тағдырмен келіп, бірақ ата дәстүріне аналық жүректерге толық жалғана алмаған, ана сүтін қанып еме алмаған немесе арам араласқан, етегі шолақ, жалаңабас қатындардың қанының әлсіреуінен деп түсінген дұрыс. Ал енді мұндайларда қандай тектіліктің белгісі аталық шауқат қуаты болмақ?  Сондықтан олар мұндай жазбаларды, яғни қазақтың ескі жан ғылымынан даналығын  жүрекпен қабылдап имандық белгілерге жалғануға да өз бетімен іздеуге де жандары жетілмеген «өзімі» әлсіз. Керісінше, бірі араптың дінін дәріптеп, бірі европалыққа жығылып, жалпы алғанда қазақ дәстүрін ата жолын қалайда тұншықтырумен ғана айналысып кеткені де хақ…(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *