Қиямет уақиғалары, ақырзаман үкімдері

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 55

               «Хақиқат келді сөзсіз негізсіз нәрселер жойылады» деген Раббымыз құранда. Шындықпен шынның арасында хақиқат тұратынын, ал хақиқаттың шындықты айыру мақсатында Алла тағала тарапынан түсетін ерекше хикметті білімі, белгілері хабарлары екенін, «ата жолы және аққу сұңқарлар» атты тақырыппен баяндап жатырмыз. Әлемдік тұрғыда; Аруақ Алланың жаратып, бейнелеген шындығы, ғылымы болып, ал оның кітапқа, тағдырға айналған бейнелері, адамзаттың өнімі- ғұмыр кітаптары, қол-бала періште, қанаттары, жанның көлігі болып саналды. Қазақтың ұғымында ғана жан ғылымының сырлары нақылдармен, насихатармен сақталғанда; Алланың хақтығы, растығы дәстүрімен бекіп, намаздық амалға айналған тура жолдың ірге тасын дін ғалымдары, діншілер, білімді қауым өкілдері ел билеушілерді айдап салып, халықтың санасынан өшіріп, қызылбастық елдің орта топтық дін салтын енгізіп, ақылдарымызды қазыққа байлап, енді тек заңмен ғана жүріп, ойлану еркін, жігерін жоғалтқан мәңгүт елге жаппай айналып алғанымызды несіне жасырамыз?

Мұндай жағдайда ақ пен қараның теңдігі жойылып, қара түнек күштерінің үстемдігі басталып, әлемдегі де жаппай арсыздыққа Алладан жауап келіп, хақиқаты жер бетінде, жаратылыста, ықылым-райында, адамзаттың тағдырында, ескертумен, ірі белгілері түсіп, ал ар-ұятылығын сақтай алған пенделерге аянмен, уахи және түрлі нығметтері де беріле бастайтыны, және бұл жағдай қазақ елінде ата жолы болып басталғанмен, ібілістің ұрпақтарына айналған білімді, дінші қауымның, оны да көктей солдырып, қудалап мазақтап, айыптап, халыққа мүлде жек көрнішті етіп тынғаны да хақ. Сонда да болса аятта; «Кәпірлер Аланың нұрын ауздарымен өшіруді қалайды, сонда да болса Алла тағала өз нұрын тамамдайды» деген үкімі бар.

Сонымен; «Атадан қалаған ақ сауыт»-ар білімін араммен былғап, ата жолы дәстүрін ел билеуші мен білімді қауым өкілдері, шариғатқа да жат ұятсыздықтармен араластырып, әлемдік арсыздық салтқа бейімдеудің түрлі шараларын, ойын-сауыққа араластырып, екі жүзділіктің (мұнафықтық), сөз жүзінде жындылықтың барлық амалдарын жасап жатқанмен, құдайдың нұры, ірі белгілері, азабы күн сайын, ай сайын шындық қуатының артуымен; надандықпен адамдықтың арасын ажыратып, тозақтық пенделерді бір топқа жинап, халыққа айқындап жатқаны да хақ. Енді бізде құдай тарапынан келген хабарларды ұнемі жариялап отыруды, мүмкін мұндай ібілстің ұрпағына, жамағатына айналып алған пенделер, ағайындарымыз тәубеге келіп, өздерін, жан ұяларын ұрпақтарын құтқаруға, ата жолына қадам басар дегенде үмітіміз бар.

1.Қиямет мезгілінің қуаты артып, жуық арада жеті елге нәубет түседі. 2. Қазақ елінде Бабыралы Бақанас ұрпақтарына сынақ түсіп, түрлі ауру азаптардың белгісі болады. 3. Алдыңғы жазбаларда ескеткендей, Зайсан жақта желдің бағыты өзгереді. Сонан жасыл түсті шаң тозаңның пайда болумен халық түрлі ауру, індеттермен қинала бастайды.4. Мұқтар Шаханов ағамызға құдайдан ескерту келді. Ата жолына келіп, аруақтар батасын алып, бірақ оны зертеп меңгеруден бас тартқан еді. Осындай жоғарғы дәрежелі зиялы қауым өкілдері мен ел билеушілерге де кезегімен ескерту белгілері түсе бастайды.5. Жетілік түріледі. (Сандық, аруақтық сырларын ата жолы және аққу сұңқарлар тарауында баяндалып жатыр)  6. 80-санның сыры ашылады. ( адамзатқа ортақ жасыл қуаттың, Мұхаммед пайғамбардың аруағының тектік белгісі) 7.Амангелді Иманов аруағы көтеріледі және Маңғыстау өңірінде Айтеке би аруағының қолдауымен халық рухани ояна бастайды.   8.Өзбек елінде Зеңгі бабаның аруағының қолдауымен өзбек халқы жаппай зияраттап, қазақ ата жолының үлгісін  дәріптеуге бет бұрады. 9. Қырғыз елінде арандатушылық белең алады.9. Қызылбастар мен бедеуиндер елінде өсетін зейтүн ағашының құнары жоғалып, халық арасында зәрулік пайда болады.

Сонымен жақында Астана қаласында қару- жарақ жинап, ел билеушілерге, ислам дінін меңгеруден бас тартқан қоғамның өкілдеріне  қастандық, бүлік ұйымдастырмақ болған топтың ұсталғанын, қала әкімі жариялап, бірақ оның кім және қандай мақсатты топ екенін жасырған еді. Біз аруақтар арқылы Раббымыздан бұл зұлымдықтың жағдайын сұраған едік; «Теріс пиғылды діннің атын жамылғандардың, құдайға шындығына, хақиқатқа қарсылық әркетерімен мәлім болған лаңкестер арқылы, қызылбас елінен қаражатпен қамтамасыз етіліп, қазақ халқын жаппай қызылбастық, араптық салтқа мәжбүрлеу, исламдық тұрғыда жаппай араптандыру мақсатында шет елден жасалып жатқан әрекет» екенін білдірді. Енді осындай жастардың, ата дәстүрін, аруағын терістеген өз баурларымыздың арасында жат пиғылды «намазхан», «масһабшылардың» көбейуімен, құдайдың хикметін іздеп, түрлі топтарға, қысқа балақ, мұртсыз сақал қойған надандықтың жалғасып, көбейе беретінін ескертті. Яғни табандары тазармай, төбеден жүрекке қара түнек жын қуттарымен жастардың жүктеліп, мұнан тек қана аруақ арқылы халықты жапай түс көргізумен, аяндарға жалғау мен қазақ дәстүрінің адамдық құндылықтарын, үлгілерін қалыптастыру арқылы ғана тосқауыл болатынын білген жөн.

Бірақ, ондай жағдай қазіргі таңда мүлде мүмкін емес. Себебі біздің 15-жыл бойы Ясауи бабамыздан қалған мұраны жалғастырған Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп.т,б даналардың еңбегін түсіндіру мақсатында, аруақтардың аманатын және батасымен жазылған кітаптарды ақпараттық орындарда жариялауға мүлде тиым болып, ал халық арасына тегін таратуға да қаражатпен жәрдем беретін; ар-намысты, жетесі, санасы-кісілігі жетілген іс басындағы, ел билеушілердің шықпай жатқаны жасырын емес. Енді мұндай рухани зобалаңнан тек қана ар білімі, ата жолында тылсымнан аянға, уахиға жалғанып әулиелердің ақ батасына жалғанумен ғана өзімізді рухани өлімнен, ақталудан өткізіп, ұрпақтарымызды аман сақтай аламыз. Сондықтан; « Дүние мен байлыққа онсызда арамданған, ұжадан  арларыңды сата бермей, өз қотырларыңды өздерің қасып үйреніңдер ағайын» демекпіз. (жалғасы бар Қараша 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *