Қиямет уақиғалары, аруақтардың жауабы басталды.

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 46

   Қыркүйек айының қандай уақиғалармен өткені, хикметті себебі белгісіз сынақтардың  да қазақ елінде көптеген белгілері түскеніне халық куә болып отырғаны да сөзсіз. Масһаб діншілері, дін ғалымдары  Құдай пенделеріне уахи бермейді, көріпкелдік деген «серік қосу», себебі Раббымыз қалаған құлына өзінің жіберетін азаптарын, сыйларын көрсетпейді деп халықты пайғамбарлардың, әулиелердің тірі және олардың аруақтары-ғұмыр кітаптары, Алламыздың үкімін орындаушы құдіретті қолынан екенін де мойындамауға шақырып, ата жолын қудалап, соттап, әлі күнге дейін халықты азғыруын тоқтатпай жатқаны да таңсық емес. Ел билеушілеріміздің де діннен бас тартып, заңға шоқынумен жалған тәңірлік «Армагеддондық» әлемдік түнек күштерінің ықпалындағы елге айналдырмақ мақсаттары толық орындалып жатқаны да, мұнан бас тартып, иманға келіп жаратушымыздың тылсымнан аруақтар арқылы беріп жатқан хабарларына мойысұнудан ашық бас тартып жатқаны да хақ.

Керейхан мен Жәнібек Сұлтан бабаларымыздың зиярат бастарын көтеруден де ашық бас тартып, керісінше көшеге мүсін қойып, мал құсатып бастарына гүл шоқтарын, шөп қойып, исламды ту қылған ата-баба аруақтарын мазаққа алудан құдайдың алдын-ала ескерткен уәдесі де орындалғанына куә болдыңыздар. Мұндай жағдайда ел билеушілерден екі пенденің ажалымен және Маңғыстау өңірінде де қазаға ұшырайтын ел билеушілер болатынын, егіннің ысырапқа ұшырайтынын және халық арасында да түрлі түсініксіз оқиғалардың орын алатынын алдын-ала хабарлаған да едік. Сонымен елімізде құдайлық үкімнің орындалуымен мезгілсіз қазалардың, апаттардың да орын алып жатқаны сөзсіз.  Сонда да болса, ел билеушілеріміз де дінші, масһабшы ғалымдарымыз да өз бетінен қайту ойларында жоқ екенін істерімен, ақпарат беттерінде жындылық сөздермен дәлелдеп бағуда.

Жақында тылсымнан хабар келіп, енді аруақтың халықты жаппай түрлі аурулармен қыспаққа алатыны да белгілі болды.  Қазақ жерінде Арыстан баба артында мыңдаған ұшы- қиыры жоқ әскерімен жолдың бергі бетіне өтіп жатқанын өз басым анық көрдім. Керісінше біз жақтан арғы, ақиреттік  бетке қашып кетіп жатқандар да жеткілікті екен. Мұндай аяндарды халық арасында да көріп жатқандар жеткілікті болар. Демек ел билеушілер мен діншілерге халқымыздың ішіндегі аруақтың тылсымнан ескертуіне, құдайдан көрсеткен аян-үкімдеріне қарсы болғандар мен жалпы аруақты, Алланың бейнелеген ғылымын «Алладан басқа, жын-шайтан» дегендерге азаптың, өлім үкімдерінің жеткенін де біліп қойыңыздар.

Сонымен әулиелік аруақтың батасын алып, кейбіреулері аққу аталып, бірақ артынан жаулығын тастап, етегін түріп, шайтаннан болған жындарға айналып, елге теріс үлгі көрсетіп кеткен 49 әйелзатына ажалдың ашық өлім үкімі түсті. Сұңқар аталып азғындыққа түскен еркектер де құдайдың сынынан, азабынан айналып өте алмайтыны да хақ. Ел билеушілердің арасынан да өлім мен жүрек ауруларының артуы жалғаса береді. Аруақтың халыққа жаппай қыспағы түсіп, елдің де мұнан құтылудың жолын іздейтін арпалысы басталады. Орыс халқының еркектерінде өлім артса, қазақтың әйелзатында өлімнің себебі айдан айға көбейе де бермек. Мұнайдың да жерге төгілуімен ескерту түседі. Ел билеушілерге, білімді қауым өкілдеріне, діншілерге халықтың наразылығы да арта береді де арты үлкен толқуға ұласады.

Жаркент маңында халықтың наразылық көтерілуі де болады деген ескерту келді. Ата жолын ашық қудалап, заңмен соттаған заң орындаушыларына да көп ұзамай зауал туады. Мұнан масһабтық және ата жолына аруғына қарсы болған дін өкілдері де аман қалмайды. Қойды қасқырға баққызған, Арыстанның түлкінің айтқанын орындаған әрекетіне енді «қозылар қасқырға қарсы шабатын уақыт келеді» деген ескерту де келді. «Қазақ тұрмас тұрықтап, қызық пенен тыныштыққа..» деген Абай атамыздың әулиелігі де енді орындала бастайды. Білімге шоқынып, ақылдың құлшылығын тастаған ел билеушілердің саясатының да зауалға ұшырайтын қияметтік мезгілі де басталады.

Ақылы толмаған жастардың  іс басына дін басына тұрып халыққа ақыл айтып кетудің ұлтың рухани дамуының тежегіші болатынына 9 жыл ішінде көз жетіп, бұндай саясат ел басқарудан мүлде аласталады. Тарихта бұл қолдан ұйымдастырылған зұлымдық деп бағаланады. Алдағы осы 9 жыл ішінде ел билікке кедей таптың өкілдері келеді. Себебі халықтың қазынасына қол сұғып, ерекше байып, өзін құдайдай көретін бай таптың өкілдеріне де құдайдан сынақ зауал келеді. Тұқымымен бұл өмірден жоғалу қаупі де дәлелдене бастайды. Сондықтан көбісі өздігімен бас тартып, жинаған байлығын ел игілігіне, Алла жолына, ар жолына жұмсайтын мезгілдің де өтіп бара жатқандарын білгендері абзал.

Бұл жағдайлардың алдын алуға да, ел басымыздың от басына да, өзіне де жеке аянмен ескерту берілгені де, біздерге де талай хабарлардың келгені және құдайдың өз уәдесін ешқашан ұмытпайтынын, оны орындауға да құдіреттіекенінбілген жөн. «Аруақ екі айтпайды» дейді әулие бабабаларымыз. Халыққа айтылмайтын хабарлардың да барын әрбір пенденің мұндай қияметтік белгілерді өздері де көре алатын, түстерін жорып, аяндарын қабылдап, ата дәстүрімен  амал, әрекет қылса, қандай азаптан да аруақтардың жәрдемімен құтыла да алатынын білген жөн. Ештен кеш жақсы, деген.Алла тағаламыз ерекше мейрімді әрі қамқоршы да екеніне сене білейік, ағайын! (қазан айы. 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *