Ақылдың кемесі(231)

Бөлім: Зікір өлеңдер 134

Сиясы таусылмаған ғайып теңіз,

Алланың сөзі таусылмайтын ұшан деңіз.

Толқыны бірде қатты бірде баяу,

Ақылдың ақ нұрынан несібеміз.

Пәрменімен тылсымның бір шайқалмай,

Жалғыз кеме ортасында жүзер тоқтамай.

Тоқсан тоғыз әулие, төрт шадияр,

Күндіз түні жан-жағынан қорғар талмай.

Кеме ішінде көп жан бар алаңдаған,

Дұғасы бір Аллаға жалбарынған.

Қисайтпайды қылшығын құласа да,

Алланың хикметімен қолдау алған.

Теңізді ұрар қылыш,өткір  алмас,

Судың бетін тілгілеп бір сәт тынбас.

Қылыштың тиген жері жарқыл шашып,

Нұр енбеген жарқылдан жүрек болмас.

Жандыны шырт ұйқыдан ол оятар,

Дөңбекшітіп ақиретті еске салар.

Жаны өлгеннің күнәсі нұрмен жанып,

Төзе алмаған талайларға азабы бар.

Кемедегі жандардың жаны бөлек,

Деген пенде қателесіп көп шатасар.

Алты жанның бірлігі болып себеп,

Жетіншіге жалғанып жерді басар.

Ішінде алты жанның не керек бар,

Қарсылық қаралықпен жан тартысар.

Дүниенің бар тірлігін атқаратын,

Ғаламат күш, түрлі өнер де бар.

Біліммен жетілген асқақтық бар,

Атақ, даңқ іздегенге құмарлық бар.

Жалғанған әлемнің көп нәсілдері,

Түрлі қылық мінезбен бояу да бар.

Пірадугерге боямасыз махаббат бар,

Жаманды елеп тазартсаң, жақсылық бар.

Адамдық алты жанмен бірлік тауып,

Қадамың ізгілікпен алға басар.

Еріннің сөзін сөйлеп тазармаған,

Ет пері арасынан үнін алған.

Есер сөз періліктен әуре етер,

Құр сенделіс қадамыңды артқа тартқан.

Тері, малын тазартып ақтап алған,

Мал қуатын Алла жолында сарып қылған.

Ерні таза, маңдай сорсыз, көзі ашық,

Жүректің үнін тыңдап сөзін айтқан.

Теңізден несібесін іздейді жан,

Ақылдың кемесіне діл байланған.

Намазын орындаумен сәжде жасап,

Қазақтың дәстүрімен сыйын алған.

Көңілі хош, рахат жайдың дәмін татар,

Аян, уахи тылсымнан хабар алар.

Ғылымын құраннан кілтін алып,

Нұқ кемесін мінген жан, хақты табар.

Сенде бір кірпіш қалансаң орын тауып,

Ақылды әлемнен сарай салып.

Жүрегіңмен жаннатқа енер жаның,

Бір ақыл, бір қуатпен бағың жанып!

Кемеге енбей алты жаны араз болған,

Аян, уахи Құдайдан жоба қалған.

Білімді қару қылып дана аталып,

Адасты дінші, ғалым қубастанған!

Бесті беріп алтыны кімдер алған,

Қазақтың дәстүрімен жіб жалғаған?

Тарқатып Алла жібін қатын құсап,

Жындылар масһаб, тарихат тобын құрған!

(Қаңтар 2019 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *