Иманның нұры көңілде (233)

Бөлім: Зікір өлеңдер 127

Көкірек көзі ашықтар,

Күнәні көрсе қашықтар.

Амалдатып, маздатып,

Иман нұрын лаулатар.

Қиындық көрсе қашпаған,

Қасиетілікке таспаған.

Бейнетке төзіп жасымай,

Шүкірмен қанағатқа тоқтаған.

Ортасын тауып басқарған,

Жүректің үнін тыңдаған.

Жаман менен жақсының,

Арасын тауып саспаған.

Әсем сөзбен әрлемей,

Білімін тәпсір жол демей.

Алладан ілім келтірген,

Төртеуін толық түгелдей.

Ірінің ісін күйттемей,

Кісілігін алып өң бермей.

«Сөзіне қарап, кісіні ал»,

Аманатын баба ескермей.

Орындай білген намазын,

Ізгілікпен екі амалын.

Дін ісі-шариғат жол қылмай,

Ізін басып Ясауи дананың.

Жан ашырлық жүректе,

Туысқандық үзбеуге.

Жеті ата жұртын түгелдер,

Ризалық іспен өліге.

Кездесуге Раббысын,

Сый алуға ғылымын.

Ата дәстүр қолға алып,

Меңгеруге ар ісін.

Тосырқамай, отырмай,

Дамыл таппай, тапжылмай.

Әр нәрсеге зер салып,

Қатасын табар қиналмай.

Жүрек көзі ашылса,

Сарайы тәннің тазарса.

Алла сөзін танитын,

Ұлықтық қонған басына.

Қанаттанып ұжданы,

Жеткені тілек арманы.

Құс жолынан хабармен,

Қуаттанған діл, жаны.

Шүлдірлемей діл түзе,

Аралас сөзбен дін деме.

Түп нұсқаға оралып,

Қысқа сөзбен күземе.

Азап іздеп басыңа,

Орға қайта құлама.

Тән жығылса тазарар,

Жанды сақта онан да.

Күзетшісін иманның,

Сегіз жынынан болғанын.

Кісілігің жарық боп,

Сөзімен Алла нұрлансын.

Шақыр, ізде, арланба,

Жалған кие ойпатқа.

Тегіңнен алсаң қасиетті,

Қосылар қуат ұжданға.

Көңіл мен тәннің баласы,

Періште ұждан қанатты.

Он бес жасар, үш меңді,

Маңдай көзбен көкті бағады.

(Қаңтар 2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *