Білім, ілім және діл(243)

Бөлім: Зікір өлеңдер 120

Ақылды байлап білімге,

Таңсық болма әрнеге.

Білім шығар қарадан,

Ойын тап құран үнінде.

Тереңге бойлап білімге,

Мән бермей жүрсең ілімге.

Тұңғиыққа батырар,

Байланып жалған сенімге.

Әр нәрсенің өлшеуін,

Жұбы, пары түскенін.

Білім мен ілім ортасы,

Ғылымнан ақыл өнбегін.

Құмар болсаң білуге,

Бұл білік еді көрінсе.

Өлшеніп ақыл нұрымен,

Ойын тап сөздің, тегіңде.

Аманат алған Құдайдан,

Бір тілден баста таралған.

Ұлт болып ана тілімен,

Құпия боп жанға жазылған.

Ананың ақ сүтімен,

Ділің үні біліммен.

Ойыңды Құдай өсірер,

Заманға үнсіз тілімен.

Ібіліс бұрып теріске,

Ұрлайды ойды сөзіңде.

Басқарар сені біліммен,

Кісі ғып артық өмірде.

Тәтті сөзбен алданып,

Өсуін жанның тоқтатып.

Періге пенде айналар,

Теріске ақыл байланып.

Дін ісін-шариғат ұстанған,

Болмаса хабар жол-жобадан.

Болмайды жанның өсуі,

Тапсырма алмай Құдайдан.

Тәтті сөзге көп құнықсаң,

Ащысын білмей жұтылған.

Ішіңде қары суықтық,

Бәйшешек өнбес ғылымнан.

Өзге елден сөз алып,

Үнін құран жоғалтып.

Сөзді бұзған жындылық,

Ақылға қазық байлантып.

Тәтті күйді аңсама,

Қызығын дүние жалғанда.

Жамандықпен сыналмай,

Жанатқа лайық жан болар ма?

Тылсымнан салған белгісін,

Жауырынан ашқан есігін.

Ар сауытпен қорғамай,

Ақиретке болмас көпірің.

Ілініп құстың жолына,

Асылып хикмет дарына.

Толық адам боларсың,

Қосылып жарық жаныңа.

Мың есіктің біріне,

Жалғаса жанның жібіне.

Тұтқасын ұстап есіктің,

Ашқаның сырын ілімде.

Орынын тауып сөйлеген,

Құраннан кітап үнменен.

Ғылым тапқан мүмін боп,

Діліңнен жібін иірген!

Орын таппай мақтанба,

Сөзін баба салмақта!

Әр нақылдың астарын,

Үнімен қосып заманға!

Жалғанып сонда жобаға,

Қосасың қуат тағдырға.

Тағдырдан жүкті тазартып,

Көбейтер жанды қауымға!

(Ақпан 2019 жыл)

***** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *