Қалтқылық(250)

Бөлім: Зікір өлеңдер 117

Қалтқысы жоқ қайғысыз,

Қара суға семірер.

Әсершілдік уайымсыз,

Жаңашыл жынды пенделер.

Мұңсыз, ойсыз, зейнетсіз

Сенгенмен сенделер.

Құлай сенер алаңсыз,

Білімді ақыл дегізер.

Адамдықтан қажыған

Әбүйір жоқ ойлаған,

Арсыздықты жөн көрер.

Көппен жерді жалғаған,

Өлілерден риза алған,

Төбеден, табаннан жегізер

Біздерден хикмет көргізер.

Ластықтан жаны тазарып,

Құпия білім-иман келтірер.

Құдіреттен құр қалған,

Ғылымсызға малданған

Жан көбейтпей өлтірер.

Дүние ісін бұлдаған,

Білім жинап мас болған

Мінезімен семірер.

Парықсыздан пайда алған,

Мінезі елді жайлаған,

Болдым дер шын мұсылман,

Әулие ғып өзін көргізер.

Құдай жүзін танымай,

Аян, уахи жоба алмай,

Сеніммен бос тірлік жасаған,

Тура деп қисық жол іздер.

Ілімнің түспей соңына,

Сегізбен түспей жолына,

Біліммен ойды жорыған.

Тәңірді тәңір деп танымай,

Бес қуатты жаға алмай.

Татымсызға табынған.

Үш жүректі қоса алмай,

Қарсылыққа тұра алмай,

Бой өсіріп қоспаған.

Ақ нәсілден ажырап,

Орта топқа ат байлап

Басына азап шақырған,

Оралып артқа қайталап

Тарихтың жібін тарқатқан.

Жақсының ішінен жаманды,

Жаманнан шығар жақсыны

Ажыратпай ақтан қараны,

Енді қандай мін қалды?

Алланың өзін басқа атап,

Жарықты деген қараңғы,

Қазақтық қалтқы жоқ талап!

(Ақпан 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *