Ақталу(251)

Бөлім: Зікір өлеңдер 62

Қара түнек ішке енген,

Ағаратын күн бар ма?

Ауру дерттер меңдеген,

Шипасына жол табарға?

Сенделіспен жай жүрген,

Іздемпаздық бола ма?

Бүгін саусың кім білген,

Ертеңге сенім қыларға?

Сырттан түрткен себепші,

Ішке енбей қояр ма?

Бой өрісің өрісті,

Тіл көз теспей тұрар ма?

Ұят- қуат қысымы,

Алланың бұл ғылымы.

Ұятың болмай күзетші,

Ұрыдан аман болар ма?

Ұяты әлсіз тартылмас,

Жерге табан жалғанбас.

Жанаттан қуат алмаса,

Әйелің сана қосар ма?

Болмасаң ақ табанды,

Рұқынан жердің хабары.

Жалғанбаған аянға,

Жүректер сау болар ма?

Ұялғаннан қысылған,

Баяулап жүрек соғылған.

Жерге кіріп мың шыққан,

Болды ма жайың арланған?

Арлануды жоғалтқан,

Жанын түнек басқаннан.

Тіріле алмай жүргендер,

Дерті меңдеп сандалған.

Өседі тәнде күнәлар,

Іштен қарсы үн салар.

Ақтал айтып қылықты,

Сөзбен жанып жоғалар!

Сырттан түрткен себепші,

Көлеңкең іздеп келмекті.

Үш төрт жылғы әдетің,

Дерт болып қайта енбекті.

Рахметі Алла түсірген,

Құраннан шипа берумен.

Достары Алла біздермен,

Кереметін білдірген.

Жер кезіп тауып ойпаттан,

Досына Алла жолыққан.

Көлеңкесін өткізер,

Құранмен сауда алмасқан!

Әркімнің бар алар жобасы,

Тағдырмен жүгін алмағы.

Жеті ата қауым тазартып

Ақталған текті болмағы.

Өзіңді өзің ақтама,

Сәждем деп бес намазда.

Жол–жобасыз Құдайдан,

Қуат қоспай қауымға!

Мың бір атты күнәға,

Күресу жолы Абайда.

Ғылымды сөзден іздесең,

Нұрына иман жалғарға!

(Ақпан 2019 жыл)

***** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *