Қозғалыс тегі — БІР

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 126

     Құран осы үш түрлі сипаттан нағыз Алланы «Бір Алланы» тану болып шығады. Демек «Рабб, Тәңір, Құдай» – БІР. БІР- Ғарыш. Немесе Жетілген адам. (Ибн. Араби) Бір — жүрек, егесі жалғыз АЛЛА. Адам баласын үнемі екі жартыдан жарататын БІР бүтінге айналуды бұйырып дінді аманаттаған.
Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне көл,
Единица нөлсіз-ақ,
Өз басындық болар сөз,
Единица кеткенде не болады өңшең нөл!
Бірсіз тірлік жоқ екенін Абай атамыз да ескерткен екен. Ендеше қандай да болсын жаратылыс нәрселері немесе қозғалыс, қуат бірден бастау алады, барлық жерде Алланың Бірлік сипаты бар. Ендеше бір біздер үшін тіршілік басы, өлшем үшін пайда болған дайын шама. Бірді жаратушы тек жалғыз Алла. Алла сипаты бірден жоғары. Жаратушымен арадағы жоқты жалғап тұратын біздер үшін есеп басы және тіршіліктің түп негізі ретінде қарастырамыз. Атау негізі сөз басы. Бір Алла десек сандық мәні таңбамен, дыбыспен жеті белгіні айтамыз. Яғни Фатиха сүресінің ұғымын береді. Ішкі сыры 17-ні белгілеп Ісра сүресінің ишарасын беріп тұр. (Алдағы басылымда есебін көрсетеміз). Ал қазақтың дін ғұламаларының сөзімен Бір Аллаһ десек дыбыстық сыры түгіл (фонетика) тәңірлік сипатты да бере алмай ортақ қосып серік қатуға тура келеді. Әзірше бұл жаңылтпаш бола тұрсын, алда «Сақ болыңдар, Алла есепшілердің ең жүйрігі.» деген Құран ақиқаты ашылады.

      Ақиқат ашылса бүгінгі шын қайда қашарын білмей қалар. Енді бір нөлден немесе жоқтан пайда болады. Қалай? Адамзат ақылы оған жете бермейді. Сондықтан тауық бұрын пайда болды ма? Әлде нөл сипатты жұмыртқа ма? Жаратылыс егелері үшін соңғы нәтиже қайта бірге айналамыз. Ол үшін өлу керек те нөлге айналып қайта басқа жағдайдағы бірден бастаймыз. Ислам дінінің мақсаты бірлеу, яғни әлем халқын қайта ізіне бірге әкелу болып тек қандай бірге айналу ғана әзірге бұлыңғыр. Ол үшін қасиетті кітаптар сырына үңіле білу керек. Қай сырдың да соңғы нәтижесі 0-мен немесе 1-мен тұжырымдалып «бүтін», «толық» ұғымдарын береді. Егер де Құранда; «Тәңірлерің бір тәңір» деген ұғымды (Тәңір=5+ Тәңір=5)=10 болып, Субханалла, Әлхамдулла, Аллауақбар; 10+10+10=30 параның мәнін көрсетеді. Аллатағала=10 болып бірлеу сипатын берсе, Аллаһтағала=11 елшілік санды беріп ортақ қосуға жатады. Адам баласы үшін бір тілден басталады. Ана тілі бірдің басы, Рухтың бастауы. Құран оқып ата-аналарымызға Құран бағыштағанда; «Адам ата, хау ана, жер ана, су ананың рухына» деп рухтың төрт сипатын келтіреміз. Олай болса Рух та Бірден пайда болады. От, су, жер, жел төрт негіз Алланың нұры Раббтан яғни бірден пайда болмақ. Олай болса жоқтың іші төртке бөлініп әрбір төрттің ішінде 25 болып адамзаттың бүкіл ғылымы осы шамамен ғана өлшеніп өсіп-өркендейді.

      Құранда негізінен басты 25 пайғамбарлардың өмір сүру, тіршілік қағидасының бастауы болып саналуы осы сырдан деп білеміз. Сондықтан да Әл-Фараби бабамыздың 4=5 деген Ми заңдылығы алда Құранды зерттеудегі басты қағида болады. Кітапты оқудың да екі тәсілі болып, тағы төртпен шамасын анықтаймыз. Жад, жете, санада тоқу, үгітін, мағынасын түсіну. Құран аяттарын жаттау миға жазылады, іс-қимылға айналса қанға жазылып жете деп аталады. Әрбір атаудың өз сандық мәні бар. Сандық мәні болған нәрсенің жаратылыс егесінің сыйымдылығы немесе өлшемі бар. Жетені Құран аяттарын жаттап алып толтырса білім сыймайды. Ал білімді мәнсіз тек оқи беріп жетеге жазу да адам баласын белгілі жоспар жазылған тамақ жейтін, сөйлейтін аспапқа айналатыны даусыз. Сондай тықылдайтын аспаптарды қазір көшеден де мешіттерден де, үкімет орындарында кездестірсек, ал шет мемлекеттер түгелге жуық тек қағазға қарап жазылған заңмен өмір сүретін елге айналуға жақындады айналды да. Адам баласына сананы қалыптастыру үнемі жұмбақ болып, намаздар амалдары замандарға қарай толықтырып кейбір амалдар есебін толықтырып немесе мүлдем өзгертіп отыру керек. Ол үшін үнемі санаға жарық керек. Ол жарық жанға тәуелді. Ал сананы өсіру үшін адам баласының зейінін қалыптастыру керек. Зейін құлшылық амалдары, ізгі істер мен хайыр жасау арқылы зейнеттеледі. Тек зейнет алу әр халықтың тіліне, ділдік шамасына, әдет-ғұрпына тәуелді екенін европашыл, арапшыл қазаққа ұқтыру қиын. Зейнет – сызықтық шама, ол әр пенденің бойына тәнге тәуелді. Демек өскен туған жер мен қоршаған ортасына, аспанына жіпсіз байлаулы. Ғұмыра ғылымымен жүйелейтін болсақ, тек арап еліне бару керек деген надандық болып шығады. Онда адамда кіндік қан (стволовоя клетка) болмау керек. Сондықтан Құран үгітін түсінгісі келген қазаққа тек ана тілінде қайталап оқу арқылы сананың тазарып зейін іске қосылып, аят сырының сөз астарын түсіне бастайтын қасиет пайда бола бастайды. Себебі тіліңіз кіндігіңізге тәуелді. Тілден, туған жерден (ғұмыра, зират) алшақтаған пенденің қаны бұзылып, кейде басына шауып өмірінің арты қайғымен аяқталатыны сөзсіз. Тәнді сыртқы өрістің, иістің, сәуленің әсерінен қорғана білу үшін дәрет, киім атты ғылымды меңгере білсеңіз ғана сүйектің өрістік сипатына байланысты ғана адам сыртқы өрісі «ҚАБ» (Аура) немесе мәңгілік «БАҚ» болар. Бақ та, Қаб та, Бір де үш таңбадан тұрады. Яғни сыр болып мезгілдік сипатқа тәуелді. «Оқу»-үш, «Тоқу»-4 болып сондықтан болар, аталарымыз кезінде «Оқығаннан тоқыған озар» деп ескерткен екен. Құранды арапша оқу, меңгеру жад білімін қалыптастырғанмен жете өспей, жеті айтса да түсінбейтін мәңгүртке айналу ғажап емес. Діннің ортасымен жүре алмаса апиын болып үнемі өзіне-өзі мәз болған мастардан ғана «террорист» жастарды шығаруға болады. Ал қазақша оқып үгітін, мағынасын түсіну сананы тоқуға, өсіруге, ақылды қалыптастыруға болатынын, Құранды қазақша оқи білгеннің сөз астарын меңгеріп тоқи білуді меңгеретініне кәміл сенімдімін. Сондықтан да жаратушымыз «(Мұхаммет) саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың. (6) Бірақ, Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу көместі біледі. (7) Саған оңай болғанды қолайластырамыз.(8) Пайда болатын болса насихат ет. (9)» (Ағла) Негізінен Құранды жатқа білу Алланың қалауы емес, Алланың қалауы қиында, ғылымында, сондықтан пайғамбарымызға тек сол заманға байланысты оңайларын ғана көрсеткен. Сол көрсеткендерді ғана пайғамбарымыз насихат, яғни хадиске айналдырып өсиет еткен. Демек намаздар амалдары уақыттар өте замандарға тәуелді түрде күрделеніп отырады деген ұғым. Ал пайғамбарымызға құранды жатқа білу міндет болу себебі ол кезде жазу- сызу және дыбыстарды толық таңбалау жетілмеген еді. Және жадта сақтау құран аяттарының өзгеріске түспеуіне септігін тигізді.

      Пайғамбарымыздың уақытында Құран аяттарының ғылымын ашу да мүмкін болмады, себебі ол уақыттағы халықтың білімдік дәрежесі де төмен және ғылымның да ислам дініне байланысты өркендеп дамығаны тарихтан мәлім. Сондықтан да пайғамбарымыз тек Алла тағала аянмен көрсеткендерді (аяттар түсінігін) ғана ізгі істерге айналдырған және ғылымын құпиялап өсиет еткен. Кейбір зерттеуші ғұламалар, сопылар, машайықтар өз білімімен аят түсініктеріне өзгерістер, толықтырулар енгізіп құлшылық амалдарына да толықтырулар, өзгерістер енгізе білген. Сондықтан да аятта; «Сосын ол Кітапты құлдарымызға таңдағанымызға (елшілерге, тақуалар) мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізді де кейі ортада (халқының ішінде) болды. Міне осы, ұлы мәрхамет.» (Фатыр-32) Алла тағала тарапынан таңдалған елшілер өмірден Құран құпияларын меңгеріп мәрхаметке бөленіп әулие атанған, артында өшпес із қалдырған да, кейбірлері өздеріне зиянын тигізіп артынан ерген елді де адастырған. Сондықтан кейбіреулерге дін-қиянат, дін-апиын өлшемін білмесе! Тақуалардан да өз ортасынан шыққан елшілерге ере білмегендер, өз дін ұстаным ортасын сақтай алмағандар өзіне зиянын тигізіп артынан ерген шәкірттерін адастырды. Қай ел болмасын сөз ортасы «сауда». Діннің бір сипаты жаратушымен екі ортадағы құпия сауда. Сондықтан деніңнің сауында саулықтарыңның амандығын сұрап саудаласа білмесең өлер алдында немесе қасіретке, ауруға ұшырап саудаласу ақымақтық. Сауда сөзі ұлтыңмен ғана байланысты; ақирет саудасы, өлі мен тірі арасындағы сауда, пенделер арасындағы, туысқандар арасындағы сауда, ата-ана мен ұрпақ арасындағы сауда, ерлі-зайыптылар арасындағы сауда. Демек барлық құлшылық өз ортаңда аман-сауыңда атқарылады. Саудамен ғана деннің саулығы (тәннің емес) өлшенеді. Алланың негізгі қозғалыс тіршілік басы 4 періште сипатына 4 түрлі іс-қимылдарды сіңіріп кеңітіп Бір сипатқа өзінің біліміне айналдыруды Алланың нұры немесе Бір Алланы тану дейміз. Аятта; «Алланың қасында рұхсат (РҰХ-САД) берілген біреуден (БІР-ЕУ) басқаның шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну (қаралықтан, шайтаннан тазару) кеткен кезде, өзара; -Раббың не айтты,(аян, уақи)- десе: -Хақты (Құранды) айтты-деседі. Ол Алла, аса жоғары, тым үлкен.» (Сәбә-23) Ол Алла аса жоғары тым үлкен болса біздің жүрегімізде тұрған жаратушымыздың бірлеу сипаты Раббымыз бізге айтып Құраннан ақыл беріп шапағат береді екен. Қазақ сөз құпиясын білген даналарымыз бақилық болып, ал дінді меңгердім деген ғұламаларымыз арап таңбасына байланып 28-бен ойланса, солай сөйлеп басқа елдің көшінің шылбырын ұстап, қосын жекқендер ортада қалып шерік, серік, ортақ деген қақпан құрып адам аулап кетті.

      Негізгі адамзатқа берілген жалпы сананың тұғыры- 30. Құран 30-параға бөлінсе, Тәурат 30+10 40-тан тұрады. 10 саны Адамзатқа берілген білімнің, ғылымның саны. Төрт кітаптың саны 100-ге тең болып, тағы Ашық кітап саны 100-ге қосылып 200-ді игеру адамзатқа берілген жүктелген аманат. Сондықтан Бір Аллаға құлшылық қыламын десеңіз Алланың жүзіне, нұрына құлшылығыңызды арнайтыныңызды айтқан боласыз. Алла мен жердің арасы мың жылдық уақытты құрайтынын естен шығармаңыз. Бір десек 100-ді меңзеп, жүздің оң-солы, жұп-тақ мәні болу шарт. Тағы төрт бағыты; оңтүстік, солтүстік, шығыс, батысы бар. Енді неге 100 Алла деп айтпаймыз деген сұрақ туады. Онда Аллаға серік қосу болып шығар еді. Сөз құпиясы «Әліф лам мим» деген ескерту осыдан шығады. Ұғымын Алла біледі емес, Бір Алламен есепте болмаса сақ бол деген. Бір жаратылған деген ұғым, яғни жоқтан кейінгі оның қалай пайда болатыны адамзатқа беймәлім. Есеп ғылымында Бір+Бір=11 санын алуды адам баласы меңгеру мүмкін емес, ол тек жаратқанның есебі. Адамзат қанша ғылымды меңгеріп бәрін білемін дегенмен О-ден бірді шығаруды білуі мүмкін емес. Онда өліден тіріні айырып алу қолдан келер еді. Ал 100 дегеніміз бірден кейінгі тағы беймәлім екі рет жоқ болудан пайда болғанын ескертеді. Сондықтан осы жүздерге байланысты кітаптарда үгіттің, насихаттың, рахметтің, шипаның сандық мәндері, шешу амалдары бар. Құран үгіті 32-мен шешіледі. Тек осы-32-нің сөз құпиясын шешкенге, құлшылық реттік жүйесін сақтай білгенге ғана мәрхамәт болар деп ескертеді аятпен. (Келесі басылымда сандар құпиясын көрсетеміз, негізінен 32–ана тілімен байланысты даналық.) Енді 28-ге 4-ті көбейте білгендер ғана (Төртеу түгел болса) тура жолға бағдар алар да Алла тағала тарапынан белгі түспек. Отыз екінің құпиясын шешу үшін 32 рет Құранды оқу керек. Арапша өз бетімен аударып, 32 рет түсініп оқу, әр сөздің 4 мағынасын тауып тиістісін алып отыру, адам баласына әзірше жазбаған ғұмырың да жетпейді, оны тек Әзіреті Сұлтан бабамыз жер астында жатып меңгерген Раббымыздың көмегімен. (Аян алу тәсілін меңгеріп.)

       Сәни дәптер құпиясын түсіну үшін әуелі Құран аяттар сөз астарын меңгеріп, сонан кейін сөзді таңбаға, таңбаны санға, санды алып санаға салып, үнемі 3-тің 2-сін немесе әрбір 30-дың 2-сін қосып, ақыл дәптерін меңгеру арқылы Құран сырына, ғайыпқа саяхатқа шыға аламыз. Алдағы басылымда есептік жүйесімен берілетін сандар сырынан мысалдар келтіре кетсек; Фатиха сүресінің алдында Бір саны болса 1+6(фатиха) =7 және 7 аятты қоссақ 14 болып жалпы құлшылық немесе оттың санын береді. Бірінші сүренің тағдыры 14 санымен жазылғанын білеміз. Демек оттың құрамында 7 желдің (қозғалыс) бір дауыс, бес дыбыс (сыбдыр) алты таңба бар екен. Жалпы тілді зерттеген әлем ғұламалары сөз екі белгіден туындайды деп тұжырымдайды. Ал Құранда нақты сандық мәні бар. Әлемнің бар ғұламалары да қателескен! Әр нәрсені жұп қылып жаратқан жаратушымыздың Құран сүрелерінің сандық мәнінің екінші жұбы болса, сол сияқты аттарының да екінші мәні бар деп біліңіз. Әзірше көрініп тұрған сан мен таңбаның мәнін білмей қазақ дін ғұламалары кез-келген сүреден кез-келген аятты алады да ұнаған сөзін ойып алып жаратушы атынан пәтуа беріп өзі адасқанымен тұрмай халықтың миын ашытып сол пәтуаға ғалымдар да, әкімдер де нанатын болды. Сөздің ана тілінің киесі соғып жатыр деп түсініңіз. Сол сияқты ақылдың, естің, ойдың, тілдің, ділдің, ұлттық нәсілдердің де шамасы, өлшемі бар емес пе? «Білмеген ұят та, айып та емес. Бәрін білетін ешкім де жоқ. Бірақ өзің білмейтін нәрсені білетін құсап көріну-ұят һәм зиянды.» (Лев Толстой) «Мен өзімнің ештеме білмейтінімді ғана білемін. Бірақ басқалардан айырмашылығым; олар ештеме білмейді, бірақ өздерінің түк білмейтінін білмейді. Ал мен өзімнің дым да білмейтінімді анық білемін.» (Сократ).
Енді сіз өзіңіздің әулие бабаларымыз білгенді білмейтініңізді, ал араби дін танытушылардың түк білмейтінін білгіңіз келсе; «Кел қазағым, Бір Аллаға жалбарынып Құранды еліміз болып қазақшасын оқиық, оқығанды көңілге құлшылықпен тоқылық!» демекпін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *