Қазақ дін танымы.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 58

     Қазақ даласының қасиеті қойнындағы байлығында, оның топырағында. Тек бір ғана ұлттың мүддесі емес адамзат баласын арашалап қалу мақсатында өзі үшін емес өзге үшін өмір сүріп артына бағасыз асыл мұраларын қалдырып кеткен Әзірет сұлтан Құл Қожа Ахмет Яссауий, Абай, Шәкәрім, т.б. ақындарымыздың, билеріміздің өлең, өсиеттерін құлаққа сіңіріп, әулие, киелі кемеңгерлеріміздің тылсымнан беріп жатқан өсиеттерін жүрегіне сіңіре отырып Жаратушы иеміздің бізге түсірген үгіт насихатқа өз мәнінде түсінуге болатынына әрбір талағында биті бар пенденің көзін жеткізіп санасын ашуға болатын заман келді деп біліңіз. Ол үшін кез-келген келімсекке немесе ақыл айтқыштарға көзді жұмып ере бермей тарихқа зейін қойып, ноқтаны шешіп, ойды азат етіп, жүректі тазарту амалдарын іздеген абзал. Әрбір танымал болуға тиісті нәрсенің түпкі негізін тарихын біліп болшағына көз жеткізу үшін тек ғылыммен ғана өлшену керек. Сондықтан халыққа ортақ тұрған асудан асып ақылға қойылған бөгетті бұзған абзал. Сол бөгеттердің жалпы сипатына тоқталайық.

       Жалпы адам баласының табиғаты әу баста билік құмарлықпен ерекшеленеді. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы басын әр жартасқа бір соғып, енді егемендік алып өз жолымызды тапқандай болдық. Әрине арамызда таққа таласу, Алла тағаламыздың берген мол ырзық несібесін қойын-қонышына толтырып молырақ алып қалсам деп ашкөзденіп сол үшін өз ағайын-туысын, бауырын қансыратып талап жатқандарымыз да жеткілікті арамызда. Бірақ киелі топырақтан жаңбырдан кейін қаптап шығатын саңырауқұлақтай киелі ұл, қыздарымыз да күн санап өсіп жатыр. Құдайға шүкір мешіттер ашылып, имамдарымыз да жасарып, көгілдір экраннан да жас жігіт, қыздарымыз халыққа уағыздар айтып жақсылыққа, Аллаға бет бұруға шақырып жатыр. Ғылым мен дін арасының аласапыран соғысы жүріп жатыр. Негізінен бұл адам баласының бүкіл тіршілік мазмұнын қамтитын аса күрделі оқиға. Бұл оқиғаға кірісіп, оның шындық мазмұнын түсіну үшін діннің де, ғылымның да барлық тарауларын түбегейлі тексеріп терең білу қажет. Ондай болмаған жағдайда тиіп-қашып, үзіп-жұлу арқылы бүкіл ғаламдық мәселеге кірісуге бола ма? Ал білімім жеткіліксіз екен деп ғалами тартыстан бой тартып тысқары қалу керек пе? Бүкіл әлемді меңгерген ғалым болу әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл бір. Екінші жағынан шала-шарпы білгеніңмен өзің ғана адасып қоймай, өзгені де адастырасың. Оның арты дүмше молда дін бұзар деген. Адамдық ардың алдында онан өткен қиянат болмайды. Ғылым болсын, дін болсын, саясат болсын — бәрі де адамның өміріне байланысты туындайды. Онда адам білгенді адам білу керек емес пе. Ендеше әрбір адам баласында өз тарихы, тағдыры, дәстүрмен жазылып күміс жіппен кіндік арқылы жерге, орай арқылы айға байланған.

      «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (Ісра – 82.) «Әуелден дұға, бақ қонған. Назар салсаң шамалап, Әруақ орны құр жатпас!» дегендей жаратушымыздың рахметі жауды қазақ жеріне, еліне. Соны сезгендей бүкіл жер әлемінің діндері, мәдениеті де келіп зиянын тигізіп жатыр. Көзі ашық зиялы қауымымыз сұхбаттар жасап бұдан шығар жол «ғылыми пассионаризм» (яғни Пассионарлық әлемдегі дамудың жетекші рөлін атқару болады. Басқа халықты соңынан ерту.). Саясаттағы белсенділеріміз: «Өркениетті ел боламыз, ол үшін шексіз бар қазақты байыту!»,- деп ұрандап жатыр. Меніңше өркендеу үшін Алланың ризашылығына ие болу керек сияқты. Тарихқа жүгінсек мәдениеттен алшақтап өркендеп кеткен елдерді үнемі мәдениеті, әдебі, тәртібі қалыптасқан елдер жаулап алып кейде жойып та жіберіп отырған. Өркениет пен мәдениеті жоғары елді жаулау тарихта кездеспейді. Оның себебі өркениетте шек те, шекара да болмайды. Демек белгілі салттық сипаттық қағидасы болмаса адамгершілікке, өсіп-өнуге, тазалыққа зиян тигізері даусыз. Үнемі биікке өрмелеудің бір ғана мақсаты бар, ол төмен қайта түсу немесе құлап өзіңді-өзің өлімге байлау. Тарихтан жиған үлгісі мен ізгі істерін жоғалтпай белгілі қарым-қатынастар шегінде өмір сүруді ғана мәдениет деп атаймыз. Оған күзетші бабалардан қалған даналық сөздер болу керек. Енді қазақ сөздерінің әрбір сөзінде, мақал-мәтелдерінде Пайғамбар хадистерімен ұштасып жатқанын әрбір тілін қадірлеп, қастерлеп ой жіберген саналы адам ұға алады. Себебі «өркениет» дегеніміз тек материалды даму емес ғылым, білім қоса дамып, ол ниет деген рухани даму болады. Рух пен Рұх сөзінің мағынасын ажырататын уақыт жетті. Рұх рухтың нәсілдік сипаты болады. Рух әлемдерге ортақ ұғым. Сондықтан біздің өркениетті ел деп отырған Европа мемлекеттерінің көбі сөз жоқ экономикалық өркендегенмен «ниеттен шығыстан қалыс қалған екені айдан анық көрініп тұр». Европаның философ ойшылдары «Европа на грани катастрофы, нас спасет только исламская вера» деп жар салғанына қаншама уақыт болды. Франция мемлекетінде 85 мешіт салынғанмен үкімет тарапынан наразылық болып мұсылман киімдеріне тыйым салып сол мешіттерге баратын адамдар болмай жатыр. Америка мемлекеттерінде шіркеулер сатылып кейбіреулері жын-ойнақ мекемелеріне айналып жатыр. Енді алдағы уақыттарда діннен ажыраған Америка, Франция, т.б. алпауыт мемлекеттер өзінен-өзі табиғи апаттарының қирауына ұшырайды, ұшырап та жатыр. Құрлықтар бөлініп ыдырау, құлдырау қаупінде тұр. Бұл мұсылманның қасиетті кітабында ашықтан-ашық жазылған. Шәкәрім атамыз айтып кеткендей:
«Арамды адал десе кім болады?
Қазақтың сөзі қашан шын болады?
Алдау үшін қаруы – Құдай аты
Япырау, осы қайтіп дін болады?»
дегендей жаратушымыздың ризашылығын алу үшін бүкіл халық болып ұлттық салт-дәстүрге бет бұрып ниеттену керек. Сонда ғана жанұямыздан бастап мемлекетімізге дейін «өркениеттіге» айналатынымыз хақ. Онда да өзімізге тән дәстүрлі дінімізді тапсақ қана. Неге дейсіз? Басқа мұсылман мемлекеттері де бізден жақсы өркендеп кетті деуіңіз мүмкін. Оны білу үшін тарихты зерделеу керек. Сол түркі әлемі Әзірет Сұлтан Құл Қожа Ахмет Яссауий ілімін ұстап қалғаннан ғана дамыған. Бірақ салыстырып қарасаң дәл қазақ еліндей Алланың нығметіне еге болып қалған мұсылман мемлекеті жоқ. Халық санына шаққанда, жер байлығымен салытырсаң да тең келмейді. Шөп қурағанымен тамыры қурамайды дегендей қанша орыстандық, дінсіздендік дегенмен сол тамырдың қайта көктейтін кезі жетіп оған нәр қозғаушы күш Алланың нұры жауды. Өліктер сөйлеп жатыр. Ата-баба рухының батасымен ел қайта көгере бастады. Құран Кәрімде: «Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар» (Ағраф – 181). Топ дегеніміз мұсылман елдеріндегі ең аз ұлт өкілі емес пе? Және мына белгіде «Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етуі, сөзсіз Алла өте күшті тым үстем» (Хадит–25). Кісінің сипаты екі; бірін түсіңде көрсең, бірін тек көрмей дауысын естисің. Алла тағаланың құдіреті сол діннен адасқанда батаменен естіртеді.

     Қазақ елінен елшілер тағайындалып адасқан халықты түзетіп те жатыр. Тек халықты арап арқылы немесе мешіт арқылы ғана жолға салу керек деп жақсылыққа бастаған әрбір қадамға қуанудың орнына, керуен тосып қаралай алауыздықты тудырып үркітіп жатқан Ібілістің қызметшілері, надандар жүр арамызда. Алда Құран арқылы дәлелдер келтіріп, әлі талқыдан өтіп анықталатынын уақыт еншісіне қалдыралық. Осы кітапшаны шығаруға ой түрткі болған қадам Тарыбайұлы Қыдырәлі бастаған «Ақ жол» қозғалысына керуендетіп ойын–сауық қумай шапқылап, бір адам болса да өз бақытын, өз жолын табуға, хақ дініне қайта оралуға септігін тигізіп жүрген қазағымыздың жас ұлдары мен қыздарына ризашылығымды білдіре отырып, осы жолдың қозғаушы ірі белгісі, яғни Алланың берген мұғиджасы, хикметі «мөр салу», «жүрек ашу» және оны меңгеруге тәрбиелеу болып табылады.

      Негізгі қағида ғарыш үнін есту, яғни өліктермен тілдесу. Бабалар ескертуімен батаменен бағдар алып, 9 жылдық сынақтан өткен әрбір адамның басында болатын бір ерекше құбылыс жетістік болуы керек. Ол үшін де 9 жылда 21-ді меңгеріп жаратушыдан 30 пара нұр сипатын Құранды алу керек. Қазіргі таңда аталар батасымен нақты нәтижесі көріне бастады. Тылсымнан әр адамның еңбегіне, рухани өсуіне қарай беріліп жатқан саты дәрежесіне қарай, ат алу сияқты құбылыстар болып жатыр. Бұл әрине бата тыңдап Ақ жолдың ақиқаттығына күмәнсіз сеніп жүргендер арасында зерттеліп, пікір таластырып барып жазылса дұрыс болар. Себебі бұл кітапшаны оқыған адамның бәрі бірдей түсіне бермейді. Әр адамның жүрегінде «күмән» деген болады. Ал жүректің нені ақ, нені қара екенін дәл тауып ажыратуы үшін жүрекке нұр керек. Қанша ғылым қусаң да, ақылдымын деп жырдан тау тұрғызсаң да, дерттің дауасын табатын сөз, іс шығару тек нұр жинаған жүректен ғана шығады. Кейбір қазақтардың: «Жүрегім таза ғой, маған осы болады», — деп жүргені осы нұр болуы керек. Бірақ ғылымда нұрдың өлшемі де, баламасы да, бағасы да әзірше жоқ болғанымен қасиетті кітапта сандық мәні де тіптен зираттар басынан бейнесі де көрініс беріп жатыр. Бәрін тек Бір Алла біледі деп жалтару надандықты тудырады. Жаратылған нәрсенің ғылымын біліп, меңгеру адамзатқа парыз. «Жоғарғы білім беруші мектептердің әдістемелік жүйе деп аталатын сандырағы есті адамды толғандыратын сұрақтардың жауабын табуға емес, түбегейлі мәселелерді түсіндіруге емес, керісінше жалтаруға үйрететін ортақ келісім. «Білмеймін» деген қарапайым сөзді акедемиялық орталарда есту қиын, оның есесіне ғалымдар мағынасы екіұдай, бұлдыр бірақ «ақылды» естілетін ұғымдарды қолдануға шебер.» (Кант) Ерекшелену ғалымдыққа лайықты іс емес. Адамдардың міндеті адамдарды алаламай, тегіс бірдей көру. Сондықтан білімнің де ілімнің де мөлшері емес, оның сапасы маңызды. Ең қажеттісін (сол тілді меңгермей-ақ) білмей-ақ өте көп нәрсені меңгеруге болатынын естен шығармай, әркім білген, көпке тараған, көрінгеннің қолында болған заттың құны түседі. Сондықтан да ақиқатты тануға басты кедергі өтірік емес жалған шындық,
Елге көнсем, ақ жолдан адасамын,
Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын,
Тек отырсам тепкілеп шыдатпайды,
Енді қайтіп бұл елмен жарасамын.
Бір момынның ұстасам түзу ісін,
Жөндейін деп ғарыптың жөн жұмысын,
Ақтан безген ары жоқ өңкей залым
Ырылдатып жабады ит пен құсын.
Көп төбетке жетеді қайдан күшің,
Құтқара алмай адалды пысады ішің,
Қабағыңды қаққанша қас болады,
Жақыным деп болысып жүрген кісің…

Несін сүй несін сүймен, ерік өзіңде,
Нәпсің де, ақылың да тұр көзіңде.
Сынау үшін жаратқан бір ие бар,
Тексермей қалмайсың бір кезіңде…
Ең түпкі жаратушы мінсіз-ие,
Күш, білім, шеберлікті іс білгізер,
Есті мінез-шебердің ісі емес пе?
Ұлықтарша қорқытпай законменен,
Молдаларша теңгермей кәпірменен
Егер сөзім қонбаса көкейіңе,
Жығатын дәлеліңді айт ақылменен,
Ар, Ынсапқа не жауап берер едің,
Түзу істі қисайтсаң тақылменен? (Тәпсір, шала білім)
Шәкәрім.

     Енді қазақтың қазіргі ахуалы әулие атамыз суреттеген кезеңмен тұспа-тұс келді десе де болғандай. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп кезінде науқаншыл атқамінер қазақтың өз ұлтын аштыққа ұшыратып халықтардың қырылуына соқтырса, енді сондай науқаншыл бауырларымыз елді рухани аштыққа әкеліп есі бар пенде қан сонардан із кесіп кетті. Кімнің айтқаны дұрыс ұғынудан қалғандар енді өзін-өзі мазаққа, азапқа ұшыратып, әйелдеріміз арсыз киіммен жалаңаш әулие басын аралап, Алланың ақ үйіне де боқауыздарын көрсетіп барудан тайсалмай дінді мазаққа, ойын-сауыққа айналдырса, ер азаматтар бес жасар баланың шайтан дамбалымен Құдайдың құдіретіне күмән келтіре бастады. Әрина оның арты Алланың азабы жазылмайтын аурулар, мүгедектік, өкпе құрты, әйел мерез аурулары мен ең оңайы белсіздікке соқтыратыны даусыз. Нанбасаңыз Құранды оқыңыз. Дін ғұламаларымыз шайтанды бір жаратылыс егесі қылып суреттейді де аруақ жоқ деп нандырады. Жалпы шайтан  Құран бойынша адам баласында болатын келеңсіз қылық пен мінез көрінісі болса, соған қарсы мінездің бір сипаты аруақ. Егер аруақ жоқ болса шайтанның да жер бетінде тіршілік етуге құқы жоқ. Қарсылық заңы. Тек сол арқылы ғана адамзат жақсы мен жаманның арасын ажыратып, адамдық мәнін ұғып, өсіп-өне алады. Ал мешіт қағидасына келсек; сәжде бес уақытпен ішкі бес шартымен жалбарыну амалын, жұмамен қосқанда намаз оқу деп аталады. Ал намаздарды орындау төрт кітаптың тіршілік амалдарын пайғамбарлар көрсетіп кеткен ізгі істерді ата-баба аманаттарын қосып орындауды намаздарды толық орындау деп аталады. Ең басты амалдар ана тілімен байланысты Інжіл қағидасы мен Ғайса пайғамбарымыз көрсеткен тазару амалдары болып есептеледі. Болашақта Құран арқылы дәлелдейтін теолог әулие атамыздың Ясауи бабамыздың салып кеткен ізінің сипатының жұмбағын шешіп көріңіздер демекпін. Құранды түсініп оқи білгенге қиындығы жоқ.
Арақ-ақыл, мастық-ой, жар-хақиқат
Жан-нәпсі, шатақ-иман, дін-қиянат.
Маскүнем, әйел сүйгіш, дінсіз ғой деп,
Сырын білмей сыртымнан қылма ғайбат.
Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,
Дәлелсізге нанам деп болмаймын мат…
Ақылыңа сынат деп дәлел айтқан
Құраннан табылады талай аят
Тәпсір деп қасиетін талқан қылып,
Бұзғанмен құран болмас адасқан хат.
Шәкәрім атамыздың осы жұмбағының; Арақ, Ой, Жар, Жан, Иман, Дін сырларын шешіп бірлей білген адам баласының Құранның түсінігі бар деп есептеуге болады. Болмаса тәпсірдің тақылына ерген көп наданның бірі болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *